Күні: 06.09.2017ж
Сынып: 11 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
№1. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.1 Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы: Қауіпсіздік ережелерімен толық танысады,білімдері қалыптасады.
Басым бөлігі: Информатика кабинетіндегі талаптар мен ережелерді меңгереді.
Кейбір оқушылар : Қауіпсіздік ережелерін шынайы өмірде пайдалана алады.
|
Бағалау критерийі
| -
Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін айта алады.
-
Компьютерді дұрыс пайдалану және көзге арналған жаттығулар жасай алады.
-
Төтенше жағдай кезіндегі алғашқы жәрдем көрсету әрекеттерін біледі.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар қауіпсіздік ережелерін және сөздердің мәнін ашып бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
-
Compitor-есептеуіш машина
-
Принтер-баспа
-
Электр,автомат,рычаг
|
Құндылықтарға баулу
|
•Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
Пәнаралық байланыс
|
Дене тәрбие , ағылшын тілі , орыс тілі.
|
Алдыңғы білім
|
Информатика қандай пән?
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
|
Оқушылардың назарын аудару.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Сөзімді аяқта» әдісі
Компьютер кабинеті.....?Оқушылар бірінен соң бірі өз ойларын жалғастырып айтады.Оқушылар «Денсаулық» , «Қауіпсіздік», «Ұқыптылық» деген үш топқа стикер арқылы бөлінеді.
Үй тапсырмасын «Ой қозғау» әдісі арқылы сұралады.
-
Ақпарат және ақпараттық үрдістер
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
-
Алгоритмдеу және программалау
Ақпараттық модельдеу
|
Стикер қағаз Қағаз сұрақ парақшалары
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ.
-
«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабаққа кіріспе ретінде слайд көрсетіледі. Әр топ слайдтан көргендері туралы өз ойларын айтады. Мұғалім оқушылардың ойын жинақтап жаңа тақырыппен таныстырады.
-
Оқушыларға жаңа тақырып бойынша оқулықтан 1-6 тапсырмасын топ болып орындау беріледі.
Әр бір топ тапсырмалардың жауабын тапқандығын қол көтеру арқылы білдіреді. Әрбір дұрыс жауапқа топ «5»баллдық көрсеткішпен бағаланып отырады. Бұл тапсырма оқушыларды , шапшаңдыққа және бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелейді.
-
«Сергіту сәті» кезінде ән тыңдау арқылы көзге арналған жаттығуларды жасатамын. Оқушыларды слайдтағы жаттығуларды ретімен орындату арқылы сергітіп аламын.
-
Келесі тапсырманы оқушылар пән дәптерлеріне орындайды.
-Тыйым салынады:
1)...... 3)......
2)..... 4) ......
Қорытындылау:
-
Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға «Ой қозғау» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау
«Ой қозғау» әдісі арқылы тесттер жинағын беремін
Дискрептор
-
Компьютердің не екенін біледі
-
Қауіпсіздік ережесін айта алады
-
Алғашқы көмек көрсете алады
-
Компьютердің түрлерін ажырата алады
-
Компьютерде жұмыс жасай алады
-
Көз талғанда жасалатын жаттығуларды жасай біледі
|
Компьютер
Оқулық,
жұмыс дәптерлері
Оқу құралдары
Интерактивті тақта
Компьютер
Оқулық,
Жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
|
Сабақ соныңда оқушылар рефлексия жүргізеді:
«Эмоция аралдары» әдісі арқылы оқушылар «Білімділер» «Қуаныш» «Дымбілмес» аралдарына өз қайықшаларын әкеледі стикермен жапсырады.
Оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша көңіл-күй смайликтерімен өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма: Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу.
|
Оқулық 5 – сынып информатика
|