Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар



Дата26.09.2022
өлшемі16,55 Kb.
#150730
Байланысты:
2 дәріс
КТП 7 рус 72 час, КТП 7 рус 72 час, 2022,1,Академиялық жазба,каз, реферат титулкасы П1К

Басқару iлiмiнiң ғылыми даму тарихы 
1. Студенттерде басқару ілімінің даму тарихы жайлы білімдерді дамыту.
2. Студенттерді кәсіби іс-әрекетке дайындау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Басқару туралы көне ойшылдардың еңбектерi (Конфуции, Дао...).
2.ХХғ. Менеджменттiң дамуы.
3.Басқару мектептерi.
Дәріс тезисі.
1. Басқару туралы көне ойшылдардың еңбектерi (Конфуции, Дао...). Басқарудың дамуындағы бұл кезең ең ұзақ – б.д.д. ІХ – VІІ ғасырдан басталып шамамен ХVІІІ ғасырда аяқталады. Басқару дербес ғылым болғанға дейін, мыңдаған жылдар бойы адамзаттың бұл саладағы тәжірибесі де жинақталды.
Ең алғаш бірлесе еңбек етудің қарапайым тәртіп формалары мен ұйымдастырылуы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде басталды. Бұл кезеңде басқару ру, қауымның барлық мүшелерінің араласуымен бірлесе отырып жүзеге асты. Ру көсемдері және ақсақалдары ұсынылған іс-әрекет бастамаларын қолпаштап отырды.
Шамамен б.д.д. ІХ- VІІ мың жылдықта Таяу Шығыс өңірінде бейімделуші шаруашылық түрлерінен (аң аулау, жеміс-жидек жинау) өнім алудың жаңа формасы өндіріске, яғни өндірістік экономикаға ауысты. Міне, осы кезеңнен бастап менеджменттің пайда болуын санау нүктесі пайда болып, басқару саласындағы адамдардың білім қоры жинақтала басталды.
Б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырда алғашқы басқару төңкерілісі болды: шіркеу священниктері діни қызметкерлерге, яғни менеджерлерге айналды.
Басқарудағы екінші төңкеріліс Вавилонның екінші басшысы Хаммурапи (б.д.д. 1792-1750 жж.) есімімен байланысты. Оның басқару жүйесінің мәні таза зиялы басқару мәнерлерінің қалыптасуымен, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің формальді жүйесі және лидерлік стильдің, сонымен бірге мінез-құлық мотивациясы әдістерінің пайда болуымен ерекшеленді.
ІІ Навуходоносордың (б.д.д 605-562 жж.) жетістіктері – құрылыспен, техникалық күрделі жобалардың өңделуімен, басқарудың тиімді әдістерінің пайда болуымен және өнім сапасын бақылаумен сипатталатын үшінші басқарудағы төңкеріліс жасады.
Басқаруды іс-әрекет аймағы ретінде ең алғаш сипаттағандардың бірі ежелгі грек философы Сократ (б.д.д. 470-399 жж.). Басқарудың әртүрлі формаларына талдау жасай отырып, оның әмбебаптығының принциптерін ұсынды. Оның соңынан Платон (б.д.д. 428-348 жж.) мемлекетті басқару формаларының түрлерін жіктеді, басқару бөлімдерінің қызметтерін шектеуге талпыныс жасады.
2. ХХғ. Менеджменттiң дамуы. Бұл кезеңдегі мемлекетті басқару идеяларының дамуы А. Смиттің есімімен баланыстырылады. Ол сол кезеңдегі саяси психологиялық басқарудығы ғана емес, сонымен бірге еңбекті бөлудің сипатына талдау жасап, мемлекет басшысы мен мемлекеттің қызметтерін бөліп көрсетті.
ХІХ ғасырдың аяғында қазіргі кезде өндірістік төңкеріліс деп аталатын феномен қалыптасты. Осы кезеңге басқарудағы төртінші төңкеріліс сай келеді. Бұл процесс көптеген елдердің экономикасының ғана емес, қазіргі басқару психологиясының да негізін құрайды.
Бұл кезең жер бетіндегі халық санының екі есеге өсіп, индустриалы экономиканың дамуымен байланысты. Монополистік капитализм менеджерлерді бизнес және кәсіби даярлаудың жаңа мектептерінің қалыптасуына әкелді. 
Басқару «әртүрлі биологиялық, әлеуметтік, техникалық жүйелердің ұйымдасқан элементарлы функциясы, оның белгілі бір құрылымын сақтауды, іс-әрекет тәртібін қолдайтын бағдарламаларды жүзеге асыратын іс-әрекет мақсаттарын қамтамасыз етеді».
3. Басқару мектептерi. Ғылыми басқару мектебi. Ф.У.Тейлор, Френк, Л.Гилбрет, Генри Гант еңбектерi. Iс-әрекет үрдiсiн ғылыми жоспарлау. Басқарудағы классикалық немесе административтiк мектеп. Анри Файоль, Линдали Урвик, Джеймс, Д.Муни еңбектерi. Басқарудың универсалды принциптерiнiң құрылуы. Ұйымды басқарудың рационалды жүйесi. Жұмысшыларды басқару мен ұйымның құрылымын құру. Адамзаттық қатынастар мектебi. Адам факторлары. Мери Паркер Фоллет, Элтон Мейо еңбектерi. Мейо эксперименттерi. Адамзат ресурстары мәселесi. Басқару ғылымы немесе сандық тәсiл. Фредерик Тейлор зерттеулерi. Басқару мектептерiнiң ғылымға қосқан үлесi. Процесстi мектеп. Басқару – процесс. Басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, нұсқау беру, координациялау, бақылау). Жүйелiлiк бағыт. Басқару – жүйе. Жағдайлық бағыт. Ральф Стогдилл зерттеулерi (1948). Менеджмент психологиясы, психологиялық консалтинг, корпоративтi өндiрiс психологиясы.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.Басқару туралы көне ойшылдардың еңбектерiн сипатта.
2.ХХғ. Менеджменттiң дамуы қалай жүзеге асты?
3.Қандай басқару мектептерi бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет