Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев Сабақтың мақсаты



Дата29.06.2017
өлшемі44,92 Kb.
#20577
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ жырының қара бурасы атанған  Мұқағали Мақатаевтың  өмірімен және шығармашылығымен  таныстыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен  жұмыс істеуге  баулу және қазақша сөйлеу  тілін дамыту.

Тәрбиелік: Өнер адамдарын, өнерді құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: Ақынның портреті, шығармалар жинағы, үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ тілі, орыс тілі
Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру: 

- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

(сыныпты сабаққа әзірлеу);

- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;

- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

- Қатемен жұмыс;

Тест алу, жаттау сұрау.

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:

- Өткен сабаққа шолу

- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру

- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын оқыту.



4. Жаңа сабақты түсіндіру:

Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.

Мақатаев 1931жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды.


      Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.  
     Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген. 
     1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды. 
     1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.
         Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер».  Өлеңдегі ұстазы – Қ.Аманжолов. Ақынның тұңғыш кітабы – «Ильич», ал кейінгі шығармалары «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», “Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар.  Мұқағали – ақын, жазушы, драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27-інші наурызда 45 жасында Алматы қаласында қайтыс болды. 
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.

-М.Мақатаев кім?


-Қашан,қай жерде дүниеге келген?
-Әкесінің аты?
-Анасының аты?
-Атақты жайлаудың аты?
-Ақынның балалық шағы жайлы әңгімеле?
-Ақын өлеңдерін ата?
-Ақын поэмаларын ата?
-Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

З.Серікқалиев:
«Мұқағали мұрасы,маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтардың да еншісі,қастерлеп-қадірлейтін қазынасы»
Ә.Кекілбаев:
«М.Мақатаев-адамдар арасындағы, өмірдегі,
табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.
Оның өлеңдері туған ауылының табиғатына, достарына, әжесіне, жарына, балаларына, махаббатына арналған»
Жаңа сабақты қорытындылау:

Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып - Мұқағали Мақатаев кім? 
- Мұқағали Мақатаев ең бірінші ақын дейміз, сосын драматург, сатирик, публицист, жазушы, аудармашы, ұстаз, журналист деп атап өтеміз.
- М.Мақатаев қай жылы, қайда туған?
- Ол әкесінен неше жасында жетім қалды?
- Оның қандай өлеңдерін білесің?
- Қай жылы мемлекеттік сыйлықты алды және қандай кітабы үшін?
- 2000 жылы15 желтоқсанда мемлекеттік сыйлық берілді және «Аманат» кітабы үшін. 

Махаббат диалогы.


- Құс боп ұшып кетсем не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өрттенсем не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
- Жел боп қуып соңыңнан жетер едім!
- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
- Қойшы сәулем бәрін де көтеремін!
8. Үй тапсырмасы:

Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

М. Мақатаевтың өмірін оқу, өлеңдерін жаттап келу.



9. Сабақты бағалау кезеңі:

Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).

10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.
Каталог: uploads -> doc -> 0269
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0269 -> 8 1 Қ. Түменбайдың шығармаларындағы ұлттық рух
0269 -> Сабақтың тақырыбы Агроклиматтық қорлар Жалпы мақсаттар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет