Сабақтың тақырыбы : Оқу құралдары. Етістік Сабақтың мақсаты



Дата01.05.2018
өлшемі36,71 Kb.
#40361
түріСабақ
5-сынып. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.

Етістік


Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру. Оқу құралдарының не үшін қажет екенін

түсіндіру. Етістіктің ережесімен таныстыру.

Қазақша сөйлеу тілдерін, ақыл- ойларын,сана- сезімдерін дамыту.
Оқу құралдарын ұқыпты ұстауға баулу,тазалыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : Түсіндіру,сұрақ- жауап,әңгімелеу,топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: Кітап,суреттер,парақшалар,дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу,оқу құралдарын тексеру.

Сабаққа зейіндерін аудару.

Ауа- райын сұрау.

Психологиялық ахуал.

Күліп қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы- жылы жүзбенен ,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап,бір қысайын.

Үй жұмысын тексеру.Парақшалармен жұмыс.

1.Шылау дегеніміз не?

2.Шылаудың қандай түрлері бар?

3.Жалғаулық шылауларды ата.Мысал келтір.

«Біздің мұғалім»тақырыбына байланысты сұрақтар.

4. Қазақ тілі сабағынан кім береді?

5. Ұстазыңның мінезі қандай?

6. Сынып жетекшіңнің портретін сомдап бер.

Жаңа сабақ: Етістіктің ережесімен таныстыру.

Етістік дегеніміз заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

Етістіктің сұрақтары: Не істеді? Не қылды? Қайтті?

Мысалы: Ойланды,сөйледі, ашты,айтты.

Оқу құралдарымен таныстыру: Қалам,сызғыш,өшіргіш,күнделік,желім,сөмке,қарындаш. Оқу құрадарының қызметімен таныстыру.

Қалам жазу үшін керек. Қарындаш бояу үшін керек.Сызғыш сызу үшін керек.

Өшіргіш өшіру үшін керек.Күнделік үй жұмысын жазу үшін және сабақ кестесін жазу үшін керек. Желім жапсыру үшін керек. Сөмке оқу құралдарын салу үшін керек.
Сергіту сәтін жасайық ! «Кірпі»биі.


Сабақты бекіту : Оқулықпен жұмыс.

Жаңа сөздермен таныстыру: Мұқаба,қаптау,ластау,жыртылу,бет,майыстыру.

1-Тапсырма. Сөздердің мағынасын анықтап,сөйлемдер құрыңдар.

2- Тапсырма. Е.Елубайдың өлеңін рөлге бөліп,мәнерлеп оқыңдар.

3- Тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

4- Тапсырма. Кітап туралы ережелерді оқып,көшіріп,жазыңдар.Есте сақтаңдар.

Сабақты қорыту: Тестпен жұмыс.

1)Етістік нені білдіреді?

а) Заттың түсін

в) Заттың санын

с) Заттың сынын

д) Заттың іс-әрекетін

2) Етістіктің сұрақтары?

а) Кім? Не?

в) Не істеді? Не қылды?

с) Қанша? Нешеу?

д) Кімнің? Ненің?

3) Етістікті тап.

а) Атамекен

в) Алпыс

с) Ойнайды

д) Үлкен

4) Қалам не үшін керек?

а) Жазу үшін

в) Сурет салу

с) Сызу үшін

д) Өшіру үшін

5) Сызғыш не үшін керек?

а) Өшіру үшін

в) Сызу үшін

с) Ұштау үшін



д) Жазу үшін
Үй жұмысы: 195-бет. «Қалам», «Сызғыш» өлеңдерін жаттау. 196-бет. Сөздерді жаттау.

Етістіктің ережесін жаттау.
Оқушылардың білімдік деңгейлерін бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет