Сабақтың тақырыбы : Келер шақ. Болжалды келер шақ



Дата08.09.2017
өлшемі55,22 Kb.
#30938
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы -7 Пәні - қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ

  • Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға келер шақ, болжалды келер шақ, олардың шақтық маңызы туралы түсінік беру.

  • Дамытушылық: Оқушылардың сыни ойлау және танымдық қабілеттерін арттыру, өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыландыру.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, болашаққа сыни көзбен қарай білуге, проблеманы шеше алуға, сөз өнеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

Табыстылық критерийлері: тақырып туралы түсінік алады, топта белсенді жұмыс жасайды, өзіндік ой-пікір айта алады.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс, мәнерлеп оқу, кластер, эссе жазу, «Фишбоун» әдісі, кері байланыс.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Ресурстар: әр түрлі қима қағаздар, электронды оқулық, постер, маркер, стикер, бейнетаспа, оқушылардың суреттері.

Сабақтың барысы:





Сабақтың кезеңдері

уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

А

В

С

І

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, топқа бөлу. Қима қағаздарға 3 шақтағы сөйлемдерді жазып, талдау. Қай оқушыға өзіне тән сөйлемі берліді, сол топқа барып жайғасады.

1-топ – «Осы шақ»

2-топ – «Келер шақ»

3-топ – «Өткен шақ»



Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, топқа бөлінеді.

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

3 минут

Электронды оқулықтағы 104-тапсырманың 3 сөйлемін талдау.

Электронды оқулықтағы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасай алады.

Электронды оқулықтағы сөйлемдерге синтаксистік талдау жасай алады.

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды.

ІІІ

Қызғушылықты ояту

3 минут

Мөңке би Тілеуұлының «Болашаққа болжам» атты толғауын бір оқушыға оқытқызу.

Етістіктер қай шақта жазылған?

Бүгінгі тақырыбымыз айқындалады.


Өлеңді тыңдау барысында мәнін ұғынады, бүгінгі тақырыпты таба алады.

Өлеңді тыңдау барысында мәнін ұғынады, бүгінгі тақырыпты таба алады.

Етістіктерді табады, қай шақта екенін ажыратады.




Жаңа сабақ. І Білу

5 минут

Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды, түсініктерін кластер арқылы, тірек сөздер арқылы постерге жазады.

Жаңа тақырып туралы түсінік алады, оны кластер түрінде ажыратып жазып бере алады.

Тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, белсенділік танытады.

Тапсырмаларды орындайды.




Түсіну

5 минут

Жаттығулармен жұмыс

1-топ. 117-жаттығу

2-топ. 118-жаттығу

3-топ. 119-жаттығу



Жаттығуларды қатесіз айқын орындайды, талдай алады.

Тапсырманы орындайды.

Тапсырманы орындайды.




Қолдану

5 минут

Мәтінмен жұмыс.

Мөңке бидің толғауын 3 топқа бөліп беру.

  1. Бидің айтқысы келген ойы

  2. Айтылымда болжалды келер шақ болуы тиіс.

Мөңке бидің айтқысы келген ойын бүгінгі күнмен салыстырады.

Мөңке бидің айтқысы келген ойын бүгінгі күнмен салыстырады.

Мөңке бидің айтқысы келген ойын бүгінгі күнмен салыстырады.




Талдау

6 минут

Бақыт деген не? деген тақырыпта өлең құрастыру не эссе жазу, немесе диалог жазу. Ішінде келер шақтың болуын қамтамасыз ету. Оқушылардың пікірі бейнетаспадағы ойлармен сәйкестігін табу.

Шағын топта бақыт тақырыбына байланысты тың идеялар, жақсы ұсыныстар айталады.

Шағын топта бақыт тақырыбына байланысты тың идеялар, жақсы ұсыныстар айталады.

Шағын топта бақыт тақырыбына байланысты тың идеялар, жақсы ұсыныстар айталады.

ҮІ

Сабақты бекіту. Жинақтау

7 минут

«Фишбоун» әдісі Тақырып: «Сыныптың назар аударатын мәселесі»





Сыныптың проблемасын айқындап, болу себебін, шешу жолдарын, шешімін шығарады.

Сыныптың проблемасын айқындап, болу себебін, шешу жолдарын, шешімін шығарады.


Сыныптың назар аударатын мәселесін таба алады.

ҮІ

Бағалау

3 минут

Оқушылардың суреті әр балаға таратылады. Өзіне түскен оқушыға бүгінгі сабағына байланысты пікір айтады.

Өзіне берілген оқушының әрекетіне әділ түрде сыни баға бере алады.

Өзіне берілген оқушының суретіне қарап бүгінгі сабақтағы белсенділігіне байланысты баға қояды.


Өзіне берілген оқушыға баға қояды.

ҮІІ

Үйге тапсырма:

2 минут

1.120-жаттығу

2.Мөңке бише «Менің елімнің келешегі» деген тақырыпта болжам жасап келу.



Оқушылар тапсырманы түсініп, белгілеп алады.

ҮІІІ

Кері байланыс

"Екі түрлі түсіндірме күнделігі"



3 минут

"Екі түрлі түсіндірме күнделігін" толтыруды тапсырады.

Берілген ресурсқа сабақта ұнаған нәрсені, оның себебін жазады, өзіндік ой қорыту жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет