Сабақтың № урока Сабақтың тақырыбы: Ресми іс қағаздар. Стилідік тармақтар



Дата15.09.2017
өлшемі179,03 Kb.
#33840
түріСабақ
Сабақтың технологиясын

Технологическая карта занятия

Пәні / дисциплина : Іс қағаздарын қазақша жүргізу

Мерзімі /дата : ________________ Топ /группа: ________________

Сабақтың № урока



Сабақтың тақырыбы: Ресми іс қағаздар.Стилідік тармақтар.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Стильдің түрлері туралы түсінік беру.Ресми, іс қағаздар стилі туралы, ресми, іс қағаздарстилінің даму тарихы туралы білім қалыптастыру.Ресми, іс қағаздар тілін меңгерту.Ресми түрде жазу сауаттылығын қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту.Өз ойларын тиянақты, нақты жеткізе білуге үйрету.Тәрбиелілік: Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оныңқазақ тілінің мемлекеттік тіл ертінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екенін ұғындыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, іздену

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиет,тарих

Сабақтың өту барысы / Ход занятия :

I. Ұйымдастыру кезеңі1.Оқушыларды белгілеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

II. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

III. Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Жаңа сабақты түсіндіру.Стиль – латын сөзі,  қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
1.    ауызекі сөйлеу стилі
2.    көркем-әдебиет стилі
3.    публицистикалық стиль
4.    ресми іс қағаздар стилі
5.    ғылыми стиль

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
—    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;
—    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
—    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;
—    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;
—    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;
—    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стилдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.


Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Бала дүниеге келгенде оған алғашқы құжат-тууы туралы куәлік жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат-жеке куәлік алады. Мектепті бітіргендігі-орта білім туралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да өтініш, түйіндеме, жеке іс парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кітапшасында жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға, еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме, жазуға жеделхат, телеграмма, факс жіберуге тура келеді.




1-кезеңде түсіндіру: XVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі. 
Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларыны, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орнына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге сол ғасырдағы қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын көрсетеді. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Және лексикалық ерекшеліктері: араб парсы элементтерінің өте көп кездесетіндігі мен қазақ жерінің Ресей империясына бағынуына байланысты орыс сөздерінің қолданыла бастауы.


2-кезеңде түсіндіру: XIX ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі.
1)Бұл кездегі ресми іс қағаздар тіліндегі гармматикалық, синтаксистік, лексикалық ерекшеліктер XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне ұқсас болғанымен, бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады. Бұл тарапынан жазылған бұйрықжарлықтар; 2) заң, сот істеріне байланысты бұйрықтыр, анықтамалар; 3) жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері;.

кезеңдегі ресми іс қағаздарды мазмұны мен адресаттарына қарай мынадай топтарға бөлуге болады: 1) патша үкіметі




3-кезеңде түсіндіру: XX ғасырдағы ресми іс қағаздар тілі. 
XX ғасырдағы қазақ халқының өміріндегі саяси әлеуметтік дамуға ғылым мен жалпы мәдениеттегі әр алуан өнер білім саласындағы өзгерістерге байланысты, сондайақ орыс тілінің әсерінен де түрлі жаңа атаулар, тың ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдары, аударма ыңғайында баламалар пайда болды. Осы жағдайлардың бәрі қазақ әдеби тілінің, оның ішінде ресми іс қағаздар тілінің жалпы қалыптасу барысында ізсіз қалған жоқ. Демек, қазіргі қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормалары біртендеп даму үстінде болды. Әрдайым екшеліп, үнемі сұрыпталып отырды.


Іс қағаздарының түрлерімен таныстыру.

Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай 


жеке адамға қатысты

қызметтік 



Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауапты адамының атынан, ал жеке іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.

Жеке адамға қатысты іс қағаздарына мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәлік, білімі туралы куәлік т.б.


Іс қағаздары формасына қарай
 типтік

еркін мәтінді 

трафеттік



Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.

Трафеттік іс қағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдыг ала типографиялық әдіспен басылып дайныдалған құжаттарды айтамыз. Мәтіннің алдан ала дайындалғаг бөлімінде өзгермейтін ақпарт жазылады. Мысалы: оқушының белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын анықтама. Мұнда оқушының аты жөні, оқитын мектебі мен сыныбы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі типографиялық әдіспен басылып шығарылады.

Еркін мәтінді іс қағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша емес оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір.


Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары 
түпнұсқалық

көшірмелік


Іс қағаздары мазмұн жағынан әртүрлі болып келгенімен олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:

  1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілімен жазылады.

  2. Лексика фразеологиялық құрамы өзгеше болып келеді.

  3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.




Жаңа сабақты меңгерту. Оқушыларды слаидтарда арнайы көрсетілген іс қағаздарының үлгісімен таныстырамын. Сол үлгілердің негізінде іс қағаздарын өздеріне жаздыртамын.

Жаңа сабақты бекіту. 1-тапсырма.Сұрақ қою.

1.Стиль дегеніміз не?

2.Стиль түрлерін ата.

3.Көркем әдебиет стилі.

4.Ерекшеліктері. -жаттығу.

1. Білу. Бүгінгі сабақта нені түсіндік?

1) Іс қағаздары, оның түрлері;

2) Қатынас қағаздары;

3) Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері.

4)Ресми қағаздары.

Түсіну. слайдтар арқылы жаңа материалды меңгерту.



Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең: олар-адамның күнбе-күнгі өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздары, әдетте, ресми құжаттар деп те аталады. Соған орай, ресми құжаттар, іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Бұл тіркестердің мән-мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен синонимдес деуге де болады.

Үй тапсырмасын беру. 

Бағалау. Үй тапсырмасын орындап келулерін, сабаққа қатысуын саралай отырып оқушылар білімін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0ffc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ffc -> Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы Лицейдің Бастауыш сынып мұғалімі: Жакупова Улпан Қуандыковна «Жанұя – тәрбие мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет