Сабақтарына қатысты. Коучинг барысында «Сіз сабақ берген бірінші күніңізде оқушы сізге «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз»



бет1/5
Дата29.12.2021
өлшемі24,2 Kb.
#106119
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
педагогтарға арналған тренинг
педагогтарға арналған тренинг

 Осыдан кейін жас мамандар «Оқу мен оқытудағы қиындықтар мен кедергілер және оларды жою жолдары» тақырыбындағы  химия пәнінің мұғалімі Д.М.Абуталиеваның және мектеп директоры Б.Т.Қыстауовтың  жүргізілген коучинг сабақтарына қатысты.

Коучинг барысында «Сіз сабақ берген бірінші  күніңізде оқушы сізге «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді. Сіз не деп жауап бересіз?», 

« Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай тақырыпты дұрыстап түсіне алмай мұғалімге: «Мұғалім, мені келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?» Мұғалім не деп жауап беруі керек?», «Оқушы мұғалімге осы пәнді дұрыс түсіне алмайтындығын айтып: «Мен не алаңдататынын айттым, мұның себебі және не істеу керектігін айтыңызшы». Мұғалім не деуі керек?» деген ситуациялық сұрақтар таратылып,

жас мамандар өз ойларын ортаға салды. «...Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»,-  деп А. Байтұрсынов айтқандай  жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдер таныстырылып, талқыланды. Коучинг соңында «Екі шабадан» кері байланысы ұсынылып,  ұстаздар өздері үшін алған және келешекте қолданатын ақпараттарды ашық шабаданға салса, екінші жабық шабаданға өздері үшін алған бірақ қолданбайтын ақпараттарын салды. 



 

Педагогтарға арналған тренинг





  • Армысыздар, құрметті қонақтар!

  • Бүгінгі біздің мектепте өтіп жатқан семинарға қош келдіңіздер!

  • Мұғалімдерді шеңберге тұрғызу. Біз қазір жай ғана шеңберге тұра салмаймыз. Біз бойымыздағы барлық ауырлықты артқа тастап, денемізді жеңілдетіп алып, шеңберге тұрамыз. Ол үшін: көздеріңізді жұмыңыздар.

  1. Тыныштық сәті:

Өзімізді самғап ұшқан құс сияқты сезініп, қуанышқа бөленеміз. Енді бірде сіз таудан сарқырап, таумен тастың арасынан өзіңізге жол тауып келе жатырсыз.

  • Таудан құлап аққан су, арнасынан асқан өзенге айналып, шайдай жазық, кең далада ағып барады.

  • Сіз сәбиді аялап отырған ананың бақытын сезінесіз.

  • Буырханған теңіз төрінде өз кемесін алға қарай бастап бара жатқан капитанның қуанышын елестетіп көріңізші.

  • Сіз өзіңіздің күшіңізе ғана емес, адал ісіңізге сенесіз. Таяқтан тайсалмай, семсерден сескенбей, жеңдім деп шаттаныңыз.

  • Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен сіз үшін алынбайтын қамал жоқ.

  • Шаттық пен қуаныш, достық пен махаббат, бақыт пен жақсылық әлеміне екі аяғыңызды нық басып еніңіз де былай деңіз.

  • Өмір, мені жалғандықтан шындыққа, қараңғыдан жарыққа жетеле.

  • Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін!

  • Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

  • Достық іспен қастыда жеңеріме сенемін!

  • Ақыл, сана, біліммен өнеріме сенемін!

  • Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін!

  • Абройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!

  • Жанарымда өшпейтін алау отқа сенемін!

  • Бақыт, байлық басыма қонарыма сенемін!

  • Өзімді – өзім сүйген соң махаббатқа сенемін, - деп көзімізді ашамыз.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет