СЕМИНАР ТАҚЫРЫПТАРЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
-
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» оқу пәніне кіріспе. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы
«Миға шабул» әдісі - қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу. Сұрақ қою арқылы өткен сабақтағы материалдарды еске түсіруге, жаңа сабақты пысықтауға қолданылады.
-
ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес
Кейс-стади әдісі - (ағыл. case – жағдай, жағдаят, мәселе, study - зерттеу) – нақты жағдаятты (шынайы немесе шындыққа жанасатын ойдан құрастырылған мәселе) шешуге негізделген проблемалық-жағдаяттық талдау арқылы зерттеу әдісі. Нақты жағдаятты топта талқылап, проблеманың мүмкін шешімдерін анықтап, олардың ішінен ең оңтайлысын таңдау арқылы өз көзқарасын негіздеу, дәлелдеу.
Кейс келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
-
Нақты бір белгіленген мақсатқа сәйкестігі;
-
Белгі бір күрделілік деңгейі болуы;
-
Экономикалық, әлеуметтік, саяси, т.б. жағдайдың бірнеше аспектісінің көрініс табуы;
-
Тез ескірмейтін, бүгінгі күн талабына сай өзектілігі;
-
Сараптамалық, сыни ойлауды дамытатын;
-
Пікірталас тудыратын;
-
Қойылған проблеманың бірнеше шешімінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |