Су-т‰з алмасуы реттелуі



бет1/32
Дата11.03.2022
өлшемі1,12 Mb.
#135103
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Су-т‰з алмасуы реттелуі




ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Биологиялық химия кафедрасы

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БИОХИМИЯ
СУ – ТҰЗ АЛМАСУЫ


БҮЙРЕК ЖӘНЕ НЕСЕП БИОХИМИЯСЫ
Оқулық құралы


Қарағанды
Су - тұз алмасуы

Патология кезінде біршама жиі бұзылатын зат алмасуының бірі су-тұз алмасуы болып табылады. Ол су мен минералдық заттардың ағзаның сыртқы ортадан ішкі ортасына және керісінше үнемі, тұрақты түрде, алмасып отыруымен байланысты.


Ересек адамның ағзасындағы судың үлесіне дене массасының 2/3 бөлігі (58-67) келеді. Олардың жартысына жуық көлемі бұлшықеттерде жинақталған.
Суға қажеттілік (адам тәулік сайын 2,5-3 л сұйық қабылдайды) оның сусын түрінде (700-1700 мл), тағам құрамындағы су түрінде (800-1000 мл) және ағзада зат алмасуы кезінде түзілетін эндогендік су 200-300 мл (100 г май, протеин, көмірсу ыдырауға түскенде сәйкес түрде 107, 41, 55 г су бөлінеді) есебінен толықтырылады. Эндогендік сулар салыстырмалы түрде көп мөлшерде майлардың тотығуы үдерісінің активтелуі кезінде синтезделеді. Бұл ұзаққа созылған стресс жағдайлары, симпатикалық-адреналдық жүйенің қоздырылуы, семіздіктен арылу кезінде қолданатын диетотерапия тәріздес әртүрлі жағдайларда байқалады.
Тұрақты өтетін үдеріс судың, міндетті түрде, ағзадан шығарылуы есебінен ағза ішіндегі судың көлемі өзгеріссіз сақталады. Мұндай шығарылу жолдары бөлінеді: реналдық (1,5 л), экстрареналдық (асқазан-ішек трактісі арқылы шығарылу) (50-300 мл), тыныс алу және тері арқылы (850-1200 мл). Міндетті түрде ағзадан тәулік бойы судың шығарылуы барлығы 2,5-3 л болады. Бұл көп жағдайда ағзадан шығарылатын шлактардың мөлшеріне тәуелді болады.
Судың қызметі. Судың тіршілік үдерісіне қатысуы біршама әртүрлі. Су көптеген қосылыстар үшін еріткіш болады; кейбір физика-химиялық және биохимиялық айналулардың тікелей компоненті болады; эндо- және экзогендік заттардың тасымалдаушысы болады. Мұнан басқа, ол, байламдар, бұлшықеттердің, буын шеміршектерінің үйкелістерін бәсеңдетіп (сол арқылы олардың қозғалуын жеңілдетіп) механикалық қызметті атқарады. Су ағзаның термореттелуі үдерісіне қатысады. Су, оған тәуелді, плазманың осмостық қысымының шамасын (изоосмияны) және сұйықтың көлемін (изоволемияны), қышқылдық-сілтілік қалыптың реттелуі механизмдері қызметін, температураның тұрақтылығын қамтамассыз ететін (изотермияны) үдерістердің өтуіне қатысып гомеостаздың ұсталуын қалыптастырады.
Адам ағзасында су келесі негізгі үш физика-химиялық қалыпта болады: 1) бос, немесе, мобилденген су (ол судың жасушаішілік бөлігін, қанның, лимфаның құрамындағы суды, интерстициалдық суды құрайды); 2) гидрофилдік коллоидтармен байланысқан су; 3) протеиндер, майлар, көмірсулар молекулалары құрылымына кіретін конституциалдық суға бөлінеді.
Массасы 70 кг ересек адамның ағзасында бос судың және гидрофилдік коллоидтармен байланысқан көлемі дене массасының 60-ын немесе 42 л құрайды. Бұл сұйықты құрайтындар: жасуша ішілік су (оның үлесіне дене массасының 28 л, немесе 40 келеді) бұл жасуша ішілік секторды құрайды және жасуша сыртылық су (оның үлесіне дене массасының 14 л, немесе 20 келеді) жасуша сыртылық секторды құрайды. Соңғысының құрамына тамыр ішілік (интраваскулярлық) сұйық кіреді. Бұл тамыр ішілік сектор плазмадан (2,8 л) түзіледі, оның үлесіне дене массасының 4-5-ы кіреді және лимфа сұйығы болып табылады.
Интерстициалдық судың құрамына жасушаралық су жасушаралыққа ұйымдасқан сұйық (дене массасының 15-16-н немесе 10,5 л құрайтын), немесе байламдардың, сіңірлердің, фасциялардың, шеміршектердің және т.б. құрамына кіретін сулар жатқызылады. Мұнан басқа, жасуша сыртылық секторға кейбір қуыстарда болатын сулар (іш және плевралдық қуыстағы, перикардтағы, буындардағы, ми қарыншаларындағы, көз камерасындағы және т.б.), сонымен бірге асқазан-ішек трактісіндегі сулар да кіреді. Бұл қуыстардағы сұйықтар метаболиттік үдерістерге активті түрде қатыспайды.
Су адам ағзасында оның әртүрлі бөліктерінде тұрып қалмайды, керісінше, әр секторлар арасында және сыртқы ортамен үздіксіз алмасуда болады. Судың ағзадағы қозғалысы негізінен асқорыту сөлдерінің бөлінуімен байланысты атқарылады. Мысалы, сілекей, ұйқы безінің сөлі арқылы ішекке тәулігіне 8 л су бөлінеді, бірақ бұл су асқорыту трактісінде қайта сіңірілетін болғандықтан практика жүзінде жоғалтылмайды.
Ағзадағы судың мөлшері әртүрлі келесі факторларға тәуелді: - адам жасына (мысалы, адамның 4 айлық эмбрионында - 90%, нәрестеде - 74%, ересек адамда - 60%, қарттарда - 40%); - жынысына: - ерлерде әйелдермен салыстырғанда көп; - ағзаның физиологиялық жағдайы мен ауру түріне; - сыртқы орта әсеріне.
Адам ағзасының жекеленген ұлпалары мен мүшелеріндегі су мөлшері олардағы алмасу үдерістерінің интенсивтілігіне тәуелді болады: - биологиялық сұйықтарда (қан, лимфа, сілекей) – 88-90%; - бауыр, бүйрек, өкпе, бұлшықеттерде – 70 - 83%; - май ұлпасында - 25%; - сүйек ұлпасында - 10%; - тіс эмалінде - 4%.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет