Сабақтың тақырыбы: Сүт өнімдерінің пайдасы



бет1/5
Дата23.08.2023
өлшемі4,48 Mb.
#179932
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тогузбаев Жасулан Сапарханович


«Қазақ тілі» Т1 Мұғалім портфолиосы
Лесова Сауле 25.08.2023ж.
Әуезов ауданы
№173 мектеп-лицей
Алматы қаласы ПШО орталығы

Қысқа мерзімді жоспар




Пәні:

қазақ тілі




Бөлім:

Дұрыс тамақтану




Педагогтің аты-жөні

Лесова Сауле




Күні:







Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

Сүт өнімдерінің пайдасы




Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.2.1.тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;
7.1.1.1.1.одағай түрлерін ажырата білу,қолдану;




Сабақтың мақсаты:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі. Одағай түрлерін ажырата біледі,қолданады.




Бағалау критерийі:

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі. Одағай түрлерін ажырата біледі,қолданады .




Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану. Жоғары ойлау дағдылары




Сабақ құрылымы:




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы
5 минут

1.Сәлемдесу.
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушылар өздерінің жақсы көретін сүт өнімдерінің түрлері мен қасиеттерін айтқызу. /2 минут/
2. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. /3 минут/
Сыныптағы оқушылар сурет қиындыларын алып, құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

  1. Жайлау

2.Қыстау

Сәлемдеседі.
Әр оқушы өздерінің жақсы көретін сүт тағамдарынан дайындалған өнімдер туралы айтады және оның денсаулыққа пайдалылығы туралы толықтырады.
Сурет қиындыларын құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.






Сурет қиындылары







Сабақтың ортасы
10 минут

1-тапсырма
2 топқа берілген мәтінді оқып, мазмұны бойынша бірнеше сұрақ дайындау және ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.


Сүт өнімдерінің пайдасы

Әлемде ең ұзақ өмір сүретін елдердің ішінде тау халықтары көш бастап тұрады. Кавказдық жүзден асқан қариялардың ғұмырының ұзақ болу себебін зерттей келе, олардың негізгі тағам ретінде піскен сүт, айран, қаймақ, ірімшік, т.б. сүт өнімдерін тұтынатындығын анықтаған. Шығыс Африкадағы кейбір тайпалар тек қана сүт өнімдерін қорек еткендіктен жүрек, қан тамырлары, инфаркке өмірі шалдықпаған деген деректер бар.


4.16K (1000)Қаралымдар
Ғылымның нақты айғағына сүйенсек, сүтте тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін өте-мөте қажетті заттардың екі жүзге жуық түрі бар. Олар: ақуыздар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, сүт қанты, ферменттер т.б. Аталғандардың барлығы адам ағзасына жұғымды, әрі тез сіңетіні анық.

Сүт – күнделікті емдәмнің айырбасталмайтын және аса құнды компоненті, ең жақсы және ең арзан кальций көзі. Сондықтанда, қазақта «Айран сүйек өсірер» деген мақал бар. Кальций сүйек құрылымын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге жүректің жұмысын, қанның айналымын, сондай-ақ бұлшық еттер мен жүйке жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді. Оның құрамында ақуыздар, май, кальций, калий, магний, натрий және A, B, D витаминдері бар.


Кальций – тіс, сүйек және буынды қатайтатын элемент. Ол ірімшік және йогуртта көп мөлшерде кездеседі. Дәрігерлер ішек ауруларынан емделіп жүрген науқастарға айран ішуді ұсынады. Айранда көптеген пайдалы микроорганизмдер бар. Ол ішек флорасына, иммунитетті нығайтуға, ұйқының бұзылуына және шаршауды басуға көмегін тигізеді.


Витамин D – серотонин гормонының пайда болуына ықпал жасайды. Бұл – бақыт гормоны. Ол адамның көңіл-күйіне, тәбетіне және ұйқысына жақсы әсерін тигізеді. Зерттеу кезінде, сүт ішетін кісілердің ойлау және естеу сақтау қабілеті жоғары болатындығы анықталды. Күн сайын айран және йогурт ішетін әйелдердің терісі ылғалды және баяу қартаяды. Ежелгі Римде сүтті косметика ретінде қолданған.


Сүзбе – адамның сүйектері үшін пайдалы және остеопороз ауруының дамуына жол бермейді. Ас қорыту жүйесінің созылмалы аурулары кезінде ұсынылады. Жүкті немесе бала емізетін әйелдерге сүзбе жеуге кеңес берілген. Оны ішетін адамдардың диабетке шалдығу мүкіндігі – 43%-ға төмен.


Қаймақ – ас қорыту жүйесінінің қызметін қалыпқа келтіреді. Ол асқазанмен жақсы қорытылады. Өсіп келе жатқан нәрестенің басты құрылыс материалы – ақуыз. Спортшылар – жаттығулардан кейін оны бекер ішпейді. Жоғары қан қысымы және жүрек-тамыр ауруларына қарсы күреседі. Ол – ағзаға толығымен сіңіріледі және онда, барлық қажетті амин қышқылдары бар.


Ірімшік – сапалы ақуыз көзі. Оның құрамында көп мөлшерде кальций, A, D және В тобының дәрумендер мен сіңімді майлар болады. Балаларды ақ ірімшік жеуге үйрету керек.


Күніне кем дегенде 2 толық стакан сүт не айран, йогурт, сондай-ақ 1-2 тілім ірімшік қолданған адамның дені сау, ағзасы дәруменге бай болады. Сүтті тек таңғы аста ішуге ғана емес, сонымен бірге оны шөлді қандыру үшін, күні бойы қолдануға болады.


Сүт өнімдерінің маңызын көпшілікке түсіндіру мақсатында, 24 шілде «Өзіңе қамқорлық көрсету» күнінде Danone компаниясының қызметкерлері қазақстандықтардың сүт өнімін пайдалану көрсеткішімен бөлісті.


Қазақстандағы Danone компаниясының сарапшыларының айтуы бойынша, елімізде сүт өнімдерін аз тұтыну салдарынан остеопороз дертінің (сүйекті зақымдайтын созылмалы жүйелі ауру) кеңінен таралуы мүмкін. Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың сүт өнімдерін пайдалану көрсеткіші күніне 700 граммды немесе ересек адамдарға шаққандағы минималды тәуліктік көрсеткіштің 79%-ын құрайды. Дәрігерлер Қазақстандағы остеопороз дертінің 2012 жылдан бастап 8 мәрте* өскенін айтады.


Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Danone компаниясының корпоративтік байланыс жөніндегі директоры Дінмұхамед Айсаутов журналистерге берген сұқбатында: «Биыл біздің компания алғашқы йогурт өнімін шығарғанынан бастап 100 жылдық мерейтойын атап отыр. Компания мен оның әлем бойынша филиалдарының басты ұстанымы – “One planet. One health” («Бір әлем. Бір денсаулық»). Біз сапалы әрі пайдалы өнімдер арқылы әлемді өзгерте аламыз. Бұл қазіргі замандағы денсаулықты нығайтудағы тамақтану мен өмір салтын өзгертуге бағытталған ауқымды жұмыс»,-деді.


Сүт – адамзат дастарқанында осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған тағам. Оның пайдасы туралы Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жиі айтып, күнделікті рационда болу керек дейді. Алайда, майлылығы аз сүт өнімдеріне басымдық беру қажет.


ТегтерданонДенсаулықсүт өнімдерінің пайдасысүттің пайдасыСырласуСырласу журналы


syrlasu.kz: https://syrlasu.kz/sut-onimderinin-paidasi




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет