X – тарау. Қазақ хандығының XVI-XVII ғасырлардағы
Қазақ хандығының дамуы
Қасым хан
Бұрындық хан ....
*а) Керейдің ұлы
ә) Хақназардың ұлы
б) Шығайдың ұлы
в) Жәнібектің баласы
2. Бұрындық ханның билік еткен жылдары:
а) 1473-1511 жж.
ә) 1474-1513 жж.
*б) 1474-1511 жж.
в) 1476-1515 жж.
3. Қасым ханның билігі
*а) 1511-1518 жж.
ә) 1511-1528 жж.
б) 1474-1511 жж.
в) 1517-1523 жж.
4. Ел ішінде беделі болмағандықтан Самарқанға көшіп кеткен хан?
*а) Бұрындық
ә) Қасым
б) Хақназар
в) Тәуекел
5. «...жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бір де біреуі бұл бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны 300 мыңға жуық еді, » деп жазған кім?
а) Қадырғали Жалайыри
ә) Мұхаммед Хайдар Дулати
*б) Бабыр
в) Өтеміс қажы
6. Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына бидік жүргізгенін, оның халқы санының миллионнан астам болғандығын, Жошыдан кейін бұл жұртта одан ұлы хан болған еместігін айтқан тарихшы:
а) Қадырғали Жалайыри
*ә) Мұхаммед Хайдар Дулати
б) Бабыр
в) Өтеміс қажы
7. Қасым ханның әскер саны 300 мың болғандығын жазған...
а) Қадырғали Жалайыри
*ә) Мұхаммед Хайдар Дулати
б) Бабыр
в) Өтеміс қажы
8. «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім болған.» деп жазған қазақтың ғұлама ғалымы?
*а) Қадырғали Жалайыри
ә) Мұхаммед Хайдар Дулати
б) Бабыр
в) Өтеміс қажы
9. Қасым ханның заңдары сол кездегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде туған деп айтқан...
а) А.Байтұрсынов
ә) М.Х.Дулати
б) Қ.Жалайыри
*в) Ә.Х.Марғұлан
10. Қасым ханның заңдарындағы ережелерді сәйкестендір:
1) мүлік заңы - аламан міндеті, қосын жасақтау, қара
қазан, ердің құны, тұлпар ат
2) қылмыс заңы- жер дауы, мал мүлік дауы
3) әскери заңы - майталман шешендік, халықаралық
қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық
4) елшілік заңы- шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі
ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл
5) жұртшылық заңы- кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау,
ұрлық істеу
11. Қай жылы моғол билеушісі Саид хан Шу бойында отырған Қасым ханға барып? Одан шайбанилерге қарсы күреске көмек беруін сұрады?
а) 1511 жылы
ә) 1513 жылы
*б) 1514 жылы
в) 1517 жылы
12. Қасым ханның сыртқы саясатындағы басты бағыты:
а) Шу өзені мен Ыстықкөл аумағын өзіне қарату
ә) Моғолстанды жаулап алу
б) Жайықтан Балқашқа дейінгі аймақты өзіне қарату
*в) Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес
13. Сыр бойындағы қалаларды Қазақ хандығының уысына түсірмеу үшін бірнеше рет қанды жорықтар жасады?
*а) Мұхаммед Шайбани
ә) Әмір Темір
б) Әбілхайыр хан
в) жоңғарлар
14. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, қай жылы қайтыс болған?
а) 1511 жылы
*ә) 1518 жылы
б) 1519 жылы
в) 1523 жылы
15. Орыс деректері бойынша Қасым хан қай жылы қайтыс болған?
а) 1511 жылы
*ә) 1523 жылы
б) 1532 жылы
в) 1537 жылы
16. Қасым хан қай қалада қаза болған?
а) Түркістан
ә) Самарқан
*б) Сарайшық
в) Алмалық
17. Қай ғасыр Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды?
а) XV ғасыр
*ә) XVI ғасыр
б) XVII ғасыр
в) XVIII ғасыр
18. Қазақ хандығы қай жылдары ауыр жеңілістерге ұшырады?
а) 1510-1520 жж.
*ә) 1520-1530 жж.
б) 1530-1540 жж.
в) 1525-1535 жж.
19. Қай жылы Тахир хан бауыры Тоғым ханмен бірге Орта Азия әміршісі Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза тапты?
а) 1521 жылы
ә) 1531 жылы
*б) 1532 жылы
в) 1542 жылы
20. Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны қаншаға жетті?
а) 300 мыңға
ә) 700 мыңға
б) 800 мыңға
в) 1 млн- ға
Хақназар хан
1. Хақназар хан ...
*а) Қасым ханның
ә) Жәнібек ханның
б) Тәуке ханның
в) Барақ ханның
2. Хақназар ханның билік еткен жылдары:
а) 1511-1518 жж.
*ә) 1538-1580 жж.
б) 1580-1582 жж.
в) 1582-1598 жж.
3. Хақназар хан қай елдермен саяси байланыс орнатты?
а) батыста Ноғай Ордасымен
ә) оңтүстігінде Орта Азия халықтарымен
б) солтүстігінде Сібір халықтарымен
в) іргелес жатқан Шайбани хандығымен
*г) барлығы дұрыс
4. Өзінің алдында билік еткен Тақир, Бұйдаш хандардың қателіктерін қайталамауға тырысқан хан?
а) Қасым
ә) Бұрындық
*б) Хақназар
в) Шығай
5. Қашан Моғолстан ханы Абд ар- Рашид Жетісу мен Ыстықкөл аумағындағы жерлерді басып алу ниетімен Қазақ хандығына үлкен соғыс бастады?
а) XVI ғ. 20-30 жылдары
ә) XVI ғ. 30-40 жылдары
б) XVI ғ. 40-50 жылдары
*в) XVI ғ. 50-60 жылдары
6. Ойраттар –
а) оңтүстік Моңғолияны мекендеген тайпа
*ә) батыс Моңғолияны мекендеген тайпа
б) шығыс Моңғолияны мекендеген тайпа
в) солтүстік Моңғолияны мекендеген тайпа
7. Қай жылдары Жетісудың батыс бөлігі Шу, Талас өңірі Хақназардың билігінде болды?
а) 1560 жж.аяғы
*ә) 1570 жж. аяғы
б) 1580 жж. аяғы
в) 1587 жж. аяғы
8. Қазақ ханы Хақназар хан кіммен «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты?
а) Ташкент маңын билеуші Баба сұлтанмен
*ә) Бұхар ханы II Абдаллахпен
б) Әмір Теміриен
в) Әбілхайыр ханмен
9. Қай жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды?
а) 1567 жылы
ә) 1578 жылы
*б) 1579 жылы
в) 1590 жылы
10. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах хан Хақназар ханға қай жерді сыйға берді?
а) Сауран аймағындағы бірнеше қала
*ә) Түркістан аймағындағы бірнеше қала
б) Созақ аймағындағы бірнеше қала
в) Отырар аймағындағы бірнеше қала
11. Баба сұлтан өзін қолдағаны үшін қай жеді Хақназар ханға тарту етті?
а) Сығанақ, Созақ
ә) Сайрам, Отырар
б) Ақмешіт, Шолаққорған
*в) Түркістан, Сауран
12. 1580 жылы өзінің жансыздары арқылы Абдаллах ханды және оның жанындағы сұлтандарын тегіс өлтірген кім?
а) Абдаллах хан
*ә) Баба сұлтан
б) Әмір Темір
в) Моғолстан ханы Абд ар Рашид
13. Қай жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков Қазақ хандығында болып қайтты?
а) 1530-1564 жж.
ә) 1545-1556 жж.
*б) 1569-1573 жж.
в) 1567-1578 жж.
§40. Тәуекел хан
Хақназар хан қайтыс болған, хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі, жасы сексенге келген ...
а) Абдаллах хан
ә) Тәуекел хан
*б) Шығай хан
в) Есім хан
2. Қай жылдың маусым айында Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның әскерін талқандады?
а) 1578
ә) 1580
б) 1581
*в) 1582
3. Тәуекел сұлтанның ісіне раза болған Абдаллах хан оған қай жерді сыйға тартты?
а) Ташкент
*ә) Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын
б) Түркістан аймағын
в) Баласағұн қаласын
4. Шығай ханның билігі...
а) 1538-1580 жж.
*ә) 1580-1582 жж.
б) 1582-1598 жж.
в) 1598-1628 жж.
5. Тәуекел ханның билігі ....
а) 1538-1580 жж.
ә) 1580-1582 жж.
*б) 1582-1598 жж.
в) 1598-1628 жж.
6. Қай жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты» бұзды?
а) 1581 жылы
ә) 1582 жылы
*б) 1583 жылы
в) 1584 жылы
7. 1583 жылы Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабуыл жасап, қай қалаларды басып алды?
а) Сауран, Ташкент, Отырар, Сығанақ
*ә) Сауран, Түркістан, Отырар,Сайрам
б) Самарқан, Бұхара, Ходжент, Отырар
в) Жанкент, Баршынкент, Шолаққорған
8. Қай жылы Тәуекел хан Абдаллах хан мен оның баласының арасындағы қайшылықты пайдаланып Ташкент қаласының түбінде Абдаллах ханның әскерін ойсырата жеңеді?
а) 1593 жылы
ә) 1594 жылы
б) 1595 жылы
*в) 1597 жылы
9. Қай жылы жазда Тәуекел хан көп жасақ жинап, Мауаранахрға баса көктеп кірді?
а) 1593 жылы
ә) 1595 жылы
*б) 1598 жылы
в) 1599 жылы
10. Өзбек сұлтандары қолдаған Тәуекел хан Ақши, Искандер, Мүнши, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды?
а) Ақши, Ташкент
ә) Искандер, Самарқан
б) Мүнши
*в) барлығы дұрыс
11. Қай жылы Тәуекел орыс патшасы Федорға елшісі Құл-Мұхаммедті аттандырып өзін қамқорлығына алуды өтінеді?
а) 1592 жылы
ә) 1593 жылы
*б) 1594 жылы
в) 1595 жылы
12. Тәуекел ханның орыс патшасына елші жіберудегі екінші бір мақсаты:
а) қазақ хандығын орыс патшалығының құрамына қосу
*ә) патша тұтқынында отырған жиені Ораз Мұхаммедті босатуды сұраған
б) өзбек хандығына кеткен қалаларды қайтару
в) соғысты тоқтату
13. Құл Мұхаммед елшілігіне жауап ретінде Мәскеуден тілмаш Вельямин Степанов қай жылы келді?
а) 1593 жылы
ә) 1594 жылы
*б) 1595 жылы
в) 1596 жылы
14. Қай жылы Сібір хандығы жойылды?
а) 1591 жылы
ә) 1593 жылы
б) 1595 жылы
*в) 1598 жылы
15. Сібір хандығының қол астындағы қазақ тайпалары қай жылы Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды?
а) 1588 жылы
ә) 1597 жылы
б) 1582 жылы
в) 1598 жылы
§41. Есім хан
1. Тәуекел хан Орта Азияға жасаған жорығы кезінде қай қаланың түбінде жаралынып, кейін сол жарадан қайтыс болады?
а) Самарқан
*ә) Бұхара
б) Ташкент
в) Қашғар
2. Тұрсын қай жылдары өзін хан деп жариялаған?
а) 1611-1612 жж.
ә) 1612-1613 жж.
*б) 1613-1614 жж.
в) 1614-1615 жж.
3. Қай ғасырдың алғашқы кезінде қазақ хандығында екі хан билеп, елде саяси бытыраңқылық орын алды?
а) XVI
*ә) XVII
б) XIV
в) XV
4. Есім хан тұсындағы астана?
а) Ташкент
ә) Самарқан
*б) Түркістан
в) Сығанақ
5. Тұрсын хан қай қалада өзін тәуелсіз хан деп жариялады?
*а) Ташкент
ә) Самарқан
б) Түркістан
в) Сығанақ
6. Алғашқы қазақ бұхар шайқасы өткен жер?
*а) Айғыржар
ә)Ташкент
б) Созақ
в) Бұхара
7. Алғашқы қазақ-бұхар шайқасы өткен жыл?
*а) 1603 жылы
ә) 1611 жылы
б) 1627 жылы
в) 1630 жылы
8. Қай жылы бұхар әскерін Имамқұли хан басқарып Ташкент түбінде ұрыс болады?
а) 1603 жылы
*ә) 1611 жылы
б) 1627 жылы
в) 1630 жылы
9. Қай ғасырда Моғол хандығы мен Қазақ хандығының арасында одақтық қатынастар орнады?
а) XV алғашқы жартысы
ә) XVI алғашқы кезінде
б) XVII екінші жартысы
*в) XVII алғашқы кезінде
10. Моғолдардың Шалыш пен Тұрфан қалаларын билеген Әбд-ар-Рахым хан жағымен одақтасқан қазақ ханы?
а) Хақназар
ә) Тәуекел
*б) Есім хан
в) Тұрсын хан
11. Моғолдардың Жаркент пен Қашғар қалаларының әміршісі Әбд- Латип (Аппақ) ханды қолдаған кімнің жақтастары?
а) Хақназар
ә) Тәуекел
б) Есім хан
*в) Тұрсын хан
12. Есім хан қай жылы Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады?
а) 1623 жылы
*ә) 1627 жылы
б) 1628 жылы
в) 1629 жылы
13. Есім ханның көптеген адамдарын қырғынға ұшыратып, әйелін, балаларын тұтқындап, Ташкентке әкеткен хан?
а) Шығай
ә) Хақназар
*б) Тұрсын
в) Тәуекел
14. Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жырлаған?
*а) Марғасқа
ә) Тәтіқара
б) Ақтамберді
в) Бұқар жырау
15. «Қатаған қырғыны» оқиғасы ...
а) Қатаған маңындағы тайпаларды жазалау
ә) Түркістан қаласындағы оқиға
*б) Есім ханның Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға қатысқан Қатаған руын жазалауы
в) Есім ханның жүргізген ішкі саясаты
16. Абылай ханға ренжіген кездерінде «Сенен бұрын жеті ханды жебедім кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін...» деген әйгілі ...
а) Ақтамберді жырау
*ә) Бұқар жырау
б) Марғасқа жырау
в) Тәтіқара жырау
17. Есімді ұзын бойлы, батыр денелі адам болған соң «еңсегей бойлы ер Есім» деп дәріптеген қазақ халқының көрнекті шежірешісі:
а) Бұқар жырау
ә) Тәтіқара жырау
б) Ақтамберді жырау
*в) Құрбанғали Халид
§42-43. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
1. XVI ғасырдың ортасында қай қонтайшының билікке келуіне байланысты Жоңғар мемлекетінің күш –қуаты артты?
*а) Батыр
ә) Жәңгір
б) Жиембет
в) Абдаллах
2. Батыр қонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында қай жылдары қарулы шайқастар болды?
а) 1635, 1645, 1656 жж.
ә) 1637, 1638, 1656 жж.
*б) 1635, 1643, 1652 жж.
в) 1627, 1635 , 1647 жж.
3. Есім ханның баласы Жәңгір ханның билік еткен жылдары:
а) 1511-1518 жж.
*ә) 1628-1652 жж.
б) 1625-1675 жж.
в) 1680-1715 жж.
4. Жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Жәңгірді атаған?
а) Салқым
ә) Салқын
*б) Салқам
в) Салмақты
5. Қай жылы жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне басып кірді?
а) 1627 жылы
ә)1635 жылы
*б) 1643 жылы
в) 1647 жылы
6. 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шыққан қазақ ханы?
а) Есім хан
ә) Тұрсын хан
б) Тәуке
*в) Жәңгір хан
7. 20 мың қолмен Самарқан қаласынан шайқас болып жатқан жерге Жәңгір ханға көмекке келген ?
а) Бөгенбай батыр
*ә) Жалаңтөс батыр
б) Райымбек батыр
в) Наурызбай батыр
8. Жоңғар әскерлері қай жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады?
а) 1635 жылы
ә) 1647 жылы
б) 1660 жылы
*в) 1680 жылы
9. Тәуке ханның билік еткен жылдары:
а)1680-1719 жж.
ә) 1680-1726 жж.
*б)1680-1715 жж.
в) 1680-1729 жж.
10. Тәуке ханның ішкі саясаты ...
а) билерге арқа сүйеу сұлтандардың билігін шектеу
ә) хан мен рубасы билер ғана соттық мансапты атқаруға тиісті
б) билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттыру
*в) барлығы дұрыс
11. «Билер кеңесі» қай жерде орналасты?
а) Түркістан қаласының жанында Битөбеде
ә) Сайрам қаласының маңында Мартөбеде
б) Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде
*в) барлығы дұрыс
12. Өзінің билігін нығайтуда «би батырлар» кеңесіне сүйенген және кеңеске барлық рулардың билері мен әскербасыларын, батырларын шақырған қай хан?
*а) Тәуке хан
ә) Шығай хан
б) Жәңгір хан
в) Абылай хан
13. Қай жылдары жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасап, Сайрам қаласын қиратты?
а) 1651-1656 жж.
ә) 1661-1676 жж.
б) 1671-1676 жж.
*в) 1681-1685 жж.
14. Қазақ хандығымен одақ құру үшін 1573 жылы Қазақ хандығына келген орыс елшілері
а) Бухгольц пен Кириллов
*ә) Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков
б) Чернышевский мен Разумовский
в) Вельямин Степанов
15. Қай жылы Тәуке хан I Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады?
*а) 1694 жылы
ә) 1695 жылы
б) 1689 жылы
в) 1678 жылы
16. Тәуке ханның заңдар жинағы...
а) «Жеті қазық»
ә) «Жеті қазына»
*б) «Жеті жарғы»
в) «Жеті заңы»
17. Қазақша «жарғы» сөзінің мағынасы...
а) ырыс
ә) татулық
б) береке
*в) әділдік
18. Төле би Әлібекұлы қай жылдары өмір сүрді?
*а) 1663-1756 жж.
ә) 1667-1764 жж.
б) 1682-1766 жж.
в) 1667-1797 жж.
19. Сырдария жағалауындағы бір ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізген би?
а) Төле би
*ә) Қаз дауысты Қазыбек би
б) Әйтеке би
в) Тайкелтір би
20. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі, Жалаңтөс батырдың ұрпағы
а) Төле би
ә) Қаз дауысты Қазыбек би
*б) Әйтеке би
в) Тайкелтір би
21. 15 жасынан бастап ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендің өнерімен көзге түскен би.
*а) Төле би
ә) Қаз дауысты Қазыбек би
б) Әйтеке би
в) Тайкелтір би
Достарыңызбен бөлісу: |