Сабақтың тақырыбы: Көркем образдардағы қазақ фолклоры



Дата22.08.2017
өлшемі44,51 Kb.
#24292
Сабақтың тақырыбы: Көркем образдардағы қазақ фолклоры .

1.Көркем өнер жанрлары: тарихи,

мифологиялық, тұрмыстық, фолкьлордың

тақырыбына бейнелейтін.

2.Қазақ дастаны , халық ертегілері , аңыздар,

мақалдар –халықтың өте бай мәдени мұрасы.

3.Тақырыпты бейнелеу элементтері ретіндегі

ұлттық костюм,ою,үй жиһаздары мен жануарлар.



Машықтық жұмыс: Қазақ халық ауыз шығармашылығы

шығармаларының сарындары бойынша

(қазақ дастаны,халық ертегілері, мақалдары)

Сонымен қатар қазақтың ұлттық салт дәстүрлері

тақырыптарына композициялар.

1.Көп көріністікті бере отырып сызықтық

әзірлемелерді , эскиэдерді орындау.

2.Сызықтық суретті түсіру.

3.Жұмысты материалда орындау.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушылардың композиция пәнінен білімдерін

жетілдіру, адам фигурасының қозғалыстарын,қала

пейзажын бейнелеп үйрету.

2.Тәрбиелігі: Оқушыны шапшаңдыққа, тазалыққа

ұқыптылыққа, тәрбиелеу.



3. Дамытушылығы: Оқушының көру, ой-өрісін,есте сақтау қабілетін

арттыру,қиялын дамыту.



Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдісі: а) теориялық

б) машықтық



Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: 35х45 формат , карандаш, өшіргіш,ұшашқыш,

гуашь , кисть,палитра,т.б.



Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

а)теориялық

б) машықтық

ІҮ.Қорытындылау

Ү .Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:

Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеп, құралдарын тексеру.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Көркем образдардағы қазақ фолклоры .

1.Көркем өнер жанрлары: тарихи, мифологиялық, тұрмыстық, фолкьлордың тақырыбына бейнелейтін.

2.Қазақ дастаны , халық ертегілері , аңыздар, мақалдар –халықтың өте бай мәдени мұрасы.

3.Тақырыпты бейнелеу элементтері ретіндегі ұлттық костюм,ою,үй жиһаздары мен жануарлар



а)теориялық.

Осы тақырыпқа сай өз ой қиялдарымыздан эскиздер құрып бастаймыз.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пыса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы.

Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескерту қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты – суретшінің идеялық ойын көрсету.

Суретті салу барысында, суретші жарық және қараңғы бейнелердің орналасуын жарық пен көлеңкенің таралуын барынша жақсы ойластыруы керек. Өйткені ең соңында композициялық бірлік осыларға байланысты.



б) машықтық.

Қазақ халық ауыз шығармашылығы шығармаларының сарындары бойынша (қазақ дастаны,халық ертегілері, мақалдары) сонымен қатар қазақтың ұлттық салт дәстүрлері тақырыптарына композициялар.

1.Көп көріністікті бере отырып сызықтық әзірлемелерді , эскиэдерді орындау.

2.Сызықтық суретті түсіру.

3.Жұмысты материалда орындау.

Берілген тақырыпқа композиция құру үшін ең алдымен эскиз дайындаймыз.

Эскиз болашақ шығарманың түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанмен, мұнда суретші нобайға қарағанда көбірек еңбек сіңіреді. Эскиз көбіне ой- қиял бойынша, бірақ бейнеленуші объектінің өзін бақылау негізде жасалады.

Берілген тақырыпқа композиция құрып, эскиз дайын болған соң, эскизді үлкен қағазға өлшеммен мұқият көшіреміз.

Жұмысты үлкен қағазға (ватман) көшіріп болған соң, ең қараңғы көлеңкеден жарыққа қарай түспен жазып бастаймыз.

Бояды пайдалана отырып, жарық, көлеңке, пішіні, т.б. шығарып көрсетіп, жұмысты аяқтаймыз.

Натюрмортты қағаз бетіне орналастырып, заттардың пішінін көрсетіп, көлемін шығарып, жарық, көлеңке т.б. заңдылықтарын ескен отырып, оларды дұрыс сома біліп, жұмысты аяқтау.

Пастельмен сурет салуға негізінен сұр, кедер – бұдырлы қағазды қолданылады. Мұндай қағаз болмаған жағдайда оны қолдан дайындауға болады. Ол үшін ватман немесе қарапайым қағазды, картонды алып бетін жуып оған ұннан жасалған клейстерді немесе казеинді, сұр бояуды араластырып жалпақ қылқалам мен жағады.

Пастел бояы ластанатын болғандықтан этюдтарды әйнектің астында сақтау керек немесе бояу қабатын бекіту қажет.
IV.Қорытындылау

1.Эскиз дегеніміз не?

2.Эскиз не үшін қажет?

3.Оны қандай бояу түрлерімен орындауға болады?

4.Пастель қандай бояу?
V.Үйге тапсырма
1.Көркем өнер жанрлары: тарихи, мифологиялық, тұрмыстық, фолкьлордың тақырыбына бейнелейтін э скиз құрып келу.

2.Қазақ дастаны , халық ертегілері , аңыздар, мақалдар –халықтың өте бай мәдени мұрасына байланысты эскиз құрып келу.


3.Тақырыпты бейнелеу элементтері ретіндегі ұлттық костюм,ою,үй жиһаздары мен жануарлар бар эскиз құрып келу.
ҮІ. Бағалау.
VII.Сыныпты жинақтау
Каталог: uploads -> doc -> 01ad
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01ad -> Класы: 6 «А» Күні: 19. 11. 2011ж. Пәні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет