Түсіндірме хат



бет1/6
Дата04.02.2020
өлшемі110,85 Kb.
#57149
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сайыс саб0, 1536818841
Түсіндірме хат

Дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салу, мүсіндеу, қол еңбегі бүлдіршіндердің ең сүйікті ісі де болады. Өйткені, бояу әлеміне ену, оны қолмен ұстап, сезіну арқылы салынған дүние – балалардың танымдық деңгейін ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға деген қызығушылығын да арттырады. Сондықтан болар, дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу:


-баланың психикасына (эмоционалдық жағдайына);
-логикалық ойлау қабілетіне;
-саусақ моторикасының дамуына;
-қағаз бетіне бағдарлай білуді;
-көзбен көріп, мөлшерлей білуді;
-эстетикалық талғамының қалыптасуына зор ықпал етеді.
Жалпы, мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнерінің, мүсіндеудің, табиғи материалдармен жұмыс жасаудың шығармашылық қабілеттерін шыңдауда балалар үшін маңызы зор. Өз түсінгенін бұқпасыз, боямасыз жеткізетін жеткіншектің бояу арқылы бағдарлауында тәрбиешінің орны ерекше. Сондықтан да, өзімнің шығармашылық жұмысымның арқауы ретінде осы дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуды, мүсіндеуді, қол еңбегін алуды жөн көрдік. Аптасына бір рет өткізілетін бұл іс-әрекеттер балалардың қиялын, ой-өрісін дамытады, щығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық жұмысымның өзектілігіне келер болсақ: Бала қиялына ерік беру арқылы оның ішкі сезімін, жан дүниесін бағдарлау, нәтижеге жетер жолдағы тиянақтылық пен іскерлік дағдысын дамыту.
Ерте кезде-ақ философтар шығармашылық феноменды аңғаруға және адам дамуына ықпалы қаншалықты екенін анықтауға ұмтылды (Платон, Аристотель, Ф. Аквинский, И.Кант). Орыс философиясында шығармашылық зор түсініктердің бірі екендігін мойындайды (В.С.Соловьев, В.Н.Лосский, И.А.Беряев ).
Бейнелеу өнері шығармаларын жақсы дәрежеді қабылдау үшін, бала өнердің өзінің бейнелеу тілін түсінетін дамыған қабілет болу қажет. Өнер қабылдау балада арнайы үйренуді қажет етеді.

«Өнерлі екен он саусақ» үйірмесі балаларды дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуға, мүсіндеуге, жапсыруға, табиғи материалдарды қолданып өз шығармашылық қабілеттерін дамытып, жасаған жұмыстары туралы әңгімелей білуге үйретеді.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, мәдениетін дамыту. Шығармашылық іскерліктері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:
Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, бір затты әр қырынан көре білулеріне, жасаған жұмыстарын талдауға, өз ойларын жеткізе білулеріне машықтандыру.
Бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту.
Саусақ моторикасының дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал ету.
Сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
Бастаған істі аяғына жеткізуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік қасиетін дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:
Дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу техникасын меңгеріп, өз беттерінше жұмыс жасайды.
Шығармашылық қабілеттері шыңдалады.
Жасаған жұмысы туралы айтып бере алады.

______________ Бекітемін:

(Күні, айы, жылы) «» балабақшасы меңгерушісі

№1 педагогикалық кеңестің _________

шешімінде қабылданды

Вариативтік компонент

«Өнерлі екен он саусақ» оқу іс – әрекетінің перспективтік жоспары. «Арайлым» тобы. 2015 – 2016 оқу жылы.

р/с

Тақырыбы

Бағдарламалық мазмұны

Қолданылатын көрнекіліктер

Сағат саны

1

Ұшақтар

бүктеу


Қағаздың түрлерімен таныстыру, қағаздан бүктеу әдісін түсіндіріп, дайындау.

Ұшақтың суреті салынған плакаттар, қағаздар, түрлі түсті бояулар

1

2

Аққулар

қол


еңбегі

Қағаздың түрлерімен таныстыру, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


Аққудың суреті, картон қағаз, қайшы, желім, түрлі-түсті бояулар

1

3

Сиыр

сурет салу



Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолымен ұстауға үйрету, жаттықтыру.

Сиырдың суреті, түрлі-түсті бояулар, ақ қағаз

1

4

Паровоз

мүсіндеу


Мүсіндеу барысында шағын көлемді кесек есу әдіс – тәсілдерін түсіндіру.

Сюжетті суреттер, ермексаз

1

5

Әтеш пен бақа

жапсыру


Балаларға түрлі - түсті қағаздарды таныстыра отырып, үлгілерін бастырып қию. Қағазбен жұмыс жасау іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Желім, қайшы, қағаздар, үлгілер, траферат

1

6

Алтын балық

қол еңбегі



Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, дайын болған жұмыстарын әшекейлеуге үйрету.

Балық туралы үлкен суреттер, (тамақ үстінде, қыдырып жүрген)

1

7

Қайық

бүктеу


Бүктеп жасай білуге үйрету. Қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Қағаз, қайықтың суреті

1

8

Қашқаргүл (астра)

мүсіндеу


Балаларды гүлдермен таныстыруды жалғастыру. Мүсіндеу арқылы балалардың қол икемділіктерін арттыру.

Қашқаргүлдің суреті, ермексаз

1

9

Арыстан

жапсыру


Түрлі қағаздардан арыстан бейнесін бастырып жапсыру.

Сюжетті сурет, түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы

1

10

Аққала

қол еңбегі




Өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру. Қиып алынған бөлшектерді әдемі орналастырып бекіту.

«Қазақстан табиғаты» тақырыптық суреттер

1

11

Үйрек

мүсіндеу


Тұзды қамырды ұқыпты пайдалану. Қол икемділіктерін арттыру.

Тақырыптық суреттер

1

12

Түймедақ

бүктеу


Бүктеу әдіс - тәсілдерді түсіндіру.

Тақырыптық суреттер

1

13

Қысқы киім .

қол


еңбегі

Матаның сапасымен, тігіншілер еңбегімен таныстырып, еңбек туралы мақал - мәтелдер жаттату


Қысқы киімдердің суреттері, әртүрлі мата, қайшы, желім.

1

14

Тасбақаның суретін салып үйренеміз

сурет салу



Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, ұқыпты бояуға жетелеу.

Тақырыптық суреттер

1

15

Досыма сыйлық

мүсіндеу


Мүсіндеу барысында шағын көлемді кесек есу әдіс - тәсілдерін көрсету.

Сюжетті сурет, ермексаз.

1

16

Қалампыр

қол еңбегі



Қағазбен әртүрлі жұмыс дағдыларын жетілдіру.

Қалампыр гүлінің суреті. Түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім.

1

17

Тату жанұя (мүсіндеу)


Балаларға отбасы туралы әңгімелер оқып беріп, тақпақтар, нақыл сөздер жаттау. Отбасы туралы мүсіндеу.

Сюжетті суреттер

1

18

Қоңыраугүл

сурет


Сурет салуға қызығушылығын арттыру, қарындашты оң қолымен ұстауға үйретіп жаттықтыру.

Қоңыраугүл салынған суреттер

1

19

Қояндар

бүктеу.


Түрлі бүктеу әдіс - тәсілдерін үйрету.

Қоянның суреті, түрлі түсті қағаздар

1

20

Молшылық, береке

түрлі материалдар



Түрлі материалдармен жұмыс жасауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.

«Күз» туралы суреттер

1

21

Бақа

бүктеу


Қағаздарды бүктеу тәсілдерін жасап жаттығу.

Тақырыптық суреттер

1

22

Қаздың балапаны

қол еңбегі



Балаларды ине - жіппен жұмыс жасауға жаттықтыру.

Әңгіме желісі бойынша суреттер

1

23

Бақ - бақ

қол еңбегі



Балалардың ынта - ықыласын арттыру, көтеріңкі көңіл - күй туындату.

Тақырыптық суреттер

1

24


Балықтар.

мүсіндеу


Саусақ икемділіктерін әрі қарай жаттықтыру. Түрлі пішіндерді мүсіндеу.

Сюжетті суреттер

1

25

Анамызға сыйлық

(қол еңбегі)



Түсті қағаздардан гүл құрастыру. Аналарына сыйлық дайындау.

Тақырыптық суреттер

1

26

Гүлдер әлемі

сурет


Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу

Сюжетті суреттер, бояулар, ақ қағаз.

1

27

Орманда

қол еңбегі



Балаларға гүлдердің түрлері туралы ертегі оқып беріп, мазмұндау. Балаларды бояумен сурет салғызуға қызығушылығын арттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттағы түзу сызықтармен үйлестіріп салу.

Сюжетті суреттер

1

28

Көлде жүзген аққу

мүсіндеу


Тұзды қамырды ұқыпты бояу. Қол икемділіктерін арттыру.

Тақырыптық суреттер

1

29

Қайықша.

бүктеу


Қайықшаны түрлі қағазбен бүктеу тәсілдерін жасауға жаттықтыру.

Қайықшаның суреті

1

30

Қонжық
(қол еңбегі)

Аюдың аюдың баласы туралы ертегі оқып беру, мазмұндау. Әртүрлі материалдарды біріктіріп, аюлар бейнесін жасауға үйрету. Дене бөліктерін біріктіріп, желімдеу, балалардың ой-қиялын дамыту.

Қонжықтың суреті.

1

31

«Алқаптағы гүлдер»

жапсыру


«Көктем» мезгілінде өсетін гүлдер туралы тақпақ жаттау. Көктем гүлдерін жинақтап, кептіріп жапсырмалау.

Алқаптағы гүлдердің суреттері




32

Құстар

(сурет салу)



Балаларға «Құстар» туралы ертегі оқып беру. Тақпақ жаттау. Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап, күте білуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Құстардың суретін салу. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Құстардың суреттері.

1

33

Жаңбыр

(саусақпен сурет салу)



Шығарманы оқып беру, мазмұнын түсіндіру. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңбырдың суретін саусақ арқылы салу.

Көрнекі суреттер

1

34

Шалғын шөптер
(жапсыру)

Балаларға шөптер туралы әңгіме оқып беру арқылы, білгендерін жетілдіру. Шөпті ақ қағазға жұлмалау әдісі арқылы жапсыру.

Сюжетті суреттер.

1

35

Жайлауда

(қол еңбегі)



Балаларғак «Жайлау» туралы әңгімелеп, мазмұндау. Жайлаудың бейнесін әртүрлі заттардан бейнелеп жасау.

Сюжетті суреттер.

1

36

Көрме ұйымдастыру

Ата-аналармен көрме ұйымдастыру




1

Барлығы

36


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Ұшақ

Мақсаты: Балаларға ұшақ туралы әңгімелей отырып, «Ұшақ» туралы тақпақ жаттату. Ұшақтың бейнесін қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, жұмбақ, түсіндіру, бекіту.

Билингвалды компонент: ұшақ-самолет

Сөздік жұмыс: ұшақ

Көрнекіліктер: ұшақтың суреті салынған плакаттар, қағаздар, түрлі түсті бояулар


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:


Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.

Жыл мезгілдеріне тоқталу.


Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.

Жұмбақ:

Ақ сұңқар құсым келеді.


Жолына бояу жағып келеді. (Ұшақ)

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

- Балалар сендер ұшаққа отырып көрдіңдер ме?
-Ұшақ қандай көлік түрлеріне жатады?
Балалар көлік бара алмайтын жерге ұшақ барады. Алыс айшылық жерлерге жылдам уақытта ұшақ ұшып барады.
Балалар бүгін біз ұшақтың бейнесін қағаздан бүктеу әдісі арқылы жасаймыз.

Сергіту сәті:

Инелік-ау, инелік,


Инелікке тимелік,
Тік ұшақты жасадық,
Иналіктен үйреніп.

Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.



Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.

Қимылмен көрсетеді.

Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.




Рефлексиялық-түзетушілік


Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру.

Салған суреттеріне қызыға қарайды..


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;

Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Вариативтік компонент»

Оқу іс-әрекеті: Өнерлі екен он саусақ

Тақырыбы: Аққулар

Мақсаты: Балаларға «Аққу» құсымен таныстырып, тақпақтар жаттату. Аққудың бейнесін картон қағазға ұсақ қағаздардан желімдеу арқылы жасау.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, жұмбақ, бекіту.

Билингвалды компонент: аққу-лебедь

Сөздік жұмыс: аққу.

Көрнекіліктер: Аққудың суреті.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Тақырыптық сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Балалардың қызығушылығы оянады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Шаттық шеңбері:


Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы!

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізу.

Жыл мезгілдеріне тоқталу.


Ай аттарын сұрау.
Апта күндерін атау.
Ауа райын бақылау.

Жұмбақ:

Садақша мойнын иілтіп,


Көрген жанды сүйінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі,
Судағы құстың нәні өзі.
Жердегі құстың серкесі;
Көктегі құстың еркесі. (Аққу)

-Қандай құстың түрлерін білесіңдер?


-Аққу қандай құсқа жатады?
-Аққу қайда мекендейді?

Балалар аққу өте қасиетті құс. Құстардың ішіндегі ең сұлу құс аққу. Аққуды атуға болмайды.




Мақал:
Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.

Бүгін біз осы аққудың бейнесін өз қолымызбен еңбек етіп жасайық.


Жасалу долымен түсіндіріп өтейін.
-Картон қағазды алып аққудың бейнесін саламыз, сосын барып қиамыз. Ұсақ ақ қағазды жырту әдісін пайдаланып, аққудың қауырсынын .жапсырамыз.

Сергіту сәті:
Бір екі, үш,
Жинап алып күш.
Біз ұшамыз кептерше
Қолымыз жерге жеткенше.

Балалар сендердің істеріңе сәттілік тілеймін.



Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Табиғат күнтізбесімен жұмыс жүргізеді.

Шешуін табу, есте сақтау.

Мақалды жатқа айту.


Жұмыстың орындалу ретін мұқият тыңдайды.


Қимылмен көрсетеді.

Балалар жұмысқа кірісіп кетеді.



Рефлексиялық-түзетушілік


Оқу іс-әрекетті қорыту:
Балалардың жасаған жұмыстарынан кішігірім көрме ұйымдастыру.

Салған суреттеріне қызыға қарайды..


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жұмыстың орындалу ретін білу керек;

Нені игерді: композиция құра білуге дағдылану;

Нені біледі: жасаған жұмыстарын көрсете біледі.

Технологиялық картаны толтырған:


Технологиялық картаны тексерген:

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет