Тақырыптың өзектілігі



бет1/7
Дата07.09.2023
өлшемі39,62 Kb.
#180468
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. Мағжан жұмабаев толқын жоба (автовосстановление)


Тақырыптың өзектілігі. Мағжанның шығармашылық мұрасы мен оның ақындық мектебі әлденеше ғылыми-зерттеулердің нысанасына алынып, жан-жақты зерттеліп келе жатқаны аян. Тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын мұраларының қуаты мен құдіреті әр дәуірдің бағыт-бағдарына қарай бағаланып отырды. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде әдебиеттанушы ғалымдардың Мағжан шығармашылығының ұлттық және жалпыадамзаттық деңгейдегі биіктіктеріне ден қоюы, оның төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамытудағы еңбектерін шынайы бағалауға ұмтылысы бүгінгі күннің сұранымынан туындап отыр. Сондықтан Мағжан поэзиясының қазақ сөз өнерін жаңа деңгейге көтерудегі маңызын, өзіндік ерекшелігі мен тілін талдау.


Зерттеу мақсаты. Мағжан шығармаларының ерекшелігі мен өзіндік үнін көрсете білу, Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінің тілін зерттеу арқылы қаламгердің әдеби тілді жетілдіру мен дамытудағы рөлін айқындау, тілдік құралдардың көркемдік қызметтерін ашып, талдау.


Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.М. Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін оқып, талдау;
2. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы лирикасы екенін айтқан ақындардың пікірін қарастыру;
3. Өлеңдерінің тәрбиелік мәнін және бүгінгі қоғаммен байланысын қарастыру;
4. Поэзияға деген сүйіспеншілікті тудыру;

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Жұмыс өз мақсатына жету үшін зерттеу,

анықтау, айқындау, салыстырып сараптау әдістері қолданылды.




Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
1.1. Мағжан Жұмабаев – сыршыл ақын.

ІІ. Негізгі бөлім


2.1. «Толқын» өлеңіндегі көтерілген мәселе – тәрбие.
2.2. «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігі.
2.3. Мағжан Жұмабаев және стиль мәселесі.

ІІІ. Қорытынды бөлім


«Толқын» өлеңіндегі философиялық толғаныстар.
Кіріспе


Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.
Мағжан – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол – халқын шын сүйген, сонымен бірге күйінген, аянышты ел күйін көріп сезімталдыққа берілген шын халық досы.
Мағжан - лирик ақын, сыршыл ақын. Ақын поэзиясының ең қомақты жағы осы лирикасы. Өлеңдері жан тербетіп, адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді. Оның поэзиясы - жан, жүрек поэзиясы. Ол оның бүкіл қан – тамырынан жаралған. Ақынның жырларынан бейжайлықты кездестірмейсің. Жілігі татымас жасық жолдарға ұшыратпайсың. Онда отты жүректің соғысы, ізігі де сұлу, елжіреген, еміренген жан үлпілі естіледі. Мағжанның бойындағы бүкіл қасиет - оның поэзиясында. Әдетте Абайды философ ақын, Мағжанды лирик ақын дейміз. Абай ақылдың ақыны да, Мағжан сезімнің ақыны. (С. Мұқанов) Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды. [1. 264б]
Мағжан табиғатты қатты жақсы көрген. Табиғатты жазса, айнымас анаға, нәресте балаға, сүйген жарға теңеп жазған. Жалпы табиғат ақын лирикасында кең орын алған. Мағжанның табиғат лирикасы әдебиетіміздегі басқа ақындардың табиғат лирикасынан өзгешерек. М.Жұмабаев лирикасында табиғат құбылысы мен суретін символикалық мақсатта пайдалану тәсілі үлкен бір арналы сала, тұтастай бір поэтикалық әлемге айналады. Ақын табиғат арқылы қоғамдық-әлеуметтік өмірді ишаралап, жан дүниедегі өзгерістер мен сезім күйлерін тұспалдап, емеуірінмен білдіреді. Лирикалық кейіпкердің жан дүниесіндегі құбылыстар, сезімдер қақтығысы, көңіл-күй әуені табиғат суреті мен құбылысына көшіріліп, адам болмысын танытуда табиғат жетекші орынға ие болады.
М. Жұмабаевтың табиғат лирикасының өзіндік ерекшелігін, өзгеге ұқсамайтын сипатын сөз еткенде Ж.Аймауытовтың: «Ақын тұрмысқа өмірде қанағат етпесе, оның алданышы не болмақ? Не үшін жасамақ? Әрине, адамда аз да болса, бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек? Адам – алдағыш, адам – жауыз, өмір – азап, келешек – қараңғы, бәрі өзгергіш, опасыз. Өзгермейтін, алдамайтын таза қасиетті нәрсе не? Ол – табиғат. Табиғат, махаббат, көркемдік – міне, қашаннан бері ақындардың жырлап келе жатқан, бас иген құдайы, жабыққан жанына ем болған дәруі» [2, 420 б.], - деген пікірін алға тартамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет