Семинарымыздың «Адал және сатылмайтын еңбек»



Дата24.11.2022
өлшемі19,29 Kb.
#159692
түріСеминар
Байланысты:
Документ Microsoft Word (5)
Классный час по теме

Тақырыбы: Адал және сатылмайтын еңбек.
Мақсаты:
Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы семинарымыздың «Адал және сатылмайтын еңбек» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адалдыққа, әділдікке, адал жолмен жүруге үйрету.
Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағлұмат беру . Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл біз осындай
Болайықшы досым – ай
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын осы саяси даму тұрғысынан бір – біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай – қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық деген не?
Ақша беру, ақша алу, пара беру,( ілу)
Айдана: Жемқорлық латынша коррупция сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасымен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекет.
Бекарыс: Түсіндірме сөздігі бойынша сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қызметкерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
Алтынбек: Барлық мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Мәди:Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі парақорлық, бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Рамазан: Яғни пара беруде, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
Диана: Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында белгісі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлердің айналысып отырғанын көрсетеді.
Сапарбек: Әлемнің дамыған 30 еліне кіру мақсаттарына жету үшін біз күшімізді біріктіруіміз қажет, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігуі қажет.
Видеоролик (жемқорлыққа жол жоқ- 1 мин 30 сек.)
Айда: Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілгендей жетістікке жету, сыбайлас жемқорлыққа тек біртұтас ағза сияқты күрескенде ғана мүмкін.
Жанель: Тура биде туған жоқ, Туған биде иман жоқ,- деп қарақылды қақ жарып турасын айтып әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік елу мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта, сол адами қалып парасат биігінде көрінуге тиіспіз.
Аймекен: 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойылды.
Ләззат: Қазақстан Республикасы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.
Айнұр: БҰҰ 2003 жылы 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.
Дайна: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылы 18-ші қарашада қабылданды.
Көрініс:
Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады?
Пара бермей және алмау. Адал болу, әділ болу, мақсатты нәтижелерге жету үшін өз мүмкіншілігімен, еңбегімен жету.
Видеоролик. (1 мин 5 сек.)
Ал балалар біздің тақырыбымыз «Адал және сатылмайтын еңбек» жайлы не айтасыңдар?
Рамазан: Адал еңбек адамды табысқа, бақытқа, қуанышқа жеткізеді. Адам еңбектің дәмін өзі тер төккенде ғана жақсы сезінді.
Мұғалім: «Еңбектің пайдасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Диана: Еңбектің пайдасы тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді. Өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді.
Мұғалім: Еңбектену адамға не үшін қажет?
Мәди: Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Ол өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады.
Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды.
Айда: Еңбекқорлық адамды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, мақсат қоюға адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және шығармашылыққа жетелейді.
Сапарбек: Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
Әмір: Адам ең бастысы, еңбектенуге яғни адам бір іске күш қуатын ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік, адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа арманыңа жетесің. Арманың орындалса өзіңді бақытты санайсың.
Жанель: Адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38-қара сөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық деген екен».
Мұғалім: Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап.
Қор қылады қулығын ішке сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап- деген екен Абай атамыз.
Жарайсыңдар балалар ал енді кішкене сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Рамазан: Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық ол анық,
Қазақстан 2050 айқын жол,
Күресейік жемқорлықты жояйық.
Мәді: Әр ата-ана өнеге берсін балаға
Тәрбиесіз шоқ жұлдызың жанама
Адалдыққа даналыққа үйретсең
Жолдан таймас ар болған соң санада.
Айдана: Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
Жанель: Егеменді өсер елде тұрам мен.
Білдіремін сезімімді жыр-әнмен
Жолыменен Елбасының жүрейік,
Жемқорлыққа жол жоқ деген ұранмен.
Дайна: Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз
Сонда ғана жер гүлденер ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз өсеміз.
Ал енді еңбек, адалдық, әділдік жайлы мақал-мәтелмен сабағымызды қорытындылаймыз.
1. Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2. Адалдық ардың ісі.
3. Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
4. Ақиқат сөзде алалық жоқ.
5. Әділ айтқан жеңер.
6. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
7. Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады.
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап деген екен Абай атамыз.
Ендеше құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар.
Жүректен-жүркке деп бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет