Тақырыбы: “Табиғат ғажайыптары”. 1 Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты



Дата26.10.2023
өлшемі16,86 Kb.
#188399
Байланысты:
1573835264 (1), Filosofia slayd, 85-98 сұрақ Мереке, 1-Арифметикалық орта, 3 сынып, Passive-voice-Present-Perfect, Қаз әд ТЖБ ҚГБ 2 нұсқа, «Заман шынды ы» б лімі бойынша жиынты ба алау тапсырмалары

Бекітемін:
“Ақкөгершін” бөбекжай
бақшасының басшысы
Г. Нарбек
Тақырыбы: “Табиғат ғажайыптары”.
1)Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:
Балалардың ұғымында айналадағы қоршаған табиғат туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру, жанды және жансыз табиғат нысандары туралы білімдерін кеңейту, ауа райын бақылау арқылы өзгерістерді байқауды, ажырата білуді үйрету. Балалардың көзбен қабылдауы және есту қабілетін, есте сақтау қабілеті мен зейінін, ойлауын табиғат құбылыстары арқылы дамыту. Балаларды табиғатты қорғау мен сақтау сезімдеріне тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:
Психогимнастика, ғажайып сәт, түсіндіру,баяндау,миға шабуыл, кері байланыс, сергіту сәті. “Табиғаттан не үйрендім?” дидактикалық ойындары, қорытынды.
Құрал-жабдықтар:
1.Көрнекілік материалдар
Жыл мезгілдерінің суреті,қуыршақ, жемістер салынған себет, суреттер.
2.Үлестірмелі материалдар
Дидактикалық ойында қолданылатын үлестірмелі суреттер.


2)Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы
1.Кіріспе бөлім.
1.1Ұйымдастырылған іс-әрекеттің басында тәрбиеші:
-Балалар бүгін бәрің қандай әдемісіңдер! Күн сияқты күліп құлпырып тұрсыңдар. Балалар үлкен шеңбер болып тұрайықшы. Жарайсыңдар балалар! Енді менімен бірге қимылдарды қайталаймыз.
-Армысың, табиғат! (қолдарын жоғары көтереді)
-Армысың, адамзат! ( қолдарын жанына жібереді)
-Армысыз апай! ( қолдарын жанына жаяды)
-Армысың балақай! ( бір-біріне қарайды)
-Керемет! Балалар, бәріңде жақсы қимыл жасадыңдар, енді орындарыңа жайғасыңдар. Сол сәтте есік қағылады.
Тәрбиеші : Есік қаққан кім екен? Мен барып көрейін, - деп есікке беттейді.
1.2 Тәрбиеші қолында жемістер салынған себеті бар (қуыршақ) ата-ана алып келеді.
-Балалар бізге ата қонаққа келіпті, атамен амандасайық.
-Сәлеметсізбе!
-Ата күз әлемінен келіпті. Әр жылы күзде жемістер жинап , балабақшаларды аралап, балаларға сыйға береді екен. Биыл атаның жолы біздің балабақшаға түсіпті. Рахмет ата!
2. Негізгі бөлім
2.1 Әңгімелесу
- Балалар, терезеден далаға қарайықшы? Не көріп тұрсындар?
-Даланы.
-Даладан нені көріп тұрсыңдар?
-Ағашты, жапырақтарды, құсты.
-Жарайсыңдар!
-Енді балалар кім айтады? Жылдың қай мезгілі?
-Күз.
-Дұрыс айтасыңдар балалар! Жылдың төрт мезгілі бар, көктем, жаз, күз, қыс.(суреттерді таныстыру). Қазір күз мезгілі.
-Балалар сендер терезеден қарап күз мезгілі екенін айтып бердіңдер. Мұны неден байқадыңдар?
-Жапырақтар сарғайып жатыр.
-Тағы қандай өзгерістер байқадыңдар?
-Күн салқындады, ағаштың жапырақтары сарғайды.
-Балалар ағаштың жапырақтары неге сарғайды, білесіңдерме?
-Суықтан, желден.
-Балалар құстар азайып бара жатыр екен, не үшін білесіңдерме?
-Өйткені олар жылы жаққа ұшып кетіпті.
-Күздің тағы бір керемет өзгерісі бар, кім айтады?
-Жеміс-жидектер көп піседі.
-Жарайсыңдар, балалар!

2.2 Тәрбиеші балалардың назарын аударып:


-Балалар, біз бүгін табиғаттың жанды, жансыз нысандарымен танысамыз. Мысалы, біз адамбыз, біз қозғаламыз, жүреміз, әртүрлі қозғалыстар жасаймыз. Біз жанды табиғат құбылысына жатамыз. Табиғаттағы қозғалатын тірі заттардың барлығы жанды табиғат құбылысына жатады. Және де қозғалмайтын жанды табиғат құбылыстары бар, ол не деп ойлайсыңдар?
-Ағаш.
-Ия, ағаштың жапырақтары желмен қозғалады, бірақ жүрмейді және сөйлемейді. Ағаш жанды табиғат құбылысы болып табылады.
-Мына гүлдер қандай әсем!
-Гүлдерді баптап, суғарып, жақсы күтім жасасақ гүл жайқалып өседі. Ал күтім болмаса, өспей солып қалады, сондықтан өсімдіктер жанды табиғат түріне жатады.
Жанды табиғат дегеніміз-

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет