Жабысқақты ішек өткізбеушілік деп, құрсақ ішіндігі жабысқақтың болуына байланысты ішек ішіндегі пассаждың бұзылуы.
Этиология және патогенезі
Жабысқақтың пайда болу себебі: 1) қабыну үдерістері (аппендикулярлы нифильтрат, жатыр қосалқысының қабынуы, перитонит); 2) механикалық жарақат (жарақаттану, ішектің сірлі қабығын жарақаттау, ішек түйілуі, гениталий ауруы және т.б.); 3) аномалиялар.
Іш қуысындағы әр түрлі қабынулық өзгерістер жабысқақтарға алып келеді. Іш қуысындағы кез келген созылмалы үдеріс жабысқақтар түзілуіне алып келеді. Әрбір ішпердедегі созылмалы қабыну үдерісінің нәтижесі жабысқақтар түзілуі мүмкін.
Механикалық жарақат лапаротомия сірлі қабықтың жеңіл жарақаттануы, тіндермен дөрекі манипуляциялар, іш қуысына қан құйылулар, залалданған қан, дренаж қою жергілікті жабысқақ түзілуіне әкеледі. Бөгде зат –- тальктің ішке түсуі хирургтің қолғабы жыртылғанда, құрғақ антибиотик болуы мүмкін. Жедел хирургиялық зақымданулар арасында жедел аппендициттің маңызы зор. Көбінесе осы операция нәтижесінде жабысқақтар көп кездеседі. Жабысқақтың түзілуі ішперденің жабысқақ экссудат бөлу қасиетіне байланысты. Экссудаттың пайда болуына екі жағдай керек: ішперде, сірлі қабық, көкбауыр капсуласының, бауыр зақымдануы және қабыну үдерісі. Ішперде және сірлі қабық зақымданғанда экссудаттың екі шығу көзі бар: зақымдану орны, екіншісі – қан құрамы экссудатқа лимфоцит, лейкоцит, фибробласт жібереді.