Тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсі
Күтілетін нәтиже:
Білім
|
Қарапайым графикалық редактордың ұғымын анықтайды.
Paint графикалық редакторын таниды. Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсін таниды. Интерфейс құрылымын біледі.
|
Түсінік
|
Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсінің элементтеріне қолданылатын іс-әрекеттерді болжайды. Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсін түсінеді.
|
Қолданыс
|
Адам компьютерде WordPad терезесінің құрылымын анықтайды. Пайдаланушы мен компьютер арасындағы байланысты анықтайды.
|
Анализ
|
Интерфейс элементтерінің қызметін салыстырады. WordPad интерфейсінің мәзірін қарастырады.
|
Синтез
|
Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсін пайдалана білудің адам өміріндегі маңызын түйіндейді.
|
Баға
|
WordPad интерфейсінің элементтерінің арасындағы айырмашылықты түсінеді. WordPad Қарапайым мәтіндік редакторын жалпы түсінеді.
|
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (13 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау(4мин.).
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер: WordPad, курсив, маркерлеу, интерфейс.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
WordPad граф. редакторы. Ақпарат көзі: http://sc0022.ereymentau.akmoedu.kz/index.php?p=docs - view&d=9F6F6F4BA535E4EB
"Запуск программы WordPad. Кнопки текстового редактора." Ақпарат көзі: http://www.informatik.kz/pplany_wrdpd.htm
" Текстовый процессор WordPad”. Ақпарат көзі: http://festival.1september.ru/articles/570138/
Оқушы жетістігін бағалау:
1. Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
Бонус - балл тапсырмасы:
Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсінің графикалық редакторының интерфейсінен қандай айырмашылықтары бар?
Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Анықтамаларды жаттау.
Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсінің элементтерін жаттау.
Тақырып жоспары:
Интерфейс дегеніміз не?
Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсі.
WordPad интерфейсінің элементтері және оның ерекшеліктері.
Слайдтар:
2 – слайд Сабақтың мақсаты
|
3 – слайд Тақырып жоспары
|
4 - слайд 1 - тақырыпша. Интерфейс дегеніміз не?
|
5 - слайд
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі (интерфейс – адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас) шығады. WordPad программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. WordPad – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, қалып - күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлiгiн бос кеңiстiк жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгiзiледi.
|
6 - слайд 2 - тақырыпша. Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсі
|
7 - слайд
|
|
8 - слайд
тақырып қатары
меню қатары
құрал - саймандар тақтасы
пішімдеу тақтасы
сызғыш
қалып - күй қатары
жұмыс аймағы
|
Достарыңызбен бөлісу: |