Арал ауданы
Сазды елді мекені
№60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Изекенова Мәншүк
Ана тілі 1-сынып (ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер.
Үш би Н.Оразалин.
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға заттың санын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту, оларға қазақ халқының үш биі туралы мәлімет беру.
Ә)Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру.Сөйлеу мәдинетін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Мәнерлеп оқуға, таза, қатесіз жазуға үйрету.
Б)Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үш би суреті, дидактикалық материалдар
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн ұстаздар,
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді баламыз.
Үй тапсырмасын тексеру. «Домалақ ана» Т.Молдағалиев.
«Гүл » құрастыру ойыны
1.»Домалақ ананы» неліктен «әулие», «қасиетті» дейміз?
(көріпкел,ақылды, адал, таза адам)
2.Жақсы адам қандай болады деп ойлайсыздар?
( ақылды, адамгершілігі мол, парасатты, әдепті, алғыр, тілалғыш)
3.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(Қанша? Неше? Нешінші?)
4.Т.Молдағалиев кім?( ақын, жазушы)
5.Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
(Қандай? Қай?)
Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
Суретпен жұмыс
Балалар мынау ненің суреті?
-Аңдардың
-Қандай аңдар?
-Қоян, аю,қасқыр.
-Аңдар нешеу?
-Үшеу.
Ендеше ,біз бүгін заттың санын білдіретін сөздер екінші сабағын өтеміз.
-Аңдардың бізге тапсырмасы бар екен.
-Оларды орындаймыз ба?
-Иә.
-Бірінші қандай аңның тапсырмасын орындаймыз?
Қоян 136- жаттығу.
Берілген сандарды сөзбен жазыңдар.
Он бір, он екі, он үш, он төрт.
Екі таңбалы сан атауларының бөлек жазылатынын естеріңе сақтаңдар.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Аю: 137-жаттығу.
Сұрақтарға жауап жазыңдар.Неше? Нешінші? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
1.Атың кім? Менің атым-Мәншүк
2.Неше жастасың? Жеті жастамын.
3.Қай сыныпта оқисың? Бірінші сыныпта оқимын.
Қасқыр: Суретпен жұмыс
Қазақтың үш биі туралы мәлімет беру.
Төле би Әлібекұлы 1663-1756жж өмір сүрген.Ұлы жүздің төбе биі.Ел аузында Төле би туралы көптеген аңыздар сақталған.Оның айтқан нақыл сөздері, мақал-мәтелдері ел арасында көп тараған.
Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің төбе биі.Ел аузында Әйтеке би айтқан шешендік сөздер, баталар көп сақталған.
Қазыбек би Келдібекұлы 1667-1764жж өмір сүрген. Орта жүзден шыққан, от ауызды, орақ тілді шешен.
Автор туралы мағұлмат:
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 13-маусымда 1947 жылы Алматы облысы , Ұйғыр ауданы,Диқан ауылында дүниеге келген.
Ол- ақын, драматург, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері.»Беймаза көңіл», «Көктем кеші», «Азаматқа аманат», « Ғасырлармен қоштасу», т.б кітаптары бар.
Оқулықпен жұмыс
А) Өлеңді мәнерлі оқу,түсіндіру
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Сөздік жұмыс
Би- билік айтатын әділқазы
Баба- арғы ата.
Мақал (мағынасын түсіндіру)
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
Сабақты бекіту:
Біз нені үйрендік?
-Қазақтың үш биі туралы. Н.Оразалиннің өмірімен таныстық.
«Кім көп біледі?» ойыны
1.Қазақтың үш биін ата?
2.Н.Оразалин кім?
3.Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
4».Үш би» өлеңін кім жазды?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Үш би өлеңін мәнерлеп оқу. 136-жаттығу.
Күні: 7-04-2014, 10:09
Категориясы: Бастауыш сыны
ануарлар.
Заттың атын білдіретін сөздер
Жарияланды 15-02-2013, 21:30 Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар. Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың заттың атын білдіретін туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, шығармашылыққа баулу.
3. Жануарларға қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Ал, қанекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет - құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Н. Оразалиннің « Үш би» өлеңін мәнерлеп оқу
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. «Кім тапқыр?» ойыны
Шарты: Берілген сұрақтарға байланысты билерді тауып, анықтау.
2. Заттың атын білдіретін сөздер туралы ережені еске түсіру
IV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сөзжұмбақ шешу.
1. Не кісінейді?
2. Аң патшасы не?
3. Ең қорқақ жануар.
4. Сиырдың төлін не дейміз?
5. Қандай жануар балды жақсы көреді?
6. Бұзаудың енесін не дейміз?
2. Ал енді, балалар, жануарлар туралы не білеміз, ортаға салайық.
Сүтқоректілер
Бунақденелілер
Балықтар
Қосмекенділер
Құстар
Бауырымен жорғалаушылар
- Балалар, жануарлар әлеміне саяхатқа шыққыларың келе ме?
Онда біз бүгінгі сабағымызда біз жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сүтқоректілер әлемі
Тапсырмасы: оқулықпен жұмыс
1) «Жануарлар» мәтінін оқып беремін.
2) Оқушылар тізбектей оқиды.
3) Сөздік жұмыс
Организм – тіршілік иелерінің ағзасы (дене мүшелері, ішкі құрылысы)
Балдырлар - суда өсетін ең қарапайым өсімдік.
4) Мәтін мазмұнын талдау.
- Мәтін нелер туралы?
- Жануарлар қашан пайда болған?
- Ғалымдар жануарларды қандай топтарға бөлген?
2. Балықтар әлемінің тапсырмасы.
Грамматикалық тапсырма.
- Соңғы азат жолдан кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
3. Қосмекенділер әлемі
Дәптермен жұмыс.
206 - жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Архитектор, құрылысшы,
Малшы болып ойнаймыз.
Теміржолшы, жұмысшы
Әнші болып ойнаймыз.
4. Құстар әлемі
Сергіту сәті
Қарлығашқа ұқсайық,
Кәне қанат жазайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
5. Бауырымен жорғалаушылар әлемі.
Қызықты мәліметке назар аударайық.
Ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы – тасбақа.
Олар жүз жылдан артық өмір сүреді екен.
Тапсырмасы: « Артығын тап» ойыны
207 - жаттығу
Әр қатардағы сөздердің қайсысы артық?
Кісі аииары: Мәди, Айжан, ұл, Перизат, Жәния, Сырым.
Туыстық атаулар: ата, әже, аға, ана, Сәния, сіңлі.
Мамандық аттары: құрылысшы, мұғалім, есепші, немере, ұшқыш.
IV. Бекіту
Жәндіктер әлемі
Қызықты мәліметтер
Масалар шаққан кезде тері неге қышиды?
Масалар тек өздерінің қарнын тойдыру үшін ғана бізді шақпайды. Олар денесіндегі жұмыртқаларының өсуі үшін қан қажет болады. Шаққан жерінің қышитын себебі, тістеген кезде түкірігін шашып жібереді.
Аралар да сөйлесе алады. (Оқып беремін)
Тапсырмасы:
Семантикалық кесте толтыру
№ Заттың атын білдіретін сөздер Кім? Кімдер? Не? Нелер?
1 Ара -------------------------------------------------+
2 Кірпілер -------------------------------------------------+
3 Қоян ------------------------------------------------+
4 Шопан ------------------------------+
5 Ғалымдар ---------------------------------+
V. Оқушылар өз - өзін бағалайды.
VI. Үйге тапсырма беру.
«Жануарлар» мәтінін оқып, мазмұндау.
Жануарлар туралы қызықты мәліметтер жинақтау.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
0
барлық дауыс бергендер: 0
Апта Күні 6наурыз Сабақ Ана тілі 1б сынып
Сабақтың тақырыбы Заттың атын білдіретін сөздер.
Жалпы мақсаты
1.Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым қалыптасуына мүмкіндік жасау;
2.Өлеңді мәнерлеп оқуға, оның негізгі идеясын ашуға жетелеу;
3.Оқушылардың сөздік қорын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижелер Затың атын білдіретін сөздерді ажырата біледі, жаттығулар орындау арқылы өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақ түрі аралас сабақ
Керекті жабдықтар сюжетті суреттер. Абай құнанбаевтың суреті.
Сабақ барысы: Сынып 3 топқа бөлінген.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Бір-біріне сәттілік тілеу.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Малдың пайдасы. (Өлеңді мәнерлеп оқу)
ІІІ.Өткен материалды қайталау.
- Балалар, бізге Алпамыстан хат келіпті. Қане, бәріміз тынышталып, осы хатта не жазылғанын тыңдайық.. «Құрметті менің достарым! Мен сендерден көмек сұрай, хат жазып отырмын. Апам биыл мені мектепке баруға дайындап, маған дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді. олар өте көп. Бірақ мен бәрінің аттарын біле бермеймін. Мен сендерге олардың суреттерін жіберіп отырмын. Сендер мектепте оқисыңдар ғой, маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңдерші. Сәлеммен Алпамыс»,- деп хатын аяқтапты.
Олай болса, балалар, мен Алпамыстың жіберген суреттерін бір-бірден көрсетемін, сендер ол заттардың атын атап,, тақтаға жазып отырасыңдар.
Мұғалім әр суретті көрсеткен сайын «бұл не?» деген сұрақ қойып отырады. Ең соңынан Алпамыстың суреті шығады, оған «бұл кім?» деген сұрақ қояды. Оқушылар барлық суреттегі заттардың атын жазып болған соң, мұғалім оқушылардың ойын жинақтап қорытады.
- Заттың атын білдіретін сөздер кім? не? сұрақтарына жауап береді.
Зейіндері сабаққа ауады.
Өзін-өзі бағалайды.
Өз беттерімен жұмыстары тексеріледі.
Негізгі бөлім Жаңа сабақ
190-жаттығу.
1. Өлеңді мұғалімнің оқуы.
2. Оқушылар өлеңді кезекпен оқиды.
3. Өлеңді талдау.
- Абай Құнанбаев кім?
- Абай атамыз қандай нәрседен аулақ бол дейді?
- «Бес асыл іс» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Адам, талап, еңбек сөздеріне сұрақ қойыңдар.
Білімді тиянақтауға арналған оқулықтан тыс грамматикалық тапсырма.
1. Мұғалім бес сөйлем жазылған плакатты тақтаға іледі. Оқушыларға «кім?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді бір сызықпен «не?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді екі сызықпен сызу тапсырылады.
Мұғалім оқушылармен бірге заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтарды қорытып шығарады.
191-жаттығу Дәптеріңе кестені «Адам болам десеңіз» өлеңі бойынша толтыр.
Бес асыл іс Бес дұшпан
Сергіту сәті
Шаршаса қолымыз,
Оңымыз, солымыз.
Былай-былай ойнаймыз,
Күш жігерді жинаймыз.
192-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз. Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.
Жаңа материалды меңгереді.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Бекіту
Берілген сөзжұмбақты дұрыс шешсе, республиканың аты шығады. Сөзжұмбаққа кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздер алынады.
Сөзжұмбақтың жауаптары талданып, оқушылар ой қорытындысын жасайды.
Сабақтың басында таратылған «Өзін -өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар әрбір тапсырмаға ұпай қою арқылы өзін-өзі бағалайды.(әр тапсырмаға 5 ұпай)
Өз ойларын айтады
Бір – бірін толықтырады
Қорытынды
Жеке оқушының және сыныптың жұмысына сапалы баға беру.
Оқушылардың білімдерін бағалау, мадақтау.
«5»- барлығы дұрыс орындалса, «4» -бір қате жіберсе, «3»-2-3 қате жіберсе қойылады.
Сабақты қорытындылау.
Сабақ қорытындыланады.
Үйге тапсырма 190-жаттығу. Өлеңді жаттау
Күнделіктеріне жазады.
Тәжірибелік сабақты бағалау Сабаққа қатыстарына байланысты оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Сабақтың өзіндік
Талдауы
Рубрика Критерийлар Дискрипторлары
Малдың пайдасы (өлеңді мәнерлеп оқу) Дауыс ырғағы Жоғары Орташа Төмен
4ұпай 3ұпай 2ұпай
Оқу сауаттылығы Анық Буындап Ежіктеп
4ұпай 3ұпай 2ұпай
Оқу шапшаңдығы Шапшаң Орташа Жай
4ұпай 3ұпай 2ұпай
10-12 ұпай – 5
7-9 ұпай – 4
6-4 ұпай – 3
Балалар өздерін осы ұпайларды жинау арқылы бағалайды.
Сабақтың толығын жүктеу
Мақалаға белгі:Заттың атын білдіретін сөздер.
Ш.Батталова атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Өткізген:Касенбекова Н.Б.
бастауыш сынып мұғалімі.
2011-2012 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз-жыл басы.
Сабақтың мақсаты: 1. Заттың іс-қимылын білдіретін сөздермен таныстыру
және сұрақтар қоя білуге үйрету. Қазақша жыл атаулары
және ретімен таныстыру.
2. Ертегі мазмұнын аша отырып, жазу және оқу сауатын,
сөйлеуін, есте сақтауын дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тианақтылыққа, жануарларды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Типі: Жаңа білім беру.
Көрнекілігі: Электронды сабақ жоспары, суреттер.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-Бүгінгі сабағымыздың проблемасы: Қазақша жыл қайыру білеміз бе?
Осы сұраққа жауап іздеу үшін, бүгінгі сабағымызда жыл басына таласқан хайуанаттар туралы ертегінің мазмұнын аша отырып, жаңа сабағыиыздың мақсатына жету үшін бірнеше жұмыс түрлерін жүргіземіз.
II.Өткен сабақтағы білімдерін тиянақтау.
-Экранға назар аударамыз.
Орман. Ұйқысынан оянған қоян жан-жағына қарап, біреулерді іздейді. Қоянды бір сұрақтар мазалайды. Сол сұрақтарға жауап беруге біз көмектесіп жіберейік.
-Кім? Кімдер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
-Не? Нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
-Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
-«Орман» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Сұрақтарға жауап тапқан қоян қуанғанынан әндетіп билей жөнелді. Бұл дауысты естіген әр түрлі жануарлар жинала бастады.
Олар қоянға қосылып билеп кетеді. Бидің аяғында жануарлар сағаттың ұрған дыбысын тыңдап тұрып қалады.
«Бұл не? Иә, бұл-келе жатқан Жаңа жыл, біз осы үшін шақырылған екенбіз ғой....».
Жыл басы тек мен болам,-
Деп хайуанаттар таласты.
Өз-өздері мақтанып,
Уәждары жарасты.
Жылды қарап тұрайық,
Ойын-сауық құрайық.
Ең бұрын көрген батырды
Жыл басы деп ұғайық.
III.Жаңа сабақ.
-Мына сөйлемдерге назар аударайық.
Тақтада және дәптерде орындау. Әр сөзге сұрақ қою.
Қоян биледі. Жануарлар жиналды.
«Мө» деп мөңіредім,
Молшылық төңірегім.
Жыл басы боламын деп,-
Ертерек келіп едім.
Түйе, Түйе, Түйемін,
Жануармын киелі.
Кім таласар бойыма,
Жыл басына иемін.
Алысқа шауып барамын,
Адамның бабын табамын.
Пайдасы мол Жылқымын,
Жыл басы мен боламын!
Өлеңдерді оқушылар кезек оқып отырады.
Сиыр жайылды. Жылқы кісінеді. Түйе жүк тасыды.
Сөйлемдерді жазады, сұрақ қойылады.
Ырр, ырр, Барыспын, Барыспын,
Бәріңе таныспын, таныспын.
Айналама сыйлымын, сыйлымын,
Сезімсізбен алыстым, алыстым.
Ұлу деген мықтымын,
Жарқын-жарқын шықты үнім.
Ойым озар өзімнен,
Ақыл, ой бар сөзімде.
109-жаттығу.
1.Әңгімені оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Шешесі жұмысқа кетті. Сара тауықтарға жем шашты. Гүлдерге су құйды. Сонан соң тамақ пісірді. Шешесі жұмыстан оралды. Ол қызының ісіне қуанды.
Ережемен жұмыс.
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді: оқыды, жазды, жүгірді, жүзді, жылтырады.
Бә,Бә,Бә мен Қоймын,
Көк шөпке тойдым.
Жыл басы болуға
Кетіп тұр ойым.
Маймыл мен жылан биледі. Қой шөпке тойды.
Сөйлемдерді ауызша талдау.
Қо,қо,қо,қо,қоқ,
Жыл әлі неге жоқ?
Жұмыртқамды жегесін,
Барлық бала тоқ.
Абалап үремін,
Үй қорып жүремін.
Адамның көмекші
Досының бірімін.
Тауық жұмыртқалады. Ит үрді.
IV.Сергіту сәті.
-Жыл басы болуға қоянның да, доңыздың да қатты ойы кетеді.
Алақай,алақай,
Күнді көрдім, алақай!
Қулығыммен, ақылыммен
Бәрін жеңдім, алақай!
-Тышқан өзі жануарлардың ішіндегі ең кішкентайы болса да қалай күнді бірінші көрді?
Барлығың да қараңдар,
Енді үйге тараңдар.
Жылды көрген тышқанды
Жыл басы деп санаңдар!
V.Танымдық жұмыс
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма, именіп ділмардан.
Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін және атын білдіреді.
VI.Сабақты қорытындылау.
Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
Биыл қай жыл?
Жыл басы не?
Тышқан, сиыр, барыс, қоян,
Ұлу, жылан, жылқы, қой,
Мешін, тауық, ит, доңызды.
Санап, жаттап, біліп қой!
Өлең жолын хормен оқытып, сабақты пысықтау.
VII.Үйге:
110-жаттығу. Наурыз-жыл басы.
VIII.Бағалау.
Сабақты аяқтау.
Заттың атын білдіретін сөздер
Жарияланды 30-05-2013, 06:32 Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер 82 - 84 - жаттығулар
І. Жансүгіров «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерге, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Көктем туралы түсініктерін кеңейту. Деңгейлік тапсырмалар бере отырып, терең және тиянақты білім беру.
міндеттері: 1. сызба, сурет бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге төселдіру.
2. жаттығуларды орындай отырып, талдап өз ойын жеткізе білуге үйренеді.
3. Жеңілденген күрделіге көше отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, байланыстыра сөйлеуін сауатты жазуын жетілдіру.
Шығармашылық жұмысын қалыптастыру. Кәсіптік бағдар беру.
Тәрбиелік мәні: оқушыларды адамгершілікке, бірлікке, достыққа, ұжымшыл болуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
көрнекілігі: «Астана - Бәйтерек» ескерткішінің суреті, деңгейлік тапсырмаларға тиісті қима қағаздар, бағалау кестесі, қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелекшелер, топ аттары жазылған қима
қағаздар, графопроектор, сызба, ереже жазылған плакат.
Сабақтың түрі: деңгейлеп оқыту (топ бойынша)
Әдісі: сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
- балалар бүгінгі сабақта 3 топқа бөлініп, топ бойынша жарыса отырып, сабақ өткіземіз.
I. А тобы
II. Б тобы
III. С тобы
Топ басшысын сайлап аламыз.
II Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
ҚР - ның мемлекеттік Әнұраны
Әнұран орындалады.
Өткен сабақтарда ҚР - ның рәміздерімен таныстық.
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Астана қаласы туралы не айта аламыз?
- Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Дұрыс балалар, «Астана – Бәйтерек» ескерткіші бар.
Бүгінгі сабақта ескерткіш туралы түсінік аламыз және өз білімдерімізді көрсетеміз.
- Ескерткіштің биіктігі қанша метр? (97 метр)
- Бұл нені білдіреді? (Елордамыздың 1997 жылы Астана болғанын көрсетеді.)
- Неше бөлімнен тұрады? 3 бөлімнен тамыры, діңі, ұшар басы
1 - слайд
- Астана – Бәйтерек ескерткішінің сызбасына деңгейлік тапсырмалар орналастырылады.
Міне, біз де бүгінгі сабағымызда барлық тапсырмаларды орындап, ұшар басына шығып, білімдерімізді биіктен көрсетеміз.
2 - слайд
I деңгей (тамыры.) Оқушылардың міндетті түрде игеруге, білуге тиісті ережелер қамтылады.
А тобы: 1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Жуан айтылатын сөздерге байланысты ереже.
3. Буын дегеніміз не?
3 - слайд
Б тобы: 1. Әріп дегеніміз не?
2. Жіңішке айтылатын сөздерге байланысты ереже
3. Тасымал дегеніміз не?
4 - слайд
С тобы: 1. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
2. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
3. й, у, ң дыбыстарына байланысты ережені айт.
3. Жаңа сабақ
II деңгей (діңі)
5 - слайд
А тобы: Мамандық иелерінің суреті.
Б тобы: Жануарлардың суреті
С тобы: Заттардың суреті
Графопроектрден көрсетіліп, суреттерге сұрақ қоя отырып, жаңа тақырыпқа байланысты ережені шығару. (хормен ережені оқыту)
6 - слайд адамның жануарлардың заттардың
- Балалар, мені тыңдаңдар.
Қар мұз еріп,
Су көбейіп,.
Сай салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып
Гүл, бәйшешек басады
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
- Ендеше, көктем деп аталатын тараумен танысамыз.
- Көктем айлары қайсылар?
- Оқулықтағы суретпен жұмыс.
- Мына суретте не көріп тұрмыз, не айта аламыз? Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.
7 - слайд
- Автор туралы түсінік беру
1894 жылы
Алматы облысы
Ақсу ауданы
Біртуар дарынды ақын
«Өтірік», «Шіркін»,
«Балаларға базарлық»,
«Мектеп».
1938 жылы
Сөздік жұмыс жүргізу. Оқушыларға тізбек бойынша оқыту.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
Бір буынды сөздерді оқушылардың өздерінен сұрап, тақтаға жазу, дыбыстық талдау жасау.
Қой, қаз, мал, су, күн, ай т, б,
III деңгей. Жаттығу жұмыстары
82 - жаттығу. Ауызша талдау.
84 - жаттығу. Жазбаша, тақтамен жұмыс.
... келді.... жылына бастады.... еріді. Жылғалардан... ақты.
Керекті сөздер: Көктем, күн, қар, су.
8 - слайд
IV. деңгей. Шығармашылық тапсырма.
А тобы
Әрбір сөздің алдына әріп қосып сөз құра.
Он, ар, ай, ас, үн, үй, ал.
Б тобы
Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер айт.
С тобы
Дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздер ойлап айт.
4. Сабақты қорыту. Сұрақ – жауап әдісімен.
- Міне, сендер ескерткіштің бойына орналастырылған деңгейлік тапсырмаларды орындап, өз білімдеріңізді көрсете отырып, ұшар басына жетіңдер. Бұл әйнектен жасалған. Ұшар басында тұрып Елордамыз Астананы көре аламыз.
5. Бағалау. Бағалау кестесі бойынша, оқушылардың ұпай санын санап
бағалау.
6. Үйге тапсырма. Заттың атын білдіретін сөздер 183 - жаттығу
«Жазғытұрым» өлеңін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |