Тақырыбы: «Әдебиет-сырлы әлем»



бет1/3
Дата05.11.2016
өлшемі479,72 Kb.
#952
  1   2   3
Бекітемін: Келісемін:

«Дөң орта мектебі»КММ Аудандық әдістемелік

директоры: кабинет меңгерушісі:

А.Ш.Жекеева С.Бектенгалиев

_________________ _______________________

Тақырыбы: «Әдебиет-сырлы әлем»

/Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат/


2015/2016 оқу жылы

5-класс


Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жумагазина Г.Ш
ПӘБ қаралды «_____», «____________» 2015ж
Хаттама №________
ПӘБ жетекшісі: Календиров Ә.Н.

Түсінік хат

Қазіргі білім берудің басты мақсаты-шығармашыл тұлға қалыптастыру.Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса,ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған,рухани бай тұлғаның орны ерекше.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,орта мектепте оқытылатын пәндер арасында әдебиеттің алатын орны мен маңызы ерекше.Әдебиет сабағы халқымыздың сан ғасырлық рухани қазына байлығынан,сөз өнері тарихынан,әр кезеңде ғұмыр кешкен қаламгер өмірі мен шығармашылығы,белгілі бір туындылар,олардағы кейіпкерлер әлемі жайында мәлімет беріп қана қоймайды,сонымен қатар адамгершілікке тәрбиелеу сабақтары ретінде зор маңызға ие.Оқу материалдары оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыпталып жасалды, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтап, оқу біліктілігін жетілдіру арқылы әдебиет пәнін оқытуда,білім беруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру,оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіруге көмегі болады деген ойдамын.

Курстың мақсаты:



  • «Әдебиет-сырлы әлем» сабақтарының түбегейлі мақсаты, оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттың сана-сезімін дамытуға ықпал ету, көркем әдебиетті оқуға деген ынтасын арттыру.

  • Оқушылардың бейінділік білім алуын жүзеге асыру

  • Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып,оларға азаматтық,адамгершілік,елжандылық және көркемдік –эстетикалық тәрбие беру.

Курстың міндеттері:

  • білім берудің жаңа педагогикалық технологияларын енгізіп, оқушының дара ерекшеліктерін саралап диалогтық оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру;

  • оқушыларға көркем шығарманы талдауды үйрету;

  • ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру,

  • ойын әдеби тілмен жеткізуге машықтандыру.

  • Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыру; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін ашу;

 Бағдарлама 5 –класс оқушыларына арналған.

Апталық аптасына  1 сағаттан /34 сағат.

І. Мазмұндық бөлім:

Бағдарламаның мазмұны:

Халық ауыз әдебиеті үлгілері (аңыз әңгімелер,мақалдар,жұмбақтар)

Балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин шығармалары

«Ұлтына ғұмырын арнаған» А.Байтұрсынов шығармалары

Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы-Сапарғали Бегалин шығармалары

Қазақ балалар әдебиетінің қара нары атанған –Бердібек Соқпақбаев



Поэзия падишасы –Фариза Оңғарсынова шығармалары негізінде құрастырылды.
ІІ. Нормативтік бөлім

«Әдебиет-сырлы әлем» бағдарламасының мазмұны мен құрылым:



Тараулар

Сағат

саны

Оның ішінде

теориялық

практикалық

Өзіндік жұмыс

1

Халық ауыз әдебиеті үлгілері (аңыз әңгімелер,мақал-мәтелдер)

8

7




1

2

Балалар әдебиетінің атасы -Ы.Алтынсарин шығармалары

7

6




1

3

«Ұлтына ғұмырын арнаған» А.Байтұрсынов шығармалары


6

5

1




4

Қазақ балалар әдебиетінің қара нары атанған –Бердібек Соқпақбаев шығармалары

5

4

1




5

Поэзия падишасы –Фариза Оңғарсынова шығармалары

5

4




1

6

VІ бөлім. Қайталау /1 сағат/

1




1




7

VІІ бөлім. Сынақ /2 сағат/

2











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет