Серікбай Бисекеев Бəрі де өз қолыңда



Pdf көрінісі
бет1/84
Дата11.05.2023
өлшемі2,75 Mb.
#176507
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Бәрі де өз қолыңда KaiyrbekShaguanuly ҰБТ
9Ә эл.почтаWord



Серікбай Бисекеев
Бəрі де өз қолыңда
«Бəрі де өз қолыңда» кітабында танымал бизнесмен
Серікбай Бисекеев өзінің жетістікке жетуіне көмектескен
өмірлік ұстанымдарын жазды. Автор оқырмандармен
ашық əңгімелеседі, өз өміріндегі жəйттарды бүкпесіз
жайып салады, жетістікке жету құпияларымен бөліседі,
ісін жаңадан бастаған кəсіпкерлерге кеңестер береді.
Кітап қазіргі менеджерлерге, бизнесті енді ғана
бастағандар мен өз кəсібі жайлы армандайтын немесе
өмірден өз жолын іздеген адамдардың қажеттілігіне
жарайды.


ПІКІРЛЕР 
«Серікбайдың кітабын оқып отырып, оның өзім
жайлы екенін түсіндім. Бизнесті бастағанымда дəл
осындай сəттерді бастан кешірдім, оның əрбір сөзіне
қосыламын: «Армандаңыз жəне күн сайын сол
мақсатыңызға жақындататын қадам жасаңыз. Көздеген
нəтижеге жету үшін осының өзі жеткілікті болмақ».
Шынымды айтсам, Серікбай маған кітабын оқуға
бергенде: «ісі өрге домалаған, алайда орта жолға келген
кəсіпкерге кітап жазып, осылайша қандай да бір
қорытынды жасаудың не керегі бар?» деп ойлағанмын.
Бірақ кітаптың басын оқып, қызығып, оған кіріп кеткенім
соншалықты, алғашқы 30 бетін басып шығарып, 12 жəне
15 жастағы кіші ұлдарыма оқуға бердім. Оларға мұнда
жазылған дүниелерді білу өте маңызды!
Ал кітапты соңына дейін оқып шығып, оны өз
əріптестерім мен серіктестеріме сыйлаймын деген ойға
келдім. Себебі, онан оқып-білетініміз мол жəне өткенді
еске алатынымыз көп»
Олег Хусаенов
«Ресейдің жыл кəсіпкері-2009»,
«Атлант-М» халықаралық автомобиль холдингінің
негізін қалаушы жəне PEF «Зубр Капитал» басқарушы
компаниясының жетекшісі
«Табысты кəсіпкер болу үшін менеджмент пен
маркетинг бойынша кітаптарды оқып шығу аздық етеді.
Ақша, байланыс, биліктің болуы да жеткіліксіз. Одан да
үлкені – арман мен қанаттандыратын идея жəне өз-өзіңе
мол сенім керек! Осының бəрі Серікбай Бисекеевтің «Бəрі
де өз қолыңда» кітабында бар. Ол сізге табысты өмірді дəл
бүтін бастауға түрткі болып, ынталандырады. Оқыңыздар,
армандаңыздар, батыл болыңыздар жəне өз өздеріңізге
сеніңіздер!».


Самвел Аветисян
жетекші ресейлік маркетолог жəне брендмейкер,
«Архидея» маркетингтік компаниясының басқарушы
серіктесі, «Синергия» университетінің маркетинг жəне
брендинг кафедрасының меңгерушісі
«Кəсіпкерлердің бизнес жəне өмір жайында жазған
кітаптарын оқығанды жақсы көремін. Алайда, Серікбай
Бисекеевтің кітабы жеке кітапханамнан айрықша орын
алатын болады. Бұл іс жүзінде жарамды кеңестері көп,
үлкен əрі сапалы еңбек қана емес, сондай-ақ 90-шы
жылдардағы қиын-қыстау заманда ісін бастаған жəне
бизнесте де, адам ретінде дамуда да үлкен нəтижелерге
қол жеткізген менің отандасымның басынан кешкендері.
Бүгінде оның жолы кəсіпкер болғысы келетін, алайда ісін
неден 
бастарын 
білмей 
жүрген 
мыңдаған 
жас
қазақстандыққа үлгі бола алады. Бұл кітапты оқып
шығып, көптеген адамдар өз пайдасына жарайтын
жауаптар алады.
Жəне кітаптың балаларымызды тəрбиелеуде үлкен оң
əсер беретінін атап өткім келеді: ол ерік-жігерлерін жану,
армандай 
білу 
жəне 
ұдайы 
өсу. 
Барлығымыз
балаларымыздың жетістікке жеткенін, бақытты болғанын
қалаймыз. Алайда, адам бəріне өз күшімен қол
жеткізгенде ғана өзін шын бақытты сезінеді. Мықтылар
мұқалмай, тек алға қарай жүреді!».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет