Сабақтың тақырыбы: Ыбырайдың прозалық шығармалары Сабақтың мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі20,71 Kb.
#45838
түріСабақ
Оқу орны: «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы:Ныгыметова Лира Каскырбаевна

Сабақтың тақырыбы: Ыбырайдың прозалық шығармалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ыбырай Алтынсарин шығармаларымен жете танысу,әңгімелерінің көркемдік, тәрбиелік ерекшеліктерін меңгерту, еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Дамытушылық – ой – өрісін, есте сақтау қабілетін,тіл байлығын дамыту, көркемдік – эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке,адалдық, әділдік, мейірімділік, сүйіспеншілік қасиеттерге тәрбиелеу, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекі құралдар: Ақынның суреті, интерактивті тақта, жинақтар мен альбомдар, Ыбырай туралы суретті кітап, жазулы плакаттар.

Әдіс – тәсілдері: топтық жұмыс, іздену,түсіндіру, талдау,салыстыру,пайдалану, «Куббизм», «Бес жолды өлең» стратегиясы, «Венн диограммасы » стратегиясы,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

Үй жұмысы: Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына қайталау. Бір өлеңін жатқа айту.

Ыбырай Алтынсариннің өмірінен слайд арқылы бейнебаян көрсетіледі.

«Нақты әрі тез жауап» ( экраннан слайд арқылы көрсетіледі ).

1. Ыбырайдың қандай әңгімелері бар?

2. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясын» жазудағы мақсаты?

3. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы?

4. Ыбырай шығармалары қандай қасиеттерге баулиды?

5. Ыбырай неге мұғалім болуды армандады?



V. Жаңа сабақ. Ыбырай - қазақ даласында мектеп ашып, оқулық жазған ағартушы – педагог.

Сонымен қатар жазба әдебиетінің негізін салуға үлес қосқан этнограф - ғалым. Көптеген өлеңдер жазды. Ол – поэзия жанрында ғана емес, проза жанрының дамуына да өзіндік үлес қосқан жазушы. Ыбырай әңгімелері қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу – Ыбырай шығармаларының басты ерекшелігі. Осындай шағын әңгіме жазу шеберлігіне қарап Ыбырайды кім деп атауға болады?

«Қазақ хрестоматиясы» туралы айта келіп, слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Әңгімелерінің мазмұны мен идеясын ашу.


Еңбек пен өнер тақырыбына арналған әңгімелері «Өрмекші, құмырсқа қарлағаш», «Жан – жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейіткұл», «Мұңсыз адам», « Талаптың пайдасы», «Зеректік» «Білгеннің пайдасы», «Атымтай Жомарт», «Силинші ханым»т.б.

Адамгершілік тақырыбына арналған әңгімелері «Әдеп», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Тәкаппарлық», «Байұлы», «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Таза бұлақ», «Әділдік», «Өтіріктің залалы», «Өтіріктің залалы», «Жамандыққа - жақсылық», «Үш ұры» т.б.

Ыбырай Алтынсарин шығармалары қысқа мазмұнды болып келеді. Мақал – мәтелдер мен афоризмдерді қолданып аз сөзге көп мағына сыйғыза отырып, Ыбырай қысқа мазмұнды әңгімелері арқылы кейінгі ұрпаққа мол өнеге мен өсиет қалдыра білді. ( Шеңберде берілген мақал – мәтелдер арқылы Ыбырай шығармаларының мазмұны, тақырыбы мен идеясы ашылады.


«Адалдық арқаны ұзын», «Ұрлық түбі - қорлық».



«Батамен ел көгерді», «Баталы ұл арымас »



Әңгіме



«Талапты ерге нұр жауар»

«Еңбек – адамның екінші анасы анам»

Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушылар Ыбырай мақсатын анықтайды, соған сәйкес студенттер өз мақсаттарын анықтайды. Үлкен бәйтерек ағашқа Ыбырайдың мақсатын және өз мақсаттарын жазып, қолдағы стикерлерін іледі.




Ыбырайдың мақсаты:

Халқына адал қызмет ету, Қазақ халқын, жастарын сауатсыздықтан құтқару, Білімді еңбекқор болуға, адамгершілікке баулу, қазақ қыздарын оқыту.



Біздің мақсатымыз( студенттер өз мақсаттарын айтады) Адамгершілікті ту етіп, ұстау. Еңбекқор болу.

Ыбырай атамыздың өсиеттерін меңгеру.




VI. Ыбырай әңгімелерін «Куббизм» стратегиясы бойынша талдау.

Зертте. Пайдалан. Зертте. Салыстыр. Студенттерді екі топқа бөлу.

1 – топ «Ағартушылар» 2- топ «Ғалымдар»

Ыбырай әңгімелерін сатылай кешенді талдау.

А) «Зертте» әдісі

«Ағартушылар» тобына тапсырма. Ыбырайдың «Таза бұлақ» шығармасын зерттеп, талдау жаса.

Ә) «Пайдалан» әдісі. «Ғалымдар» тобына тапсырма. Ыбырайдың салақтықтан, жалқаулықтан аулақ болуға үндейтін шығармасын тап. Сол шығарманы пайдалана отырып, қандай түйінді ой айтар едің ? Кесте бойынша шығарманы талдау.



Жанры




Тақырыбы




Идеясы




Түйінді ой ( мақал)




Б ) «Талда» әдісі

«Кейіпкер келбеті» бөлімі:

«Ағартушылар» тобына «Әдеп» әңгімесіндегі кейіпкерге талдау жаса.

«Ғалымдар» тобына «Үш ұры» әңгімесіндегі кейіпкердің біріне талдау жаса.

( Екі топтан бір оқушыдан шығып, «Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша әңгіме кейіпкерлеріне талдау жасайды.)

«Бес жолды өлең» стратегиясы:

1.Кім? ............ 3. Не істеді?............... 5. Мақал..........

2.Қандай? ............. 4. Сөйлем..................



В) « Салыстыр» әдісі.

«Венн диаграммасы»

( Екі топтан екі оқушы шығып, тапсырманы орындайды).

Ыбырай Абай

Ұқсастығы




VII. «Шығармашылық хат» Ағартушылар тобы « Ыбырай әңгімелеріне зерттеу хат» , Ғалымдар тобына «Ыбырай мектептеріне зерттеу хат» тақырыбына зерттеу еңбектерін жазады. ( Күй әуені естіліп тұрады ).

VIII.Сабақты қорытындылау. ( экраннан слайд арқылы тестке жауап беру).

Тест

1.Ы. Алтынсарин ашқан мектеп қай жылы, қай жерде ашылды?

а) Торғай 1864ж ; ә) Ырғыз, 1887ж б) Орск, 1881ж

в) Омбы, 1883ж ; г) Орда, 1841ж

2.«Қазақ хрестоматиясы» қандай шығармамен басталады?

а) «Таза бұлақ» ; ә) «Кел, балалар оқылық »

б) « Өнер – білім бар жұрттар» в) «Өзен»; г) «Жомарт»

3.«Қазақ хрестоматиясын» қай жылдары жазды?

а) 1841 -50; ә) 1850 – 57; б) 1876 – 89;

в) 1879 -83; г) 1884 -89;

4.«Жаман жолдас » әңгімесін кімнен аударды ?

а) И.Крылов; ә) Л. Ушинский; б) Л.Толстой



в) И. Паульсон ; г) Ф. Достоевский ;

IX. Үйге тапсырма. а) Ыбырай әңгімелерін оқу; ә) «Ыбырай ізімен» ( адамгершілік, еңбек тақырыбына әңгіме құрастыру ).

Бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет