Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу


Мақсаты: Х,һ дыбыстарының айтылуына назар аудартып, олардың айтылуындағы ерекшелікті байқату, х, һ дыбыстары бар сөздердің мағынасын түсіндіру



бет3/4
Дата08.09.2017
өлшемі0,55 Mb.
#30782
1   2   3   4

Мақсаты: Х,һ дыбыстарының айтылуына назар аудартып, олардың айтылуындағы ерекшелікті байқату, х, һ дыбыстары бар сөздердің мағынасын түсіндіру, алған білімдерін кеңейту.

Нәтижесі: Оқушылардың сөздік қорлары дамиды. Сөздерді қатесіз, дұрыс, көркем жазуға,үнемі кітапханамен байланысуға дағдыланады. Өмірмен байланысына мысалдар келтіреді

Қолданылытын әдіс-тәсілдер:«Көрнекілік» стратегиясы,Ойлан, тап, «Кілттік сөздер»әдісі,  Миға шабуыл,  «Лоси» әдісі

Сабақтың барысы:

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Қолданылған

Ресурстар

2мин

Ұйымдастыру кезең

Жағымды ахуал

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.


Құрал-саймандар түгелдеу

 

Оқушының іс-қимылы мен орындайды



 

Оқулықтар, АКТ

5мин

 

 



 

 

 



Топтық ереже құру топқа бөліну

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қандай жеміс-жидек түрлерін білесің?

 Үй тапсырмасын пысықтау.



Тапсырмалар критерийі:

1. –Ц әрпіне мысалдар кеелтір

2. –Ц қандай дыбыс?

3. «Ойлан,тап» 15-жаттығуда шеңбердің бағыты бойынша мақал құрастыр



Оқушымен  ой бөлісу

Жеміс-жидектермен  топқа бөлінеді



  • Алма

  • Апелсин

  • Банан

  • Құлпынай

Сыни ойлана отырып жауаптар алу 

-Ц дыбысы бар сөздерді топ бойынша мысалдар келтіреді –дәптерден жазған сөздерді оқиды.                       



 

 

 


Тақырыбы: Мәтіннің тақырыбы


Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мәтіннің бөліктері туралы түсінік беру. Дұрыс құрылмаған мәтінді қайта құру арқылы сөйлемдердің байланысын көрсету. Мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, көше тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Түрлендіру, талдау, жинақтау, ой қозғау, мағынасын ашу, жұптық жұмыс, ойын
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Ой қозғау
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Үнді дауыссыздарды ата?
3. Ұяң дауыссыздарды ата?
4. Қатаң дауыссыздарды ата?
5. Сөздерді талдау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Қызығушылықты ояту
Сандарды өсу ретімен қойсақ, бүгінгі сабақ тақырыбының аты шығады.

Нәтімегденен?


5 2 3 4 1 7 8 6 9 10 12 11 13

V. Проблемалық әдіс


Бақытжан мен Қазбек әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып жан - жағына қарады. Көрші үйдің қорасы, өртене бастағанын көрді. Екеуі солай қарай жүгірді.
Өртке кінәлі кішкентай балалар болып шықты. Екі бала өртті сөндіруге кірісті.
Екі баланың ісіне ел риза болды.
1. Бұл тыңдағандарың не?
2. Мәтінде неше сөйлем бар?
3. Әр бөлік неден басталған?
4. Сөйлемдер бір - бірімен байланысып тұр ма?
5. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
6. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

Мәтіннің үш бөлімі болады:


Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.
VI. Кітаппен жұмыс
190 - жаттығу. Бірінші, екінші бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы.
Ара - жәндік. Оқушы құстың Ара - бал беретін қанатты
суретін салды. Апам тон тікті. жәндік. Ол гүл шырынымен
қоректенеді. Балды омартаға
жинайды.
Бірінші бағандағы сөйлемдерде не туралы айтылған? Екінші бағанда ше? Қандай айырмашылық байқадың?
Қай бағандағы сөйлемдердің орнын ауыстырып айтуға болмайды? Неге?

VII. Сергіту


Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

VIII. Адасқан сөйлемдер (ойын)


191 - жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.
Бөлменің ауасы таза. Оның терезелері үлкен. Мынау - менің бөлмем. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған.

IX. Ой қозғау


Өз бөлмелеріңді сипатта.

Мәтіннің үш түрі болады


Әңгімелеу (не істеді?)
Сипаттау (қандай?)
Пайымдау (неліктен?)
X. Тіл дамыту жаттығулары 192 - жаттығу Мәтінді оқып, оған ат қой.
Бұғы - сиырға ұқсас мал. Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі. Олар суыққа төзімді. Қыс кезінде қарға батпай жүру қиын. Ал солтүстік бұғылары қарға батпай жүре алады. Сондықтан олар көлік ретінде пайдаланылады. Бұғылар мүк пен қынаны жейді. Қыста қуатты, жалпақ тұяғымен қарды теуіп жайылады.

XI. Шығармашылық жұмыс


1. Бұғы қандай жануар?
2. Бұғының қандай ерекшелігі бар?
3. Солтүстік бұғысы немен қоректенеді?

XII. Тіл дамыту жаттығулары


193 - жаттығу. Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.
Тақырып: Көше тәртібі.
Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол.
Жол тәртібін білейік,
Аман – есен жүрейік!
Үйге: 193 жаттығу.
194 – жаттығу. Ауызша. Қайсысы мәтін екенін дәлелде.
Сейіт пен Досан - аңшылар. Аңшылар кеш оралды.
Екеуінің де бүркіті және Қынаның жапырақтары
тазысы бар. Олар қыста болмайды. Құрылысшылар
аң аулайды. үй салды.

Сөз ойла, тез ойла” (ойын)


Бір сөзден көп сөз ойла.
Бесбармақ

XIII. Қорыту


Мәтін дегеніміз не?
Мәтін неше бөліктен тұрады?
Әр жол қалай жазылады?
Мәтін неше түрге бөлінеді?
XIV. Бағалау

Қазақ тілі 3 сыныбы


Тақырыптар:
1) Мәтін жоспары
2) Мәтіннің түрлері
3) Мәтін тақырыбы

Мәтін жоспары


Сілтеме: жоспар
Мақсаты: Мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.
Күтілетін нәтиже: берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.
Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою», «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.

Психологиялық дайындық


Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде:
Сәлеметсіздер ме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.
Геометриялық фигураларға жазылған сандарға байланысты топқа бөлу
Ой - толғаныс.
- «Менің мысығым» тақырыбына жазған мәтіндерін тыңдау

Жаңа сабақ


Қызығушылығын ояту
«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиялары бойынша жұмыс істеу шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып, жайылып қойылады.
Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызуға болады.
Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Кіріспе.
Мағынаны тану кезеңі


1 - жаттығу. 49 бет
Мәтінді оқы. Мәтіндегі абзацтардың орны ауысқан. Абзацтарды дұрыс орналастыр.
1. Ботаның орамалын ұмытуы
2. Орамалын тауып алуы
3. Ұмытшақтығына ұялуы
2 - жаттығу 50 бет
Сөйлемдерді оқып, қандай қате жіберілгенін табу.
Құстарды қорғау керек, өйткені олар біздің қанатты достарымыз.
Көлдің жағасында балықшылар отыр.
Құстар күзде жылы жаққа ұшып кетеді.
Бұзау өрістен келе жатқан енесін көріп, мөңіреді.

Сергіту сәті.


Ой қорыту:
«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір - бір тақырыпты таңдап алады.
Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады.
Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1 - оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2 - оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3 - оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4 - оқушы оқиғаға өз көзқарсын білдіреді.
Өзін - өзі бағалау, жұптық бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау

Тақырыбы диалог пен монолог

Сабақтың жалпы мақсаты: Оқушылар сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлерінен алған білімдерін тиянақтайды, кеңейтеді.

Міндеттері:
1. Мазмұнға байланысты:
Сөйлеу барысында оқушылар диалог, монолог жөнінде білімдерін өз жұмыстарында қолдана алады. Өткен сабақтан алған білім - дағдыларын жүйелейді.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Үш қадам сұхбат әдісі» арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

Мұғалім сөзі: - Балалар сендер сөйлеудің диалогтік, монологтік түрлерімен толық танысыңдар. Бүгінгі сабағымызда жұпта, топтағы әр түрлі тапсырмалар арқылы диалог пен монолог түрлерін қайталаймыз. Өйткені қайталау – оқу анасы.

І. Қызығушылықты ояту:


309 - жаттығу
Қожаның монологін мәнерлеп оқып, мәтінге ат қойыңдар. Диалогпен салыстырыңдар. Ата - ана туралы монолог жазыңдар.

ІІ. Мағынаны тану.


Кубизм страгтегиясы.
Тақырыпты жан - жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын стратегия.
1. Суреттеңіз: Диалог пен монолог дегеніміз не? Мысалдармен дәлелде.
2. Салыстырыңыз: Диалог пен монологтың ерекшелігі неде? Дәлелде.
3. Қолданыңыз: Диалог, монолог құраңдар.
4. Ойыңызбен байланыстырыңыз: Әдебиет пәнінен өтілген шығармалардың ішінде диалог пен монолог бар ма? Еске түсіріңдер.
5. Саралаңыз: Монолог қалай жасалады? Өздерің құраңдар.
6. Талқыласаңыз: Берілген үзіндіден диалог пен монологты ажыратыңыз.

Көрнекілік әдісі арқылы диалог құрау. (6 топқа сурет беріледі)

Ой толғаныс: Өтілген бағдарламалық материалды жинақтап қорыту.
Әр топқа семантикалық кесте толтыру
Тақырыбы: Хат жазып үйренеміз.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

1.Ақпараттық құзіреттілік: Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларға өз бетімен қосымша ақпарат жинауға мүмкіндік беру.

2. Коммуникативтік: Жинақталған ақпараттар бойынша тақырып ашда тиімді әдістер іздей отырып, оны ашу жолдарын жан-жақты қарастыру.

3.Проблеманы шешу: Сабақта алған білімдерін, ақпараттарды іріктеп «хат жазып үйренудің» жолдарын іс-жүзінде дәлелдей білуге мүмкіндік беру.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: сыни тұрғыдан ойлар дамыту.

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,тренинг.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Оқыту құралдары: интерактивті тақта, жүрекшелер, хатқалталар.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

-Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар,оқушылар!

-Оқушылардың тыныштығын сақтап отырғызу.

-қанеки балалар ойлау қабілеттерімізді дамытып алуымыз үшін «Есімдер» атты психологиялық тренингімізді өткізіп жіберейік.

Шарты: кез-келген есім айтып сол есімнің қай әріптен аяқталатынын аңғарып, аяқталған әріптен басталатын есімдер айту.

-Енді сабаққа қатысуға дайынбызба оқушылар!

-Олай болса сабағымыздыбастайық!

2. Үй тапсырмасын тексеру:

-Оқушылардың алыстағы ағайын-туыстарына жазған хаттарын тексеру.



3.Өткен материялды қайталау арқылы жаңа материялды қабылдауға дайындық:

-Мына барлығымыздың парталарымыздың үстінде жатқан не балалар!

Ж : хат.

-Кімге жаздыңдар!

Ж: туыстарымызға, жақындарымызға т.б.

-Олай болса, мен сіздердің хаттарыңызды тыңдағым келеді!

Ж: барлық оқушыларға оқытамын.

-Сіздердің жақынндарыңыз сендердің хаттарыңызды асыға күтіп отырған болар. Мен бүгінгі сабақта мұғалім емес, пошташы қызметін атқарамын. Мен сендердің хаттарыңызды міндетті түрде жақындарыңызға жеткізуге уәде беремін.



4.Жаңа материялды түсіндіру.

1-жаттығу.

-слайдпен пошташының суретін көрсетемін.

-Көріп тұрғандарыңыз кім балалар!

-пошташы.

-пошташы дегеніміз кім!

Ж:әр оқушы өз ойларын айтады.

-өлеңді слайдпен шығарып қоямын да оқушыоарға хормен оқытамын.

-өлеңнен қандай қосымша мәлімет алдыңыздар балалар!



2-жаттығу.

-оқушылар мен сіздердің хаттарыңызды сөмкеме саоып жатқанымда кейбіреуіңіздің хатқалтаның сыртын дұрыс толтырмағандарыңызды байқадым.

-сондықтан да балалар мен сіздерге хатқалтаның сыртын сауатты толтыруға үйретемін.

-слайдпен шығарып таныстырамын.

Ж: хатқалтаның сол жақ бөлігіне кімге жаздың, сол кісінің толық мекен-жайы жазылады.Ал, оң жақ бөлігіне өздеріңіздің толық мекен жайларыңызды жазуларыңыз қажет.

-қазір оқушылар хатқалтаның оң жағын өзіміз жазып көрелік.

0903010

Ақсай қаласы



Теміржол көшесі, 25 үй, 11пәтер.

Даиров Тілектен .



Сергіту сәті.

Көшеменен келе жатыр пошташы

)олында бар өте ауыр сумкасы

Қане достар бәріміз көмектесейік

Ап-ауыр сумкасын көтерісейік.

Рахмет,балалар өте жақсы балалар екенсіңдер!

-Көмектеріңізге көп рахмет!

3-жаттығу.

Мен аздап демала тұрайын, ал сіздер 3-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындаңыздаршы, жарайма.

