«Шешендік өнер» сабағының мақсаты



бет1/53
Дата11.09.2020
өлшемі0,7 Mb.
#77679
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
шешендік өнер
Қоғамның даму кезеңдері және тәрбиенің рөлі

Түсінік  хат

      «Шешендік өнер әліппесі» таңдау курсының бағдарламасы   жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал  ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең – жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқаулары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздей отырып, «Шешендік өнер әліппесі» таңдау курсы  ана тілі пәніне негіздей отырып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Бұл жинақ бастауыш білім беруде «Әдебиеттік оқу» пәніне қосымша сабақ ретінде алынып отыр. Осы орайда көмекші құрал  ретінде М.Құлкенов, К. Ерешева, Ж.Әбділданың «Шешендік өнер әліппесі» оқу құралына сүйене отырып, 1-4 сыныптарға арналып, 1 сыныпқа 33 сағат, 2-4 сыныптарға 34 сағаттан жоспар құрылды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет