Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік. Сабақтың типі: білімді меңгерту Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап



бет17/22
Дата31.01.2018
өлшемі3,95 Mb.
#36552
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Эпистолярлық жанр

Жалпы амандықты білдіретін хатттар

Қызметтік хаттар

Шығармашылық хаттар

Жеке хаттар

Жеке іскерлік хаттар

Ресми іскерлік хаттар

Әдебиеттегі хаттар

Жазылу түрі

Қара сөз,өлең түрінде

Қара сөз түрінде

Қара сөз,өлең түрінде

.

Пысықтау жаттығулары.



311-жаттығу.Кітаппен жұмыс (ауызша)

Шығармашылық жұмыстар (өз бетімен жұмыс)

Еркін жазу стратегиясы.


    • Дос құрбыңа хат жаз.

    • Мен сүйетін тұлғаға хат.

    • Бастауыш сыныпта сабақ берген ұстазыңа хат жаз.

    • Болашаққа хат.

    • Туысқандарыңның біріне хат жазып көр.

    • Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» шығармасы, хаттың қай түріне жатады?

    • Мына хаттан не ұқтың?

    • Ойыңды жинақтап айтып бер. (Ш.Уалихановтың Ф. Михайловичке жазған хаты)

    • Берілген хатты толықтырып көр

    • Хат кімге жазылған Эпистолярлық жанрдың қай түріне жатады

    • Хат үзіндісін негізге ала отырып,Ыбырайдың қызметі туралы айтып бер. (Ы.Алтынсариннің В.В. Катаринскийге жазған хатынан үзінді беріледі)

«Екі жақты күнделік» стратегиясы.

Хат-хабаршы.

Плакат –конвертпен жұмыс. Тақтаға ілінген плакат конверттің сыртын толтырып үйрену.

Сабақты бекіту.

1) БҮҮ стратегиясы.

Білемін

Білгім келеді

үйренгенім

Таң қалғаным

Хат жаза білемін . Хаттың қара сөзбен , өлеңмен жазылатын білемін. Мекен –жайды толтырып,хат жолдауды білемін.

Шығармашылық жазу жұмыстарының өзге түрлерімен танысып,білгім келеді. Қызметтік хаттар туралы тереңірек білгім келеді.

Хат жазып үйрендім.

Хаттың әр түрлері болатындығына таң қалдым


2) Топтастыру стратегиясы. Оқушылардың сабақ соңындағы жауабы.
Сауаттылықты талап етеді.



Жазылу реті болады Бірнеше түрі бар


Қара сөзбен де,өлеңмен Шығармашылық жазу

де жазылады. жұмысының бір түрі
Сырыңды сеніп жазуға болады

Үйге тапсырма. Болашаққа хат жазу

«Қазақ тіл білімі» бойынша тест сұрақтары

1.қазақ тіл білімінің неше саласы бар?

А) 2 В) 3 С) 4 Д) 5 Е)6



2.Жалғауцдың неше түрі бар?

А) 2 В) 3 С) 5 Д)1 Е)4



3.Үндестік заңының неше түрі бар?

А) 2 В) 3 С) 5 Д) 6 Е)4



4.Тіл дыбыстарын не зерттейді?

А) лексика В) морфология С) фонетика

Д)синтаксис Е) стилистика

5.Термин сөзді тіл білімінің қай саласы қарастырады?

А)морфология В)лексика С)синтаксис Д) фонетика Е) фразелогия



6. Қайсысы синтаксисте қарастырылады?

А)екпін В) сөз табы С)мағына Д) сөйлем мүшесі Е)қосымша



7.Қайсысы сөз табына жатпайды?

А) шылау В) жіктік С) үстеу Д) одағай Е) есімдік



8. Қайсысының күрделі сөзге қатысы жоқ?

А) туынды сөз В)біріккен сөз С) қос сөз Д) тіркескен сөз Е) қысқарған сөз



9. Сөз табын табыңыз.

А) еліктеу сөз В) кірме сөз С) қос сөз Д) табу сөз Е) кәсіби сөз



10. Пунктуация қай тіл білімі саласының зерттейтін саласы?

А)морфология В)лексика С)синтаксис Д) фонетика Е) фразелогия


«Дыбыс және әріп» бойынша тест сұрақтары
1. Айтылатын және естілетін тілдік құбылыс қалай аталады?

А) үн В) дауыс С) өкпеден шыққан ауа Д) әріп Е) дыбыс



2. Тілдің ең кіші бөлігі не?

А) дыбыс В) буын С) үн Д) кіші тіл Е) әріп



3. Дыбысты немен таңбалайды?

А) сызық В) фонема С) символ Д) әріп Е) әліпби



4. Қай әріп ф әрпінен кейін тұрады?

А) Ұ В) Т С) һ Д) й Е) Д



5. Дыбыс жасалу үшін не керек?

А) Өкпеден шыққан ауа В) дауыс шымылдығы С) ауыз қуысы

Д) мұрын қуысы Е) дыбыстау мүшелері

6.Қайсысы дыбыстау мүшесіне жатпайды?

А) көмей В) мұрын С) тіс Д) тіл Е) езу



7. Қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін дыбысты тап.

А) я В) ц С) у Д) щ Е) ю



8. Әріптердің қай қатары белгілі бір жүйеде емес?

А) з,й,қ,м В) у,т,с,р С) ү,ф,х,һ Д) а,е,о,ұ Е) і,ь,ш,ц



9.Қосарлы дыбысты тап.

А) ш В) ө С) ю Д) у Е) й



10. кірме сөзде ғана болатын әріп қайсы?

А) ф В) п С) ы Д) й Е) б



«Дауысты дыбыс» бойынша тест сұрақтары

1. Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?

А) р,й,л В) л,о,ө С) с,ш,щ Д) а,е,ә Е) к,қ,ғ



2. Қайсысы дауысты дыбысқа негізделеді?

А) буын В) тасымал С) әріп Д) екпін Е) дауыссыз дыбыс



3. Екпін түсетін дыбысты тап.

А) ш В) қ С) т Д)А Е)п



4. Әліпбидегі 12-дыбыс қандай дыбыс?

А) езілік дауысты дыбыс В) ашық дауысты дыбыс С) дауыссыз дыбыс

Д) еріндік дауысты дыбыс Е) жуан дауысты дыбыс

5. Қай дыбыс жуан әрі еріндік дыбыс?

А) Ө В) ы С) а Д) ү Е)Ұ



6. Ашық дауыстының саны қанша?

А) 6 В) 7 С)5 Д) 8 Е) 4



7. Бірыңғай қысаң дауыстыдан тұратын сөзді тап.

А) бұрылу В) кемсіту С) әшкерелеу Д) құдалық Е) өшіру

8. Еріндік дауыстыларды тап.

А) а,ә,е,и В) ы,і,и,э С) а,о,ұ,ы Д) е,и,у,ө Е) ұ,ү,ө,о



9. Қай дыбыс жақтың кең ашылуы арқылы жасалады?

А) ү В) ы С) у Д) і Е) ә



10.Жуан дауыстылар қалай жасалады?

А) Тілдің ұшы кейін тартылып,үсті дөңестену арқылы

В) Тілдің ұшы ілгері созылып жатуы арқылы жасалады.

С) Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалады

Д) Езудің кейін тартылуы арқылы Е) Жақтың кең ашылуы арқылы

«Дауысты дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша
1. Буын талғайтын дыбысты тап.

А) у В) е С) а Д) ә Е) ы



2. Қай сөзде «ы» дыбысы түсіп қалған?

А) жина В) айна С) арна Д) сұра Е) шайна



3.Қай сөзде қате бар?

А) жүзігі В) қорқу С) қина Д) халқы Е) орыны



4. «Ы» дыбысы қай сөзде қате жазылған?

А) шоқу В) жымыю С) шошу Д) сыйымдылық Е) қиылыс



5. Қай сөзде «і» дыбысы жазылмайды?

А) ілезде В) ілес С) ілми Д) іле-шала Е) ілгері



6. Қай сөзге «-а» жұрнағы жалғанбайды?

А) орын В) ойын С) жиын Д) қиын Е) тиын



7. Кірме сөздерде ғана 2-3 –буындарында кездесетін дыбыс қайсысы?

А) ю В) ы С) ұ Д) я Е) й



8. Қай сөзде «у» жуан дауысты дыбыс болып тұр?

А) қуыс В) тауық С) уақ-түйек Д) ауа Е) төлеу



9. Қай сөзде дыбыс пен әріпте айырмашылық бар?

А) қоюлау В) шытырман С) айтыскер Д) қауырсын Е) кісен



10. Қай сөзде «а» дыбысы қате жазылған?

А) жай В) шай С) рәсуә Д) Фәтима Е) күмән



«Дауыссыз дыбыс» тақырыбы бойынша
1.Тек салдырдан тұратын дыбыс қайсысы?

А) а В) п С) й Д) ғ Е) ж



2. Үнді дыбыстардың қатарын тап.

А) у,й,н,р В) г,ж,д,в С) қ,ш,т,ф Д) м,ң,ғ,з Е)й,к,л,м



3. Тек ұяң дыбыстан тұратын сөзді тап.

А) айналмалы В) тасқын С) жазғытұрым Д) ұзағырақ Е) жұғады



4. Қай дыбыстар жұп бола алмайды?

А) п-б В) ғ-қ С) к-г Д) с-ш Е) ф-в



5. Әліпбидегі алғашқы 7-дауыссыз қалай аталады?

А) ұяң В) үнді С) жуан Д) жіңішке Е) қатаң



6. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді?

А) тіл В) ерін С) жақ Д) дауыс Е) салдыр



7. Көбіне қай сөздер қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді?

А) қатаң В) үнді С) ұяң Д) жуан Е) жіңішке



8. Алфавиттегі 13- дыбыс қандай дыбыс?

А) үнді В) қатаң С) жуан Д) еріндік Е) ұяң



9. Дауыссыздарды айтқанда,өкпеден шыққан ауа қайда кедергіге ұшырайды?

А) мұрын қуысы В) ауыз қуысы С) өкпеде

Д) кеңірдекте Е) жақта

10. Қосымшасы үндіден болған сөзді тап.

А) Жазда көлге шомылуға бардық В) Кешке құстар ұясына қонады.

С) Қазақ тілі кітабым сөмкеде екен. Д) Мұраттың ағасы машинамен келді.

Е) Ауылда гүл теруге бардым.




«Дауыссыз дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша
1. Тек кірме сөздерде кездесетін дыбысты тап.

А) щ,х,һ,й В) в,ф,ч,ц С) б,д,г,ы Д) о, э,ю,я Е) ь,ю,я



2.Сөзге дұрыс жалғанған қосымшаны тап.

А) киоскіге В) Омсктен С) актқа Д) шрифтті Е) ромбта



3. Сөзге қате жалғанған қосымшаны тап.

А) ватқа В) граммдап С) металдың Д) Кузбасстан Е) Кириллге



4. Қай сөзде «т» дыбысы түсіп қалған?

А) жұмыстар В) облысқа С) синустар Д) поездар Е) журналистер



5. Қай сөзде бір дыбысы түсіп қалған?

А) Түнде подъездің жарығы сөніп қалыпты. В) Асшылар тамақты кеш дайындады.

С) Қызылордада жаңа ескерткіш ашылды. Д) Олар банктен ақша алды.

Е) Жайлауда демалған өте керемет.



6. Сөзге қате жалғанған қосымшаны тап.

А) парктан В) треске С) съезі Д) ансамбльге Е) рөлі



7. Сөзге қате жалғанған қосымшаны тап.

А) мен жер қазған геолог тармен таныстым. В) Мен таңертең кискіден газет алдым.

С) Базардан 3 килограмдап жеміс-жидек алдым. Д) Біз туристік сапарға шықтық.

Е) Ол машинаның рульіне отырды.



8.Үш дауыссызы қатар келген сөздің дұрысын табыңыз.

А) Оның ағасы киоскке келді. В) Класста ешкім жоқ екен, С) Бұларды штамптау керек

Д) Құмырсқа тынбай еңбек етеді. Е) «Гүлдер» ансамльінің концерті болды.

9. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді тап.

А) Биыл қыста ауа райы суық болды. В) Астана көркейіп келеді. С) Елімізде жетімдер үйі көбейіп барады. Д) Жиналыста көп мәселе қаралды. Е) Алыстан қарауытып біреу көрінді.



10. Қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейтін дыбысты тап.

А) й В) ш С) б Д) з Е) п



«Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша
1. Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?

А) дауыссыз дыбыс В) дауысты дыбыс С) әріп Д) қосарлы дыбыс Е) үнді д/з



2. Қай сөзде 4- буыны тұйық буын?

А) Тарихи жерлерді аралау өте керемет. В) Ата-бабаларымыз өте мәдениетті халық болған.

С) Таудан төменге қарай құлдилады. Д) Ақырын басып үйге жақындады.

Е) Оның туысқаны жау тылында қаза тапты.



3. Буынға қате бөлінген сөзді тап.

А) құ-мырс-қа В) дау-ыл-паз С) би-ік-тік Д) ке-мең-гер Е) бо-яу-шы



4. Бірыңғай жуан буынды сөзді тап.

А) Асылбек кітабын сөмкеден таппады. В) Қыстыгүні үйге көмір әкелдік.

С) Әскерлер күні-түні жүгірді. Д) Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.

Е) Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.



5.Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?

А) тәрбие В) жәрмеңке С) бәтеңке Д) шемішке Е) күртеше



6. Тасымалданбайтын сөзді тап.

А) аспан В) жақсы С) тату Д) ақын Е) шешен



7. Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі?

А) ортаңғы буын В) бірінші буын С) соңғы буын Д) ортаңғы ашық буын Е) ешбір буын



8. Екпін түспейтін қосымшаны тап.

А) Септік жалғауы В) жіктік жалғауы С) тәуелдік жалғауы Д) көптік жалғауы Е) жұрнақ



9. Қай сөзге екпін түспейді?

А) күрделі сөз В) көмекші сөз С) туынды сөз Д) туынды сөз Е) біріккен сөз



10. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?

А) тасымал В)әріп С) дыбыс Д) буын Е) екпін



«Үндестік заңы», «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша

1. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны тап.

А) Омар қалам мен қарандаш алды. В) Ертең емханаға баруым керек. С) Ол оқырмандардың сұрағына жауап берді. Д) Менің туысқаным қалада тұрады. Е) Балалар жұмыс істеп жүр.



2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны тап.

А) -лар,-лер В) –кер,-гер С) –дан,ден Д) –тың,-тің Е) –лас,-лес



3.Қай қосымша буын үндестігіне бағынбай тұр?

А) мансапқор В) кәсіпкер С) төрежан Д) аурухана Е) күлекеш



4. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?

А) барыс септік В) жатыс септік С) шығыс септік Д) табыс Е) көмектес



5. Қай әріпке аяқталған жіңішке буынды сөзге қосымша жуан жалғанады?

А) т В) с С) х Д) ц Е) л



6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз.

А) шекара,баспасөз баспана В) аман-есен,асты-үсті, әрі-бері С) Екібастұз,Алакөл, Бәйгеқұм

Д) отағасы, тасбақа, біршама Е) ешқашан, кейбір, әлдеқайда

7.Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды тап.

А) қара ала В) Бозжан С) көзқарас Д) саққұлақ Е) ала қаз



8. Дыбыс үндестігі деген не?

А) соңғы буынның жуан болуына қарай қосымшаның жуан жалғануы.

В) сөзде жуан-жіңішке дауыстылардың араласып келуі

С) Соңғы буынның жуан болса да, қосымшаның жіңішке жалғануы.

Д) қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі

Е) соңғы буынның жіңішке болуына қарай қосымшаның жіңішке жалғануы



9.Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тап.

А) Мен жастық шағымды сағындым. В) Ол есіктен сыртқа шықты С) Мен тапсырманы түсіндіріп болдым Д) Пышақтың ұшы майысып қалыпты Е) Дауыл басылды.



10. Сөз бен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды тап.

А) Кешкісін есікті ашсын. В) Болат әскерде аспазшы болған С) Оның әкесі соғыстан аман келді

Д) Жомарт жайбарақат отыр Е) Биылғы қыс қатал болды.

«Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша
1. Жазылуда ескерілетін кейінді ықпалды тап.

А) Үйдің ауласы тап-таза. В) Асан суды төгіп тастады. С) Таңғы сағат бесте жолға шықтық

Д) Бұл айтыста Сәкен жеңіп кетті. Е) Ол сөзден жеңіліп масқара болды.

2. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды тап.

А) Біріне-бірі алшақ салынған он шақты үй тұр. В) Жерұйықты іздеп жөнелді.

С) Олжабек табиғатында момын ,қақ-соқпен ісі жоқ кісі. Д) Аманғалидың мазасы болмай отыр

Е) Ғабиденнің «Өмір мен өлім» романы жарық көрді.



3. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды тап.

А) Он жылдың ішінде талай шығармалар дүниеге келді. В) Олардың отау құрғанына биыл отыз жыл болды. С) Бір кездерде ақынның қасына еріп жүрген еді Д) Батыраш тым-тырыс болып ,жерге кіргендей күйге түседі. Е) Соғыс кезінде жаудың қорғанысын бұзып кетті.



4. Кейінді ықпалды тап.

А) Мен бұл өлеңді газеттен жазып алдым. В) Жиылып тұрған халық шулап қоя берді.

С) Далаға шықсаң,көк пен жерді көресің. Д) Ит-адамға шын дос жануар

Е) Екі әскер жолдың шетіне отырып тынықты.



5.Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді тап.

А) жұлын В) құман С) құмұрсқа Д) бұрыс Е) Гүлнұр



6. Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды тап.

А) Менің сұрағаным бола қоймады. В) Сөйлесіп тұрған бала кенеттен тоқтай қалды.

С) Өлі риза болмай,тірі байымас. Д) Менің қазақ тілін үйренгім келеді Е) Су айнадай тап-таза

7. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді тап.

А) Сарыағаш В) дейінгі С) кемеңгер Д) бейбітшілік Е) күндүз



8. Естілуі бойынша жазылған сөзді тап.

А) сыйымдылық В) тайаныш С) қиыншылық Д) жиналыс Е) хайуан



9. Қай сөз орфографиялық нормаға сай жазылған?

А) біріңғай В) Бегарыс С) Жаңғожа Д) бұлұттұ Е) Жанпейіс



10. Дәстүрлі принцп бойынша жазылған сөзді тап.

А) бастаңғы В) диуана С) жаңбыр Д) қоңыз Е) Мақсат



«Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша
1. Неологизмге айналған көнерген сөзді тап.

А) машайық В) сопы С) жамағат Д) діни басқарма Е) муфтият



2. Архаизмнен болған тіркесті тап.

А) үлкен планета В) Абай даңғылы С) нарықтық экономика

Д) валюта бағамы Е) физикалық карта

3. Бұрын көнерген сөз болып қазір нелогизмге айналған сөзді тап.

А) апрель В) ай С) ғасыр Д) апта Е) байрақ



4.Синоним болатын диалектілерді тап.

А) түбек,шүмек В) ауқат,тамақ С) былғары,тері Д) кебеже,сандық Е) қоржын,қалта



5. Көнерген сөздердің қатарын тап.

А) дуанбасы,пролетерият, қаған В) әсемпаз,өнерпаз,қыдырымпаз С) бизнес,карьера,орден

Д) акция,чек,бағалы қағаз Е) тәуелсіздік, егемендік, азаматтық

6. Қай қатар неологизм сөздерге жатады?

А) анализ,скидка В) класс,лампа С) сәулет,пайыз Д) градус,температура Е) хандық,барымта



7. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?

А) көнерген сөз В) диалект сөз С) кірме сөз Д) термин сөз Е) кәсіби сөз



8. «Тырық», «көтерем»диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын тап.

А)зәулім В) шалғай С) арық Д) ескі-құсқы Е) кішкентай



9. Сөйлемдегі диалект сөздерді тап.

А) Табалдырықта отырма. В) Бидайға орақ түскелі тұр. С) Бау-бақшадан жеміс тердік

Д) Бүгін азанда ерте ояндым. Е) Оның нағашысы әскерден келді.

10. Историзмді тап.

А) мешіт В) имам С) жамағат Д) қылует Е) муфти



«Термин», «Кірме сөз», «Кәсіби сөз» тақырыптары бойынша
1.Қай сөйлемде термин сөз бар?

А) Апам ұршық иіріп отыр. В) Жазда қауын-қарбыз жеуге болады. С) Еуразия—ең үлкен құрлық

Д) Кеше қатты бұрқасын болды. Е) Балалар балық аулауға кетті.

2. Терминдерге тән ең басты белгі не?

А) дара мағыналы В) көп мағыналы С) жалпы халыққа түсінікті

Д) белгілі аймақта ғана қолданылады. Е) халық арасында жиі қолданылады.

3. Екі сыңары да кірме сөзден болған қос сөзді тап.

А) адам жаны В) азды-көпті С) тарс-тұрс Д) оқу-білім Е) хат-хабар



4. Әрі термин сөз,әрі кірме сөз болатын сөзді тап.

А) бағам В) ұжым С) қор Д) нарық Е) нотариус



5.Кірме сөздле қандай заңдылық сақталмайды?

А) орфографиялық заңдылық В) орфоэпиялық С) үндестік заңы Д) стильдік ерекшелік

Е) пунктуация

6. Тілдің сөздік құрамын байытатын сөзді тап.

А) диалект сөз В) көнерген сөз С) кәсәби сөз Д) термин сөз Е) кірме сөз



7.Қай кәсіби сөз су шаруашылығыфна жатады?

А) диірмен В) мұрап С) масақ Д) көсеу Е) келі



8. Кәсіби сөздер қатарын тап.

А) ықпал,буын,екпін В) синус,параллель,ромб С) білім,тұрмыс,тіршілік

Д) тұсау,тоқым,үзеңгі Е) ұзын,биік,алыс

9.Синонимдес сөзі тап.

А) жуа,сарымсақ В) қаңылтыр,сым С) қызамық,кекіре Д) сым,леген Е) бал,әсел



10 Диалект сөзден болған кәсіби сөзді тап.

А) шемішке В) полюс С) глобус Д) кернеу Е) тарих



«Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм»тақырыптары бойынша
1. «Мырза жігіт», «кенже бала» сөздері қай сөзге қатысты?

А) дисфемизм В) эвфемизм С) табу Д) көнерген сөз Е) тұрақты тіркес



2. Табиғат құбылысына қатысты табу сөзді тап.

А) ұлыма В) жасыл түсу С) соқырішек Д) жаман ауру Е) дауыл



3. Табу сөздер неден туындаған?

А) салт-дәстүр В) сыпайылық С) ем Д) ырым Е) аты белгісіз болу



4. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу қалай аталады?

А) дисфемизм В( табу С) тура мағына Д) метонимия Е) эвфемизм



5. Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз.

А) найзағай В) қасқыр С) бақиға аттану Д) ұлыма Е) жын



6. Эвфемизмге жататын тұрақты тіркесті тап.

А) қолды болыпты. В) ашық мінез С) жүрек жұтқан Д) тілі күрмелді Е) қарны ашты



7. Эвфемизм бойынша «сөзуарлау» сөзі қай сөзді алмастырады?

А) салақ В) шешен С) мылжың Д) бәдік Е) олақ



8. Қай сөз грек тілінде «сыпайы сөйлеймін» деген мағына береді?

А) эвфемизм В) дисфемизм С) табу Д) идиома Е) архаизм



9. Сөйлемдегі дисфемизмді тап.

А) Оның бір көзінің мүкістігі бар. В) Асанның қартайған шағында бір құлағы естімей қалды.

С) Ақанның бойы ұзын болғандықтан,балалар оны «Ұзынтұра» деп мазақтайтын.

Д) Ұлы Отан соғысынан оралғандардың көбі бір мүшесін соғыс даласында қалдырып кеткен еді.

Е) Болат әрдайым кемтар адамдарға көмектесетін еді.

10. Табу сөзді тап.

А) Келін қайынын өз атымен атамайды. В) Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен. С) Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізді.

Д) Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнтә болды.

Е) Қазақтар кейбір табиғат құбылыстарын өз атымен айтпаған.




«Тұрақты тіркес», «Идиомалық тіркес» тақырыптары бойынша

1. Қай тұрақты тіркес «әділ» деген мағынаны береді?

А) Тонның ішкі бауындай В) Ала жіпті аттамау С) Он саусағынан бал тамған.

Д) Қара қылды қақ жарған. Е) Мұрнынан шаншылу.

2. Антонимдес фразеологизмдерді тап.

А) Су жүрек----жүрек жұтқан В) Мойнына су кету-- ит өлген жер С) Көз жұмды—жүріп кетті

Д) Көзге түртсе көргісіз—тайға таңба басқандай Е) Шашбауын көтеру—тақиясына тар келу.

3. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

А) Мұрнын шүйіру—дәмелену В) сөз беру—таң қалу С) зығыры қайнау--өлу

Д) сілесі қату--әбден шаршау Е) сүттей ұйыды—келіспеді

4. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркесті тап.

А) бауыр басу—ақ саусақ В) таяқ тастам жер—сүт қайнатым уақыт С) екі езуі құлағында—төбесі көкке жету Д) ит арқасы қиянда—маңдайының соры бар Е) көз ілмеу—көз шырымын алу



5. Идиомалық тіркесті тап.

А) Жазда Асанбай аулы осы төңіректің сай-саласын мекендейді.

В) Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз болып біріккен емес.

С) Күз келісімен,бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті. Д) Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты. Е) Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.



6.Мақал-мәтелден тұрақты тіркесті тап.

А) Денсаулық—зор байлық. В) Ештен кеш жақсы. С) Сабыр түбі—сары алтын.

Д) Оқу инемен құдық қазғандай Е) Көп түкірсе,көл болады.


Каталог: uploads -> doc -> 1376
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1376 -> Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірлер және оның қасиеттері. Квадрат теңдеулер. Сабақтың мақсаттары
1376 -> Ұлы күні ұлыстың, басы болсын ырыстың! Дайындаған оқытушылар: А. Н. Баримбекова: А. М. Азанбаева Талдықорған 2016ж
1376 -> Қазақ халқының ауа – райын болжауы
1376 -> Сабақтың тақырыбы: «Қағаз,Қалам және Сияның айтысы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет