Сабақтың тақырыбы: «Ц» дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Оқушыларға ц дыбысы мен әрпін таныстыру. Ц –дыбысынан келетін сөздер ретін оқыту және басқа дыбыстармен салыстыру.
Міндеттері:
Текше лақтыру арқылы үй тапсырмасын сұрауда қаншалықты меңгергендіктерін байқау, слайдтан Астананы көрсете отырып, Целиногард пен таныстыру.
Мәтінді және өлеңді оқытуда оқушылардың тілін, ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Отанын сүюге, кезкелген мамандық иелерін сыйлай білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: экран, теледидар, кеспе сөздер, теңге, ц-әрпі, ц-дан келетін сөздер, Астана клипі, кластер, т\б
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекілік, байқау.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
А) Оқушыларды отырғызу;
Ә) Сабаққа көңілдерін аудару;
Б) Сәттілік тілеу:
Мұғалім: - кәне, балалар күнімізге сәттілік тілейік!
Оқушылар: -Күніміз сәтті болсын,
Алар біліміміз мол болсын!
Сәттілік! Сәттілік! Сәттілік!
Достарыңызбен бөлісу: |