Тақырыбы: «Бастауыш мектептердегі музыкалық сабағын оқытудың ерекшеліктері» Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты



Дата23.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#150457
Байланысты:
мУЗЫКА аРАЙ
диплом 20, диплом 20, диплом 20, Абай өлеңі, азия, Ақыл ой жан қуаты, Тест cұрақтары ББ IT қолдану Студентке, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, кіріспе практика, Резюме

Тақырыбы: «Бастауыш мектептердегі музыкалық сабағын оқытудың ерекшеліктері»

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
Музыка пәнінің мазмұны барлық сыныптарға ортақ бір тақырып айналасына шоғырланады «Ән-күй – халық қазнасы». Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілік пен бірізділік ұстанымы сақталып, негізгі тақырыптары ашылады. Олар мынадай тәртіппен орналасқан:
  • Сырлы да сазды әуен
  • Күмбірлеген күміс күй
  • Ән мен күй халық үні
  • Аңыз – ертегі әлеміндегі ән мен күй
  • Эпос сарыны
  • Ақылың болса, жыр тыңда
  • Айтыс өнері
  • Күй тартыс
  • Қос арна
  • Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы

Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін өсіруге арналған арнаулы сабақ.
Сабақтың мақсаты - оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады
Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка таңдау, музыкалық сауатты ашу.
Сабақтың арқауы: оқушылар - ұстаз – музыка.
Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани негізін қалыптастыру
Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей мағынада кұрылады:
  • Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.
  • Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді, нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың қызу араласуы негізінде жүргізу.
  • Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар тү сінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен дамытып отыру.

Мұндағы негізгі мақсаттар:
  • Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейін байқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.
  • Орындаушылық деңгейді анықтау, репертуар жан- жақтылығын көрсету, музыкаға деген көзқарастардың даму дәрежесін білу.
  • Оқушылар бойындағы шығармашылық үрдістерді байқау.

- музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту.
- музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір бөлігі
- Музыкалық сауаттылық – ритм, размер, ноталар, ұзақтығы, такт, кілттер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет