Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
5.1А Жай бөлшектерге амалдар қолдану
|
№14 ОМ
Мұғалімі:Кожахметов К.Ж.
|
Күні:
|
|
Сынып: 5 «А»
|
Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жай бөлшектерді қосу және азайту
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары
|
5.1.2.17 бөлімдері бірдей бөлшектерді қосуды және азайтуды орындау;
5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосуды және азайтуды орындау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосады және азайтады.
|
Басым көпшілігі: қосу және азайтудың қасиеттерін қолдана отырып бөлімдері бірдей және бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосу және азайту амалдарын орындайды;
|
Кейбірі: есептеудің тиімді жолдарын қолдана отырып жай бөлшектерді қосады және азайтады.
|
Бағалау критерийі
|
Бөлшек сандарды салыстыра алады;
Амалдарды орындау ретін анықтай алады;
Бөлімдері бірдей бөлшектердің қосындысын таба алады;
Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайта алады;
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады;
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қоса және азайта алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
- бөлшектерді ортақ бөлімге келтіре алады;
-қосу және азайту ережелерін тұжырымдай алады
Пәнге тән лексика мен терминология:
- ортақ бөлім;
-толықтауыш көбейткіш;
-бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру үшін ... керек.
-Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосу және азайту үшін бөлшектің ең кіші ортақ еселігін табамыз;
- Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосу және азайту үшін бөлшектің бөлімін ортақ бөлімге келтіреміз;
|
Құндылықтарға баулу
|
Жұптық, топтық тапсырмалар орындау арқылы, бір-бірін қолдау, бір-бірін тыңдау, өзін- өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады, нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Жаратылыстану пәндері
|
Алдыңғы білім
|
Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу. Жай бөлшектердің негізгі қасиеті. Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер, аралас сандар. Жай бөлшектерді салыстыру.
Натурал санның ең үлкен ортақ бөлгішін табу, натурал санның ең кіші ортақ еселігін табу, құрама сандарды жай көбейткішке жіктеу.
|