Жаңа сабақ « Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар»
Ресурс тасталады. Оқушылар сұрақтарға жауап жазады
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.
О тіреу нүктесі
d1=OC Ғ1 күшінің иіні
d2=OD Ғ2 күшінің иіні
Айналатын денеге түсірілген күштің иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады:
M=F∙d
М-күш моменті Өлшем бірлігі 1Н∙1 м
Ғ-күш d –күш иіні
Моменттер ережесі:
Айналатын дененің тепе-теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.
Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.
1.Күш моменті деп-------------------------
2.------------------------------иіндік деп аталады.
3.Тіреу нүктесі деп-------------------------------
4.Күш иіні дегеніміз--------------------------
5. Күш моментінің формуласын жаз
6. Күш моментінің өлшем бірлігі-----------
7. Моменттер ережесі
8. Иінді таразылар
Әр топ бірлесе отырып,өз беттерінше еске түсіріп,өз постерін қорғауға дайындалады.
Әр топтан бір оқушы қорғап,білімдерін ортаға салады.
Оқушылар дәптерге жауаптарын жазады.
A тобы
Б тобы
С тобы
ІІІ. Ой толғаныс Біліміңді тексер.
Формулаларды пайдалану арқылы есептер шығару
№1. Иіндік тепе-теңдікте болу үшін А нүктесіне қандай күш түсіру керек? Иіндіктің бір жағының ұзындығы 4 см және 1 см. 1 см жағына 4 Н күш түсірілген.
№2. Иіндік тепе-теңдік қалыпта тұр. Егер оның қысқа иіні 20 см болса, онда ұзын иіні неге тең? Қысқа иінініндегі күш 5 Н, ал ұзын иініндегі күш 2,5 Н-ға тең.
№3. Иіндік тепе-теңдік қалыпқа келу үшін А нүктесіне қандай күш түсіру керек? Қысқа иінінің ұзындығы 10 см, ондағы күш 10 Н, ұзын иіні 20 см және иіндіктің жалпы ұзындығы неге тең?
Оқушылар есепті оқиды, түсіндіреді, формуласын айтады, есептер шығарады, өз пікірлерін айтады.
Әр оқушы өз бетімен шығарады,оны тақтада орындайды.Сұрақтарға жауап береді. Жеке, жұптық, топтық жұмыс жасайды
ІҮ. Талдау Сәйкестендір Құндылықтар спектрі 1.Күш моменті деп-------------------------
2.------------------------------иіндік деп аталады.
3.Тіреу нүктесі деп-------------------------------
4.Күш иіні дегеніміз--------------------------
5. Күш моментінің формуласын жаз
6. Күш моментінің өлшем бірлігі-----------
7. Моменттер ережесі
8. Иінді таразылар
Сәйкестендіреді.
6.Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады.
1.M=F*l
8.Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез - келген дене иіндік (рычаг) деп аталады. 7.Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды.
4.Дененің сол жағындағы күштердің моменттерінің қосындысы дененің оң жағындағы күштердің моменттерінің қосындысына тең болу керек.
2.Күш моментінің бірлігі. 1Hьютон*метр=1Н*1м 3. Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.