Жанар сүйікті ағасына хат жазған екен. Сол хаттың иесіне жежету ретін анықтап , дәптерлеріңізге жазыңыздар.

5.Жаңа материялды бекіту.

Оқушылар менің пошташы қызметінен мұғалім қызметіме ауысатын уақытым таяп қалды. -Менің сіздерге үлкен жүрек хатқалта сылағым келіп тұр.

Ал,мына кішкенежүрекшелерді барлығыңызға таратып беремін, сіздер қасыңыздағы отырған көршілеріңізге арнап хат жазыңыздар!

6.Қорытынды.

-Оқушыларды бағалап. Әр бағларына пікір айтамын.



7.Үйге тапсырма.

4-жаттығу. 60- бет.




Сабақтың тақырыбы : Сөз құрамын еске түсіреміз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қосымшалар жалғанғанда сөз мағынасы өзгеретінін түсіндіру; сөйлемнің сөздерден құралатынынын еске түсіру;

Дамытушылық: Жұрнақ пен жалғаудың бір бірінен айырмашылығын, туынды

түбірлес сөздер туралы білімдерін пысықтау;



Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілік: қосымша тапсырмалар

Қолданылатын әдістер: Топтастыру, Қарама – қарсы элементтер, Соңғы сөзді мен айтамын, Бес жолды өлең стртегиясы

Сабақтың типі: жаңа сабақ

 

Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі



а) Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз,

Қайырлы таң, балалар,

Күніміз сәтті өтсін!

ІІ Қызығушылығын ояту

Қай жұрнақты сөзге жалғасаң, тамақ атауы шығады?



-ба, -бе, -па, -пе, -ым, -ім, -м.

Мысалы: сүзбе,.

Әр топ кестені толтыру барысында 2 – сыныпта алған білімдерін жинақтап, кеңейте түседі. Кестенің екінші, үшінші бөлімдерін өздері толтырады.

 

Дыбыстар



Сөздер

Сөйлем

а – п – а – й

с – ы - н – ы – п

к – і – р – д - і

апай

сынып


кірді

Апай сыныпқа кірді

Жеке тұрғанда мағы-насы жоқ. Дыбыс-талады, әріппен таңба-ланады.

.

.



 

ІІІ Мағынаны тану

Әр топ төмендегі сөздердің бірнеше мағынасын тауып, топтастыру жасайды.

 

 

1- жаттығуда өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табады.



Әдепті, үлкенге, ұятқа, сөзге, мұратқа, шындықты.

 

2- жаттығуда Сөздерді үлгі бойынша жазу.



3 – жаттығуды өзіндік жұмыс. Жеке жұмыс

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық, қолды белге қояйық,

Иіліп солға бір, иіліп оңға бір.

Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым,

Жоғары, тқмен қарайық, орнымызды табайық.

V Ой толғаныс:

Қарама – қарсы элементтер стратегиясы

Мысалы: қыс – жаз, күн – түн, жіңішке – жуан, биік – аласа, ыстық – суық

Оқушылар бұл сөздердің неге қарама – қарсы мағыналы сөздер деп аталатынын дәлелдейді.



Өткенді пысықтау

Балалар түбір мен туынды сөздерді салыстырып оқып, мағыналық айырмашылығын айтуы тиіс. Сөз мағыналарын танытқаннан кейін оған жалғанған жұрнақтарға назарын аудару қажет.



VI Үйге тапсырма: 4-бет 4-жаттығу тапсырылады.

Рефлекция

Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?

Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ ұнады ма?

Кімнің жауаптары ұнады?


Сабақтың тақырыбы: Сөйлемді еске түсіреміз
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың тыныс белгілерінен алған білімдерін тиянақтау, оқушы білімін сарапқа салу, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, сауаттылықтарын арттыру.
2. Дамытушылық мақсаты: Түрлі тапсырмалар, танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: Орындалатын тапсырмалар арқылы оқушыларды елжандылыққа, еңбекқорлыққа, жылдамдыққа үйрету, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру, семантикалық карта, сұрақ - жауаптар
Көрнекілігі: қима қағаздар.

Сабақтың өтілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушыларды түгелдеп, кезекші мәліметтерін тыңдап, оқушы назарын сабаққа аудару.
Оқушылар, біз бүгін тыныс белгілерінен өткендерімізді еске түсіреміз.

Үй тапсырмасын бекіту.


“Мен бастаймын, сен жалғастыр” ойыны
1. Сөйлем аяқталған ….… (ойды білдіреді).
2. Сөйлем сөзден ………… (құралады).
3. Сөйлемдегі сөздер .… (бөлек жазылады).
4. Сөйлемнің бірінші …… (сөзі бас әріппен басталып жазылады).
5. Сөйлемнің соңына ……(нүкте қойылады).
6. Хабарлы сөйлемнен кейін ……… (нүкте қойылады).
7. Сұраулы сөйлемнен кейін ……… (сұрақ белгісі қойылады).

• Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.


• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады
• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады

«Мен тыныс белгісімін» қойылымы

Ілебай: Сен неге осы айғайлай бересің?
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Жөн - жосығыңды түсіндірші,
Жазуда қандай жерде келесің?

Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,


Қуана да, күле де білмеймін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе - ақ көтеріңкі, көңілді жүрем.
Әр іске көңіл күйін білдіріп,
Табысымызға таңданып,
Шаттана күлем!
Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,
Сондай сөйлемдердің соңында келем.
Нүкен мен Нүкте
Нүкен: Ей, кішкентай ғана Нүкте!
Сенің осы керегің жоқ - ау түкке!
Керек болсаң айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орнында тұрам.

Оқулықпен жұмыс


- жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді тап
Үйге тапсырма: «Тыныс белгілер әлеміне саяхат». Өздері қалаған тыныс белгісіне ертегі құрау.
- Жаттығу ( ауызша )
Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдерді тауып айт
- Жаттығу
Үйді құрылысшы салады ма? - Үйді құрылысшы салады.
- Керіктің мойны ұзын ба? - Керіктің мойны ұзын.
- Дәрігер ауруды емдейді ме? - Дәрігер ауруды емдейді.
Сергіту сәті
- жаттығу
Суреттер бойынша әңгіме құрау
1 - сурет Күні бойы доп ойнап шаршаған Еркін сабағына дайындалмастан ерте ұйықтап қалды. Сабаққа киетін киімдерін әзірлемеді.
2 - сурет Еркін таңертең кеш тұрды. Әр киімін әр жерден іздеп, әрең тапты.
3 - сурет Еркін сабаққа кешігіп келді. Ол бұл қылығына қатты ұялды.

Сәйкестендіру тесті


------------------------------ Қасқырдың төлі не?
------------------------------ Мал жайылды.
Хабарлы сөйлем ------- Жүйрік озады
Сұраулы сөйлем ------- Мысық қалай дыбыстайды?
Лепті сөйлем ----------- Өркенің өссін, қарағым!
------------------------------ Тау алыстан көрінеді.

Қорытынды


Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 ә) 3 б) 4
2. Сұрауға жауап болып келетін сөйлемнің түрі
А) сұраулы ә) хабарлы б) лепті
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) білі және жауап алу мақсатымен айтылатын сөйлем
Ә) адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлем
Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі
А) лепті ә) хабарлы б) сұраулы
5. Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап:
Қуану, ренжу, өкіну Ұранды да айтамын
Мақсатым соны сездіру Қарқындап барып қайтамын
А) нүкте ә) сұрау б) леп
6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле
А) көтерді ә) неге б) айтпа
7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле
А) барма ә) сүртпе б) бар ма
8. Сұраулы мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
А) бірқалыпты ә) бәсең дауыспен б) көтеріңкі дауыспен
9. Лепті сөйлем қандай мағына білдіреді?
А) сұраулық ә) лептік мағынаны ( өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)
Б) біреу, бірнәрсе туралы хабарлау
10. «Тұр орныңнан!» деген лепті сөйлем қандай мазмұнды береді?
А) қуану ә) бұйыру б) ұран
11. Лепті сөйлемде лептік мағынаны білдіретін сөздер қалай оқылады?
А) көтеріңкі дауыспен ә) бірқалыпты б) бәсең дауыспе

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:
а)Сөйлем мүшелері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;.
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
1. Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
2. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері дегеніміз –сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай үшке бөлінеді.


Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен,шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше Кемінде екі не одан көп сөзден құралып,бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын,бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы үйірлі мүше болады.

Жаттығумен жұмыс: 34-жаттығу.Әр сөзді сөйлем мүшесіеің белгілерінен қарастырып,сөйлем мүшесі болып тұрғанын немесе сөйлем мүшесі болмай тұрғанын анықтаңдар.


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы қарастырады?
2. Сөйлем мүшелерін нешеге бөлеміз?
3. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Сөйлем мүшесінің белгілері қандай?

Үйге тапсырма: 35-жаттығу..


Бағалау

Каталог: uploads -> doc -> 0093
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0093 -> І. Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті ісім спорт
0093 -> «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» атты интеллектуалды танымдық ойын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет