Сабақтың мақсаты: «сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері



Дата22.03.2017
өлшемі38,83 Kb.
#12105
түріСабақ
Мектеп Ж. Мырзағалиев орта мектебі Күні: 21. 04. 2015ж

Тақырып: «Халқым менің қонақжай»

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Сыйлау, құрметтеу, көпшілдік,

Мұғалім: Қайырбаева Бибісұлу. Сынып: 2 «г» Оқушы саны: 22

Сабақтың мақсаты: - «сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Қонақ күгу дәстүрі,қонақасы туралы түсінік беру;

- қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;

- қонақжайлылық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгін бізде ерекше сабақ болады.

-Бізге кімдер келіп отыр?

- Иә, қонақтар.

Бүгінгі біздің сабағымыз да қонақ туралы.

-Ендеше бір - бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлап, сәттілік тілейік.



1. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

( 5 т: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық,татулық)



  1. Үй тапсырмасын сұрау

Қонақасы /аңыз/ әңгімелеп беру

• Қалай ойлайсыңдар,данышпан қарт өзінің еншісін нешеге бөледі?

• Балалар, қалай ойлайсыңдар,қарт төртінші бөлігін кімге қалдырады?

• Сыбаға деген сөзді қалай түсінесіңдер?

• «Қонақасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

• Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді?



Сабақ барысын

талқылау:




  1. Дәйексөз.

«Жақсы қонақ –құт береке»

Халық даналығы

1. «Жақсы қонақ –құт,береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

2. «Қонаққа бару», «Қонақ келеді» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?







  1. Әңгімелеу (сұхбат)

Мұғалім сыйы. Туған күн

Жанардың туған күні жақындап қалды.Бұл күнді ол асыға тосып жүрді.Оның да себебі бар.Ата-анасы оған үйге достарын шақыруға рұқсат берген болатын.

Көптен күткен күн де келіп жетті.Жанар қонақ шақыруға әбден дайындалды.Үйдің ішін жинады.Анасына әртүрлі тәтті , дәмді тағамдарды пісіруге көмектесті.Өз қолымен сусын әзірледі.Бәрін орын-орнына қойды.Дастарқан үсті жайнап кетті.

Улап-шулап достары да жетті-ау,әйтеуір.Бұрындары үйге кісі келгенде оларды қалай қарсы алу қажет екендігіне Жанар мән бермеген екен.Енді, міне, не істерін білмей абдырап қалды.

Сыныптас достары сыйлық пен гүл әкеліпті.Жанардың қолына ұстата бере олар дереу дастарқанға бас қойды.Енді біір кезде қыздар бөлектеніп, сыбыр-сыбыр әңгімеге кірісті.Ал ұлдар жағы өз алдына.Қол күрестіріп, ойнап жатыр.Кейбіреулер күйтабақ қоймақ болады.Бірақ оған Жанар рұқсат бермеді.Байқа,сындырып аласың-деді ол, әлгі баланың жанына келіп.Қыздар да бір қызық кітапты қолдарына алған.Кірлетіп қоймаңдар,білесіңдер ме бұл кітаптың қанша тұратынын?-деді ол тағы да.Осыдан кейін қонақтарда көңілсіздік байқалды.

-Жүріңдер футбол ойнайық-деді Жарқын деген бала бір кезде.Балалрдың бірі қалмай үйден шыға берді.Қыздар да көп бөгелмеді.

Ата-анасы клгенде, Жанар жылап отыр екен.Өйткені ол дәл осы кешті осылайша көңілсіз өткіземін деп ойламаған болатын.

Сұрақтар:

-Балалар, Жанар неліктен туған күнін көңілсіз өткізді?

-Енді Жанардың туған күнін қалай көңілді өткізуге болатын еді де ойлайсыңдар?

-Жанарға қонақжай болу үшін нені үйрену керек деп ойлайсыңдар?





  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-топ «Қонақты қарсы алу» рәсімін сахналалап көрсету.

2-топ Дастарқанға бата беру.

3-топ Жағдаятты шешу

Дәптермен жұмыс

Дастарқанға қонаққа ұсынатын тағамдардың суреттерін салыңдар





  1. Топпен ән айту.

«Қазақы дастарқаным» әні орындалады.




  1. Үй тапсырмасы.

«Менің дастарқаным» атты сурет салу.




  1. Соңғы тыныштық сәті.

-Қазақ халқында қонақ күту рәсімі дастарқанға бата жасаумен аяқталады.Дастарқанға бата төрде отырған ең сыйлы, жасы үлкен қонақ береді.Бата қонақжай үй иесіне, қонажай отбасына арнап жасалады.Жасы үлкеннен, сыйлы қонақтан бата алған адам үлкен жақсылыққа жетеді.

Ендеше ,құрметті оқушылар сәл тыныштық сақтап, бүгінгі өткен сабағымыздан алған білімдеріңді жүректеріңде сақтап, ойларыңызды қорытындылай отырып,келген қонақтарымыздан, жасы үлкен ұстаз болса, бата-тілек сұрап сабағымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.






Каталог: uploads -> doc -> 0ab0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ab0 -> Сабақтың атауы Түйе мен тышқан (монғол ертегісі) Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет