Семинарлық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат


Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған



бет12/12
Дата12.11.2016
өлшемі1,92 Mb.
#1593
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


10. Оқу, өндірістік, дипломалды сарамандар өту мен есептік құжаттар формасынан өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар жоспарланбаған
11. Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау


  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы пәні бойынша білімді бағалау кестесі.

Бағалау критерийлері

Бағалау түрі

Жұмысқа берілетін балл

Орындалған жұмыс көлемі

Дәрістегі белсенділік

100

30

Семинардағы жұмыстағы белсенділік

100

15

СОӨЖ-дағы белсенділік

100

45

СӨЖ орындауы

100

45

Жеке тапсырмалар

100

6

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

N

Ағымдық бақылау

100

2

Емтиханға жіберілетін рейтинг

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы

Қорытынды бақылау (емтихан)

(Р1+Р2)/2




Қорытынды

Ағымдық бақылау * 0,6




Жеке тапсырмалар

100*0,4




Рубеждік бақылау

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже



Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және семинар материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

11.1 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.



11.2 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

    1. Ерте палеолиттің тарихи шеңбері, археологиялық ескерткіштері.

    2. Ерте палеолиттегі табиғи жағдай.

    3. Ерте палеолиттегі еңбек құралдары.

    4. Орта палеолиттің тарихи шеңбері, археологиялық ескерткіштері.

    5. Орта палеолиттегі табиғи жағдай.

    6. Орта палеолиттегі еңбек құралдары.

    7. Кейінгі немесе соңғы палеолиттің тарихи шеңбері, археологиялық ескерткіштері.

    8. Кейінгі палеолиттегі табиғи жағдай.

    9. Кейінгі палеолиттегі еңбек құралдары.

    10. Ерте тас дәуіріндегі адамзаттың даму сатылары.

    11. Ерте тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымдасуы.

    12. Орта тас дәуірі немесе мезолит кезеңінің тарихи шеңбері.

    13. Мезолиттегі табиғи жағдай.

    14. Мезолиттегі археологиялық ескерткіштер.

    15. Ең алғашқы механизм.

    16. Неолиттің тарихи шеңбері.

    17. Неолит төңкерісі.

    18. Энеолиттегі басты екі ерекшелік.

    19. Энеолиттің тарихи шеңбері.

    20. Атбасар, Маханжар, Ботай мәдениеті.

    21. Қола дәуірінің тарихи кезеңі.

    22. Қола дәуіріндегі қоғамдық ұйым.

    23. Қола дәуірінің үш ерекшелігі.

    24. Не себептен Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі мәдениет Андронов мәдениеті деп аталды.

    25. Қола дәуіріндегі кейінгі кезеңдегі Беғазы-Дәндібай мәдениеті қай жерден анықталды.

    26. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің археологиялық ескерткіштері және кезеңі.

    27. Андроновтықтардың жерлеу ғұрпы.

    28. Қола дәуіріндегі петроглифтер.

    29. Адамдардың темірді ең алғаш пайдаланған кезі.

    30. Сақтар өмір сүрген кез.

8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Сақтар туралы деректер тобы.

  2. І Дарийдің Бехистун жазбаларында кездесетін сақтардың тобы, олардың өмір сүрген территориясы.

  3. Сақтардың парсылармен болған азаттық үшін күресі.

  4. Сақтардың грек-македониялықтармен азаттық үшін болған күресі.

  5. Сақтардың қоғамдық ұйымдасуы.

  6. Сақтардың шаруашылығы.

  7. Сақтардың мәдениеті.

  8. Сақтардың өнері.

  9. Сақтардың діни түсінігі.

  10. Апасиактардың астанасы.

  11. Үйсіндер сақтардың орнына Жетісуға келуі.

  12. Үйсіндер туралы тарихи деректер.

  13. Үйсіндер мемлекетінің негізін қалаған Елжау би.

  14. Үйсіндердің астанасы, мемлекеттік ұйымдасуы.

  15. Үйсіндердің территориясы, шекарасы.

  16. Үйсіндердің шаруашылығы.

  17. Ғұндар қытай деректерінде.

  18. Ғұндардың Қазақстан территориясына алғаш қоныс аударған кезі.

  19. Ғұндардың Орта Азиядағы ұлы империясының негізін қалаушы.

  20. Ғұндардың территориясы.

  21. Ғұндардың қаңлылармен, үйсіндермен, қытайлықтармен жүргізген соғыстары.

  22. Ғұндар қашан Қазақстан территориясына екінші рет қоныс тепті.

  23. Аттиланың Шығыс Еуропаға жасаған жорықтары.

  24. Қаңлылар жазба деректерде.

  25. Қаңлылар мекен еткен территория.

  26. Қаңлылардың астанасы.

  27. Қаңлылардың саяси тарихы.

  28. Сармат-савроматтар мекен еткен территория.

  29. Полихромдық стиль.

  30. Оңтүстік Қазақстан ЕТД-де.

  31. Жетісу ЕТД.

  32. Шығыс Қазақстан ЕТД.

  33. Орталық Қазақстан ЕТД.

  34. Солтүстік Қазақстан ЕТД.

  35. Арал-Каспий даласының тайпалары.

  36. Үйсіндердің, ғұндардың, қаңлылардың шаруашылығы, мәдениеті.

  37. Ұлы Жібек жолы.

Емтиханға дайындық сұрақтары.

1. Ерте палеолит дәуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?

2. Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері?

3. Адамдардың алғашқы бірлескен ұйымы?

4. Дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар қалыптасқан дәуірді атаңыз?

5. Ерте палеолитте қарудың кең тараған түрі?

6. Мустьеліктер өлген адамды қалай жерлеген?

7. Алғашқы діни сенім қай дәуірде қалыптасқан?

8. Өнердің пайда болуы (сурет, мүсін, би) қай дәуірге сәйкес келеді?

9. Аналық рулық қатынас (матриархат) аталық отбасылық рулық қатынасқа (патриархат) қашан орын берді?

10. Сақтар туралы барлық информациялық массив неше баспадан тұрады?

11. Дарийдің Бехистун жазбаларында сақтардың қандай тобы аталады?

12. Ғұндарда қандай сала жоғары дамыған?

13. Ғұн шаньюйінің ұлы Модэ кімдерге кепілдікке берілді?

14. Үйсіндер кең дипломатиялық және туыстық қарым-қатынаста:

15. Қарғалы диадемасындағы қанатты аттар нені бейнелейді?

16. Сицилиялық король Роджер ІІ –нің тапсырысымен жазылған қимақтар жөнінде өте құнды мәлімет кездесетін еңбек пен оның авторы?

41. Орта палеолит (мустьер) дәуірі қандай жыл аралықтарын қамтиды?

42. Орта палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері?

43. Аналық рулық қоғамның белгілері қай дәуірде қалыптаса бастаған?

44. Орта палеолит дәуіріндегі Орталық Қазақстанна табылған ескерткіштердің ең көнесі қай облыс жерінде?

45. “Саналы адам” сүйегі тұңғыш рет қай жерден табылды?

46. Төменгі (ерте) палеолитте адамдар тасты жару үшін қандай тасты қолданған?

47. Неолит дәуіріндегі керамика ыдыстарына қандай өрнектер тән?

48. 100 метр қашықтыққа ұшатын, орақ тәріздес қару?

49. Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды?

50. Жерленген андроновтық адамдардың басы қаратылған көкжиектің тұсы?

51. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің Андронов мәдениетінен ерекшелігі?

52. Көптеген тайпалар үшін темір ашу және кеңінен қолдану қай кезеңге жатады?

53. Ираннның алғашқы мәліметтерінде сақтарды қалай атаған?

54. Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадария) қай жерді мекендеген?

55. Сақтардың аримаспа деп аталатын тайпасы қай жерді мекен еткен?

56. Б.з.б. VIғ. сақтар кімдермен соғысты?

57. Понтий патшасы Митридаттың туы астында Риммен соғысқан қандай тайпалар?

58. Б.з.б. 3ғ. үйсіндер сақтарды қай территорияда ауыстырды?

59. Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызыл Аңғар) қаласы қай жерде орналасқан?

60. Қытай деректерінде кездесетін “Хунну” термині қандай мағына білдіреді?

61. Хунну туралы ең алғаш жазған қытай тарихшысы Сыма Цяньның еңбегі қалай аталады?

62. Ғұндар Қазақстан жеріне қай жерден және қашан келді?

63. Б.з.б. 3ғ. ғұн тайпаларының шанюйі болып сайланған кім?

64. Қай ғасырда ғұндар Еуропаға жеріне қоныстанады?

65. Л.Гумилевтың пікірінше б.э.д. 36ж. хундар қытайлықтардан жеңілген соң неше тармаққа таралған?

66. Мөде тәңірқұты, оның ұлы Лаушаң тәңірқұты билеген кезде хундарға тәуелді болған үйсін гуньмосы?

67. Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы қай жерде болған?

68. Қаңлылар қандай тайпалармен соғыс жүргізген?

69. Қытай деректері түріктерді кімнің ұрпақтары деп есептейді?

70. Кейінгі (соңғы, жоғарғы) палеолит дәуірі қай жыл аралықтарын қамтиды?

71. Кейінгі (соңғы, жоғарғы) палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері?

72. Мезолит кезеңінде жебемен садақтың доғал және домалақ ұштары қандай мақсатта пайдаланылды?

73. Түгіскен кесенісі қай жерде орналасқан және қола дәуірінің қай кезеңіне жатады?

74. Сақ қоғамы қандай үш топқа бөлінді?

75. Археологтар тапқан “Алтын адам” қай ғасырға жатады?

76. Қай ғасырда Александр Македонский сақтармен соғысты?

77. Сақ өнерінде “аңдық стиль” пайда болған ғасыр?

78. Үйсін мемлекетінің негізін қалаушы?

79. Үйсіндердің батыс шекарасы кімдермен шектесіп жатырды?

80.Ғұндардың Қазақстанға екінші рет қоныс аударуы қай жылы басталды?

81. Ғұндар б.з.б. 177-176жж. кімдермен кескілескен шайқасқа түсті?

82. Ғұндар б.з.б. 174-167жж. кімдермен одақтасып, кімдерді жеңеді?

83. Ғұндар Еуропадағы қай мемлекеттің этникалық негізін қалады?

84. Ғұндармен қосылып Испанияға дейін жеткен қандай тайпалар?

85. Б.з.д. 36ж. қытайлармен болған соғыста жеңіліп, бір тармағы қазіргі Қазақстан территориясы, Еділ мен Жайық аралығына қоныстанғандар?

86. Модэ тәңірқұтынан әуелі дүлдүл тұлпарын, содан соң ханымын, ең соңында жерін сұраған кімдер?

87. Қаңлылардың астанасы жазбаша деректерде қалай аталады?

88. Қаңлылар өз жерлері арқылы өткендіктен бақылау жүргізетін сауда жолы:

89. Мезолит кезеңі қай жылдарды қамтиды?

90. Неолит дәуірі қандай жылдар аралығын қамтиды?

91. “Неолит төңкерісі” дегеніміз не?

92. Сексеуіл тұрағы қай дәуірдің түрағы?

93. Қаратау ауданында табылған тастағы суреттерде 50 шақты ненің суреттері салынған?

94. Қатты кендерді өндіруде андроновшылар қандай әдісті пайдаланды?

95. Андроновшылар жұмсақ кенді өндіруді қандай әдісті пайдаланды?

96. Кейінгі қола дәуіріне жерлеудің қай түрі тән?

97. Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда) қай жерді мекен еткен?

98. Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) қай жерді мекен еткен?

99. Қазақстан жеріне қоныс аударуда ғұндарды кім басқарды?

100. Аттила ағасы Бледені өлтіріп, қашан жалғыз өзі билік құрады?

101. 451 ж. Аттилаға қай жерлер бағынды?

102. Хундардан алғашқы соққыны алғандар кімдер?

103. 395 ж. хундар қай аймаққа шабуыл жасады?

104. Сармат тайпалары Қазақстанның қай бөлігін мекен еткен?

105. Диадордың айтуы бойынша Скифия жеріне басып кіріп, халқын қырғанға ұшыратқан кімдер?

106. Прохор мәдениеті қай кезеңдегі сарматтарға тән?

107. Шығыс Еуропадан Солтүстік Монғолияға дейінгі жазық белдеуді мекендеген, ең түркі тілдес тайпа?

108. VIғ. Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан мемлекет?

109. Ашель дәуіріне жататын, тастың екі жағында өңдеу арқылы жасалатын құрал?

110. Ерте палеолит дәуіріне жататын бір жақ шеті үшкерленген “Д” әріпі тәріздес келген құрал?

111. Қатты затпен тастың сынықтарын қысу арқылы еңбек құралының негізін жасақтайтын техника?

112. Ктесий еңбектерінде сақтар жөнінде қандай мәліметтер берілген?

113. Геродоттың деректерінде сақ тәніндегі әшекей нені білдіреді?

114. Ғалымдар салт атты сақтар бейнеленген тастағы бедерсуретке қарап, ат-әбзелдерінің пайда болған уақытын қалай көрсетеді?

115. Жан-жануарлар дүниесін білдіретін ою-өрнектер?

116. Үйсін мемлекеті қашан ұлы күнби және кіші күнби деп бөлінді?

117. Үйсін мемлекетінде дулы(дұғлұ) қандай қызмет атқарған?

118. Үйсіндердің жер суландыру жүйесінің іздері қайдан табылған?

119. Үйсін мемлекетінің күнбиі Елжау би билік құрған жылдар?

120. 965 ж. оғыз жабғуымен хазарларға қарсы әскери одақ құруға келіскен Киев князі?

121. Жазба деректерде қаңлы елі өз ішінде неше иелікке бөлінген?

122. Жи иелігінің орталығы?

123. Битен қаласының орнын жапон ғалымы Сиратори қай қаланың маңында болса керек деп мөлшерлейді?

124. Кирдің денесі қай қалада жерленген?

125. Мидия мемлекеті қайда орналасқан?



126. Лидия мемлекеті қайда орналасқан?
12.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыру.

Бағдарламаның атауы:

Жазылған:

Сақталған жері:

«Отечественная история»

CDR - диск

ҚР тарихы кафедрасы

«Этногенез уйсуней»

USB

ҚР тарихы кафедрасы



13.Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі – кесте бойынша.

Корпус - № 3, аудитория - 201.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет