Сөж пәні: Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы Мамандық



бет1/5
Дата15.12.2021
өлшемі126,62 Kb.
#101088
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Бердіхан Бахаргүл


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



СӨЖ

Пәні: Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы

Мамандық: Қазақ филологиясы 201-топ

Орындаған: Бердіхан Бахаргүл

Тексерген: Салқынбай Анар

Алматы 2020 жыл



  1. Көпмағыналылық негізінде дамыған негіздердің мағыналық құрылымы. Нақты мысалдар бойынша сараптамалық талдау жасау.

Кез келген тілдік бірліктің жасалуы, танылуы уақыт факторына тәуелді. Бірнеше маңызды белгіні таңбалау қажеттігі, болмыстың ішкі қасиеті мен мәнінің адам баласына бірте-бірте танылғандығы әлем бейнесін тілде таңбалау процесінде көпмағыналылықты туғызды.

Демек, көпмағыналықтың пайда болуының негізгі себебі – адам танымының өсуі арқылы болмыстағы заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілері мен қасиеттерінің атауын бір-бірімен байланыстыра, шендестіре, алмастыра, теңей атауы.

Мысалы, тілде белсенді қолданылатын «бай» сөзіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай анықтама берілген екен:

БАЙ I 1.Меншігінде қыруар мал-мүлкі бар ауқатты адам.



  1. Өте көп, көл-көсір.

  2. Жеткілікті, мол.

II Әйелдің некелескен қосағы, күйеуі.

Көрсетілген мағыналардың ішкі құрылымын тарихи тұрғыдан, семантикалық жүйеден зерделегенде, арнайы мағыналар арасында ортақ семаның ,өзек семаның бар екенін аңғару қиын емес. «Бай» атауының жеке номинативті мағыналарға жіктеліп, семантикалық дамуға жетуі, сөйтіп бірнеше жаңа мағына беретін таңбалар туғызуға себепші негіз болуы, ең алдымен, халықтың дүниетанымымен және контексте жүйелі қолданылуымен байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет