Абай атындағы Қазақ – Ұлттық педагогикалық университеті Сарбонна-Қазақстан институты
БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ: 6В04104-ҚАРЖЫ СРСП /РК 1 ТАҚЫРЫБЫ : Ұлттық есепшоттар жүйесінің даму тарихы
ОРЫНДАҒАН: Асан А.Е ТЕКСЕРГЕН: Сапарбаева А.М
АЛМАТЫ Ұлттық экономиканың көрсеткіштерін статистикалық тұрғыдан есепке алмай, макроэкономикалық үрдістерді тиімді жүргізу жəне реттеу мүмкін емес. Макроэкономиканың пəні мен əдісінің ерекшелігі микроталдауда қолданылмайтын түсініктер мен кате- горияларды қолдануды талап етеді.
Ұлттық экономиканы макродеңгейде сипаттау үшін қолданылатын негізгі стандарт – ол ұлттықесепшоттаржүйесі(ҰЕЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын бухгалтерлік есеп- шот нысанындағы кестелер кешені. ҰЕЖ-ніңнегізгімақсаты ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың) қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді əрі жан-жақты талдау үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау үшін, қажетті мəліметтермен қамтамасыз ету. Қазіргі ҰЕЖ экономикалық үрдістер мен экономикалық операцияларды бейнелейтін көрсет- кіштер жиынтығын құрайды.
ҰЕЖ терминін алғаш рет макроэкономикалық ғылымға гол- ланд экономисі ВанКлиффенгізген болатын жəне ол халық шар- уашылығының шеңберлі айналымы үлгісіне негізделеді. ҰЕЖ шет мемлекеттерде қолданыс тапқан жəне осы уақытқа дейін тек батыстық статистикада қолданылып келді. ҰЕЖ-ны құрудың алғашқы талпыныстары мен тəжірибелері Ұлыбританияда 1946 жылы, АҚШ-та 1947 жылы, Францияда 1949 жылы қолданылды. Ал қазіргі заманғы ҰЕЖ-нің соңғы үлгісін ағылшын экономисі, Нобель сыйлығының иегері РичардСтоунжасады жəне осы жаңа стандарт 1993 жылы Біріккен Ұлттар ұйымында мақұлданып, жүзден астам мемлекеттерде қолданылып келеді.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ұлттық есепшот- тар жүйесі арқылы көрсетіледі.
Ұлттық есепшоттар жүйесі жиынтық өнімнің (өндіріс көле- мінің) үш негізгі көрсеткішін:
жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ);
жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ);
таза ұлттық өнімді (ТҰӨ)
жəне де жиынтық табыстың үш негізгі көрсеткішін:
ұлттық табысты (ҰТ);
жеке табысты (ЖТ);
қолда бар табысты (ҚБТ) қамтиды.
ЖҰӨ – бұл кез келген азаматтардың өз елі ішінде жəне басқа елдерде өзінің ұлттық капиталы көмегімен бір жылда өндірген жəне сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлт- тық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан тау- арлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы. Мысалы, жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді. Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді. Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының та- бысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не кірмейді.
ТҰӨ – тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол ЖҰӨ-нен амортизацияны (А) шегеру арқылы анықталады: