Секциясы: Физика Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқайың, 2016 жыл



бет1/11
Дата25.01.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7632
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Нахимов негізгі мектебі

Мухамбетрахим Арайлым

9 сынып


Ұялы телефон арқылы берілетін электромагниттік сәулелердің ағзаға әсері

Бағыты: Ғылыми-техникалық даму, экономикалық өсудің кілті ретінде

Секциясы: Физика

Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі

Жарқайың, 2016 жыл

I.Абстракт

3

II.Кіріспе

4-5

III.Негізгі бөлім

6-29

1.Теорилық бөлім «Электромагнитті сәулелер»

6-15

1.1 Электромагнитті сәулелердің адам ағзасына зияны

6-12

1.2 Ұялы телефонды қолданыстағы қателіктер

12-15

2. Практикалық бөлім

16-29

2.1 20, 35 жастан жоғары,60 жастан жоғары адамдардың телефонмен сөйлесіп жатқандағы артериялық қан қысымының өзгерісін байқау.

16-20


2.2 Жұмыртқа арқылы тәжрибе өткізу

21

2.3 Сауалнама арқылы жобаның пайдалану аясын байқау

22-29

2.4 Берілетін кеңестер

30

IV.Қорытынды

31

V.Әдебиеттер тізімі

32

Пікір

33

Мазмұны:

Абстракт

Жұмыстың өзектілігі. Адамның ұялы телефонмен байланысқан жағдайда электромагниттік сәулелердің адам ағзасына әсерін сипаттау. Электромагниттік сәулелердің таралуы, адам миына және қан қысымына әсерін зерттеу. Электромагниттік сәулелер адам ағзасына тікелей әсер етеді. Сондықтан адам ұялы телефонмен байланыс жасағанда миы 10 -қа дейін қызып кетеді. Ғылыми жобада адам ағзасына телефонның қай жағдайда қаншалықты зиян екенін, одан қалай қорғану керек екенін зерттеп қарастырдым.

Зерттеудің мақсаты: электромагниттік сәулелердің адам ағзасына зиянын қарастыру. Ұялы телефонмен байланысқан жағдайда адамның қан қысымының өзгерісін бақылау. Ұялы телефонның адам ағзасына тікелей әсерін зерттеу.

Зерттеудің міндеті: ұялы телефоннан адам ағзасына жететін электромагниттік сәулелердің адам қысымының өзгерісіне әсерін есептеп, диаграммалар арқылы салыстыру, қорытынды жасау.

  • Бірінші теориялық білімді жетілдіре отырып, адам ағзасына электромагниттік сәуле әсерін зерттеу. Ол үшін бірінші 7,8.9 сынып оқушыларына, мұғалімдерге ұялы телефонның зияны туралы баяндама оқылды. Баяндаманың пайдасы жөнінде сауалнама алу.

  • Екінші жас ерекшеліктері әр түрлі 20, 36, 64 жастағы кісілердің ұзақ уақыт (10минут) ұялы телефонмен сөйлесу кезіндегі артериалды қысымның өзгерісін бақылау.

  • Үшінші екі ұялы телефон арасын жұмыртқаны қойып үздіксіз байланыс жасап нәтижесін алу.

Зерттеу аймағы. ұялы телефон байланысының адам ағзасына әсерінің деңгейі

Зерттеудің теориялық негізі: Электромагниттік сәулелер, ұялы телефон.

Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі таңдағы түрлі ауруларға себеп болып жатқан ұялы телефон, компьютердің электромагниттік сәулелер әсері.

Зерттеу әдісі: Салыстыру, сараптау, талдау, өлшеу.

Жүргізілген зерттеудің ғылыми жаңашылдығы: Қарапайым тәжірибелер арқылы адам ағзасына ұялы телефон байланысының әсерінің бар екендігін көрсету, ағзаға зиянын көрсету.



Жүргізілген зерттеулердің практикалық мәні: Адам ағзасына электромагниттік сәулелердің, яғни ұялы телефонның әсері, одан келетін зиян.

Ғылыми жобаның құрылымы мен көлемі: ғылыми жоба 2 тараудан, теориялық және практикалық бөлімнен 4 кесте, 6 диаграмма, 10 әдебиеттер тізімінен тұрады.

Abstract
The relevance of the work: If connected to a mobile phone to describe the effects of electromagnetic radiation on the human body. The spread of electromagnetic radiation on the human brain, and to study the effect of blood pressure. Electromagnetic radiation affects the human body. Therefore, the human brain by 10 anticipated when the mobile phone becomes hot. Research projects the phone about the dangers of what the human body, and considered how to study the need for protection.

The purpose of the study: to consider the harm of electromagnetic radiation on the human body. Mobile phone case, a change in a person's blood pressure control. The mobile phone of a direct effect on the human body.

The research objective: that the human body electromagnetic radiation from mobile phones to calculate the effect of the change in the pressure of the people, charts, by comparison, to make the final.

 improve the theoretical knowledge, the first study of the effect of electromagnetic radiation on the human body. It is the first 7,8.9 school students, teachers read a report on the dangers of mobile phone. A survey report on the benefits.

 The second age different 20, 36, 64-year-old men for a long time (10 minutes) cellular phone changes in blood pressure under control.

Ü between the two mobile phone eggs continuous liaison with the results.

Field of study. The level of the impact of mobile telephony in the human body

Theoretical basis: Electromagnetic radiation from a mobile phone.

The objective of the investigation: the cause of various diseases of modern mobile phone, PC exposure to electromagnetic radiation.

The method of research: Compare, review, analysis and measurement.

Scientific novelty of the study: The most experienced mobile is in effect on the human body, the damage to the body.

The practical significance of the research: the effect of mobile phone electromagnetic radiation on the human body that want to harm him.

Structure and scope of the research project: research projects in Chapter 2, theoretical and practical parts Table 4, Figure 6, 10 list of references.


Кіріспе
Ұялы телефон арқылы берілетін электромагниттік сәулелердің ағзаға әсерін тәжірибелер арқылы көрсетіп, алға қойған мақсат,міндеттерімізді орындай алдық. Қазірде адамдар техникасыз өмір сүре алмайды, онсыз өмірлерін де елестете алмайды. Жай ғана кішкентай болған ұялы телефонның әсері адамның бүкіл дене мүшелеріне,есте сақтау қабілетіне,ми оргондарына,артериялық қысымына әсер етіп,соңында мида ісіктің пайда болыуына себепші болады. Электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал. Оған дәлел ретінде бірнеше тәжрибелер өткіздік. Қарапайым жұмыртқаны екі ұялы телефон арасына қойып байланыс жасағанда нәтижесінде жұмыртқаның дәмі бұзылып,піскенге дейін жетті. Екі ұялы телефонның арасы жақын,біздікі алыс,бірақ жылдар өте келе жұмыртқаның күйіне түсіуіміз мүмкін. Бір ойланып қарайықшы ұялы телефон кішкене бола тура осыншама зиян тигізсе,ал комьпютерші



1.Теориялық бөлім

1.1 Электромагнитті сәулелердің адам ағзасына әсері
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам ағзасына өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.
Электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал.

Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ­йық­тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа­жет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да бас­қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала­ну уақыты сақталынуы ти­іс. (Күндік тиісті уа­қыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір са­ғат сайын, балалар әр 30 минут са­йын үзі­ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын­дағы электро­магниттік өріс дең­гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ­руы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні кішкентай балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың өзінде ұялы телефонсыз үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «ұялы телефон» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. «Ұялы телефон» балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе, жастар күндіз-түні «ұялы телефонға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.

Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес.Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, ғаламтор мен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз...



Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.

  1. "Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.

  2. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

  3. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. 

1 - сурет

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.



  • Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.

 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет