Сабақтың тақырыбы: Қанайналым жүйесі. Жүректің құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ағзаның ішкі орта мүшелерін еске түсіре отырып, қанайналым жүйесі мүшелерімен танысу, оның ішінде жүрек, қантамырлар, үлкен және кіші қанайналым шеңберлерімен және олардың қызметтерімен танысу.
Тәрбиелік: өздігінен ізденімпаздық, білімділік, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірге қолдана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: жаңа материалды қабылдай отырып, ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың өтілу әдісі: жаңа сабақты түсіндіру, СТО.
Сабақ жоспары:
І. Қызығушылықты ояту.
«Иммундық жүйе мүшелері» топтастыру.
«Жылдам және дұрыс» сұрақ-жауап.
ІІ. Мағынаны тану.
Жаңа сабақ схемасы.
«Түсті шаршылар» топтық жұмысы.
Деңгейлік тапсырмалар.
ІІІ. Ой толғаныс.
Сұрақтар.
Суреттермен жұмыс.
Бағалау.
Үй тапсырмасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
1. Топтастыру.
Алдымен топтық жұмыс ретінде оқушылар қағазда орындайды, соңынан тақтаға шығып қателерін тексереді.
«Жылдам және дұрыс»
1 топ сұрақтары.
1. ішкі ортаға не жатады: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа
2. қанның мөлшері қанша: 4,5-5 л
3. қан пластинкасы қалай аталады: тромбоцит
4. гемоглобин не: қанның қызыл пигменті
5. эритроциттің диаметрі: 7,5 мкм
6. плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: 3
7. оксигемоглабин деген не: оттекті гемоглобин
8. фагозитоз қандай процесс: бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту