Салттылық-сабақтылық категориясы. Салттылық-сабақтылық категориясы етістіктің салттылық және сабақтылық мағыналарынан тұрады



Дата07.02.2022
өлшемі17,05 Kb.
#92031
түріСабақ
Байланысты:
морфология 7


Салттылық-сабақтылық категориясыСалттылық-сабақтылық категориясы етістіктің салттылық және сабақтылық мағыналарынан тұрады. Етістіктің салттылық-сабақтылық мағыналары – етістікке арнайы грамматикалық тұлғалар қосылмай-ақ, етістік негізі арқылы берілетін, дәлірек айтқанда, етістіктің лексикалық мағынасынан шығатын мағыналар. Кез келеген етістіктің түбірі немесе негізі не салт мағыналы, не сабақты мағыналы болып келеді. Салттылық-сабақтылық мағыналар грамматикалық мағына қатарына жатады. Мысалы, оқы етістігі арқылы аталтын қимыл – тура объектіні (тікелей қамтитын затты, кітап, газет, жазу, т.б.) қамтып жасалатын қимыл. Қимылдың осы ерекшелігі оның алдымен лексикалық мағынасын қалыптастыратын негізгі бір компонентке (семаға), одан әрі сабақтылық мағынасына (грамматикалық мағынасына) негіз болады. Семантикасында осындай қасиет бар етістіктерді сабақты етістіктер дейміз. Ал кел етістігінде мұндай қасиет жоқ. Кел қимылы тура объектіні қамтымай-ақ жасалатын қимыл, тіпті бұл қимылдың жасалуына тура объекті мүлдем қажет емес. Сондықтан кел етістігінің лексикалық мағыналдарын құрайтын мағыналық компоненттердің ішінде «тура объектіні қамту» семасы жоқ. Кел етістігінің лексикалық мағынасындағы осы ерекшелік оның салттылық мағынасына негіз болады. Сонымен, лексикалық мағынасында «тура объектіні қамту» семасы бар, грамматикалық мағынасы арқылы тура объектіні атайтын сөзді қажет ететін етістіктерді сабақты етістік, лексикалық мағынасында «тура объектіні қамту» семасы жоқ, грамматикалық мағынасы арқылы тура объектіні атайтын сөзді қажет етпейтін етістіктерді салт етістік дейміз. Салт етістіктердің тура объектіні қажет етпеу және сабақты етістіктердің тура объектіні қажет ету мағыналары етістіктің салттылық-сабақтылық категориясының мағыналарын құрайды.
Етістіктердің салттылық-сабақтылық қасиеттерін айқындау үшін олардың семантикасына көңіл бөлуден гөрі тіркесімділік қабілеттеріне назар аудару – кеңінен қолданылып жүрген тәсіл. Сондықтан оқулықтар мен мәселеге қатысты әдебиеттерде «табыс септігіндегі сөзді (кейбірінде – тура толықтауышты) қажет ететін етістікті сабақты етістік дейміз», «табыс септігіндегі сөзді (кейбірінде – тура толықтауышты) қажет етпейтін етістікті салт етістік дейміз», «табыс септігіндегі сөзбен байланыса алатын етістік – сабақты етістік, табыс септігіндегі сөзбен байланыспайтын етістік – салт етістік» үлгісіндегі анықтамалар беріліп жүр. Ендеше сабақты етістіктердің табыс септігіндегі сөзбен тіркесу қабілеті, салт етістіктердің олармен тіркеспеу қасиеті – етістіктердің салттылық-сабақтылық мағыналарынан туындайтын синтаксистік құбылыс.
Сонымен, сабақты етістіктер арқылы аталатын қимылдардың тура объектіні қамтып жасалу қасиеті сол сөздердің лексикалық мағыналарында «тура объектіні қамту» мағыналық компонентінің (семасының) орын алуына негіз болады. Бұл мағыналық компонент өз кезегінде етістіктердің грамматикалық сабақтылық мағынасына негіз болады. Ал сабақтылық мағына, келесі кезекте, осы қатардағы етістіктердің табыс септігіндегі тура толықтауышпен синтаксистік байланыс орнатуына себеп болады. Сөйтіп, тілдің әр түрлі деңгейіндегі (лексикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына, синтакситік байланыс) сабақты етістіктерге қатысты ұғымдар бірінен бірі туындайтын, біріне бірі байланысп жатқан құбылыстар болып табылады. Бұл құбылыстардың бәрі зат пен қимылдың арасындағы объектілік қатынастан бастау алып жатады.
Зат пен қимыл арасындағы объектілік қатынастың мазмұны етістіктің етіс категриясының тұлғалары арқылы, дәлірек айтқанда, етістікке етіс тұлғалары жамаған грамматикалық мағыналар арқылы өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда, етіс қосымшалары арқылы салт етістік сабақтыға, сабақты етістіктер салт етістікке айналып кетеді.
Етіс категориясы. Етіс – қимыл мен субъект арасындағы әр алуан қатынастарды білдіретін мағыналардан тұрады және ол мағыналар арнайы грамматикалық формалар (етіс жұрнақтары) арқылы қалыптасады. Етістің қимыл мен субъекті арасындағы қатынастарды білдірумен қатар, қимыл мен объект арасындағы қатынастарды өзгерту қасиеті бар.
Қазақ тілінде етістің төрт түрі бар:
  1. Өздік етіс. Қосымшасы: -н,- ын, -ін. Мысалы: жуын, киін, таран, т.б.;


  2. Өзгелік етіс. Қосымшалары: а) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Мысалы, жүргіз, айтқыз, жеткіз, т.б.;




ә) –дыр, -дір, -тыр, -тір. Мысалы, келтір, толтыр, күлдір, т.б.;

б) -ыр, -ір, -ар. Мысалы, өшір, шығар, татыр, т.б.;

в) –т. Мысалы, оқыт, тойлат, кекет, т.б..
3) Ырықсыз етіс. Қосымшалары: а) –н,- ын,-ін. Мысалы, білін, тазалан, т.б.;
ә) -л, -ыл, -іл. Мысалы, қозғал, жинал, т.б..
4) Ортақ етіс. Қосымшасы: -с, -ыс, -іс. Мысалы, жинас, салыс, т.б..
Оқушылар ерте тұрып жуынды. Ол баласына өлең айтқызды. сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар

  1. Оқушылар: оқу- түбірі

-шы – есім тудыратын жұрнақ
-лар – көптік жалғауы
Ерте-үстеу
Тұрып:тұр-етістік
-ып – көсемше жұрнағы
Жуынды:жу – етістік
-ын- ырықсыз етіс жұрнағы
-ды – жіктік жалғауының 3-жағы
2. Ол-жіктеу есімдігі, 3-жақ, атау септігінде.
Баласына: Бала- түбірі,зат есім
-сы – тәуелдік жалғауының 3-жағы
-на- барыс септік жалғауы
Өлең- зат есім
Айтқызды:айт- етістік
-қыз- өзгелік етіс жұрнағы
-ды – жіктік жалғауының 3-жағы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет