Зайсан ауданының 2006 жылғы 1 тоқсанның



Дата18.02.2018
өлшемі108,9 Kb.
#37974
Зайсан ауданының 2006 жылғы 1 тоқсанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Қаржы және ақша айналымы. 2006 жылдың 1 тоқсанында аудандық бюджетке түскен барлық қаржы субвенциямен қоса есептегенде 195506 мың тенге болып 101,6 пайызға орындалып жоспардан 3127 мың теңге артық түсті, оның ішінде ауданның өз кірісінің жоспары 5,9 пайызға немесе 3,1 млн. теңгеге асыра орындалды. Салықтар мен алымдардың барлық түрлерінің де жоспарлары 100 және одан жоғары пайызға орындалды. 2006 жылдың 1 тоқсанына салыққа берешектер көлемі 7090 мың.теңге болып 2005 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 6,6 пайызға немесе 443 мың.теңгеге көбейді.

Бюджеттiк қаржылардың шығыс бөлiгiнің жоспары 94,9 пайызға игерілді. Атап айтқанда198683 мың.теңге жоспарланып 188519 мың.теңгесі игерілді, игерілмеген қаржы 10164 мың.теңгені құрайды.

Бағалар мен тарифтер. Аудандағы тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы 2006 жылдың 1 тоқсанында 2,6 пайызға өсті. Осының ішінде 2006 жылдың 1 тоқсанында азық-түлік тауарлары бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға, азық-түліктен басқа тауарлары бағасы 6 пайызға және халыққа қызмет ету түрлерінің бағасы 3 пайызға өсті. Басқа тарифтерден айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Ауылшаруашылық. Ауданда мал шаруашылығы мен құс өнімдерін өндіру мөлшері жыл сайын артып келеді. Айталық 2005 жылдың 1 тоқсанында 1379 тонна ет өндірілсе, 2006 жылдың осы мерзімде 1462 тонна ет өндірілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 83 тонна ет артық өндіріліп, тоқсандық жоспар 106 пайызға орындалды. Құс жұмыртқасын өндіру жоспары 100,5 пайызға, көрсеткіш – 375 мың дана болып отыр.

Мал шаруашылығын одан әрі дамытуға көңіл бөлініп отыр. Соның нәтижесінде ірі қара 56656 басқа жеткізіліп, жоспар 108,6 пайызға орындалды, Бұл - 2005 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4508 басқа артық. Қой ешкі 2005 жылғы 1 тоқсанда 140648 бас болса, биыл 158630 басқа жетті немесе қой-ешкі 17982 басқа көбейіп, тоқсандық жоспар 112,8 пайызға орындалды. Жылқы 8530 басқа жетіп, былтырғымен салыстырғанда 920 басқа көбейді, тоқсандық жоспар 112,1 пайызға орындалды. Түйе былтыр 33 бас болса, биыл – 36 басқа жетіп, жоспар 109,1 пайызға орындалды.

Мал басы өз төлі есебінен көбейіп келеді. Мал шаруашылығын өлім-жітімсіз дамыту мүмкін емес. Биыл ірі қарадан 28 бас шығын болып, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 3 басқа көбейді. 2005 жылы 107 бас қой-ешкі арам өлсе, 2006 жылы 126 бас қой-ешкі шығынға ұшырады. Сондай-ақ, өткен жылы 7 бас жылқы шығын болса, биыл 6 бас жылқы арам өлді.

Былтырғы жылдың 1 тоқсанында әр сиырдан орташа есеппен 363 килограммнан сүт сауылса, биыл – 375 килограммнан болып, тоқсандық жоспар 103,3 пайызға орындалды. Ет өнімдерін өндірістік өңдеу саласында бизнес жоспар жасалынып 25 млн. теңге несие алуға құжаттар өткізілді. Несие берілген жағадайда Қарабұлақ ауылынан мал сою цехы биыл іске қосылуы жоспарланып отыр. Көктемдік егіске дайындық жұмысы қызу жүргізілуде. Көктемгі егіске қажетті 1240 тонна дәнді астық тұқымының 95 % тексеріліп , себу кондициясына 1067 тоннасы немесе 86% жеткізілді. Көктемгі егістікке қажетті дизель отыны тасылынып, ауылшаруашылық құрылымдарына таратылып берілуде. Қолда бар техникалар жөндеуден өткізіліп, көктемгі егіске дайын. Биылғы жылы ауданда бірінші рет соя өсіру жұмысы қолға алынбақ. Бұл жөнінде тиісті түсінік, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Демографиялық жағдай. 2006 жылдың 1 тоқсанында дүниеге келген сәбилер саны 143 бала, бұл 2005 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9 балаға көбейді. 2006 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша 75 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 20 адамға кеміп отыр, оның iшiнде 1 жасқа дейiнгi балалар 4, өткен жылдың осы кезiндегiден бұл 4 балаға азайған. Табиғи өсiм 68-ге жеттi. Заңды түрде отау тiккендер саны 44 болса, ажырасқандар саны 22 болды. Ажырасқандар саны өткен жылға қарағанда 200 пайызға көбейді, отау тiккендер 29,4 пайызға көбейді.

Ауданға 2006 жылдың 1 тоқсанында 290 адам келдi, оның iшiнде 37 адам республикадан тысқары жерден, 51 адам облыстан тысқары жерден келген.

Ауданнан басқа жаққа қоныс аударғандар саны – 286 адам, олардың 1 республикадан тысқары, 124 адам облыстан тысқары жерлерге кеткендер, бұлардың барлығы тұрақты мекенiн ауыстырғандар. Сонда механикалық өсiм терiс таңбаға шығып, 2006 жылдың 1 тоқсанында аудандағы өзгерiс 4 адамға көбейіп, оның iшiнде 16-ға дейiнгi адам саны 36-ға өсiп отыр.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына іске асыру мақсатында,

13 қаңтар 2006 жылға арналған аудандық Маслихатының №20-5 шешімімен бекітілген болатын.

Бағдарламаны орындау мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығы жыл көлемінде қала, ауыл әкімшіліктерімен және мекеме, ұйым басшыларымен бірлесе отырып төмендегі жұмыстар атқарылды. Бағдарлама бойынша 2006 жылы жұмыспен қамту көлеміне 810 адам жұмыссыз ретінде тіркелу болжамдалған болса, бірінші тоқсанда тіркелгені 238 жұмыссыз немесе жылдық болжамның 29 пайызын құрайды.

Жұмыс іздеп тіркелушілердің саны өткен жылмен салыстырғанды 17 адамға артып тұр.

01 сәуір 2005 жылға жұмыссыздық деңгейі 202 пайыз болса, ал 01.04.2006 жылға 1,8 пайызды құрады немесе 0,4 паызға төмен. Өткен жылы бірінші тоқсанда жұмыссыз саны 375 жұмыссызболса, биыл тоқсандық есеп бойынша 319 немесе 56 адамға азайды. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуінің басты себебі, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, шағын және орта кәсіпкерлік саласы да жақсы дамып келеді, қосымша жұмыс орындары пайда болып жұмыссыздардың саны төмендеп отыр.

Аудан әкімінің № 102,05 желтоқсан 2005 жылғы «Ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру және халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың тізбесін анықтау туралы» қаулысына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарды жыл көлемінде 450 жұмыссыз қатысады деп жоспарланған болатын, бұл мақсатқа 8840,0 мың теңге қаржы бөлінген. Есеп тоқсанында қатысқаны 107 жұмыссыз, немесе жоспар 24 пайыз орындалды, оның ішінде ауылдық жерден 64 адам. Қоғамдық жұмыстар көпшілігі бюджеттік мекемелерде атқарылды.

2006 жылы 192 жаңа жұмыс орны ашылды деп болжамдалған болса, ашылғаны 56 жұмыс орыны немесе жылдық жоспардың 29 пайыз құрады.

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бір саласы кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау болып табылады. Бірінші қатардан бастап жол жүру, медициналық байқаудан өту, үй-жайларды жалдау шығыны ауылдан келіп оқып жатқан жұмыссыздарға, сондай-ақ Өскемен қаласында оқып жүрген жұмыссыздарға төленуде. Бағдарламаға сәйкес 25 жұмыссызды оқыту керек болса, оқуға жіберілгені 20 жұмыссыз. Жұмыспен қамту орталығының жодамасымен әр түрлі жұмыстарға 189 адам орналастырылды.

Бағдарламада «Жастар іс тәжірибесі» бойынша 16-24 жас аралығында 5 жоғары және арнайы оқу орнын бітіріп келген жастарды мекеме, ұйымдарға 3 айға уақытша жұмысқа орналастырылды.

Ауданда тұрмысы төмен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдармен, жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталығына жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған адамдармен, еңбек , соғыс ардагерлерімен, мүмкіндіктері шектеулі кемтар балалармен, жалғызбасты қараушысы жоқ қарттармен жұмыс істейді.

Қазақстан Републикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес ауданда тұратын аз қамтылған, кедейшіліктің шегінен төмен тұратын адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленуде.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған, кедейшіліктің шегінен төмен тұратын адамдарға төленеді.

Атаулы әлеуметтік көмек 2006 жылға жергілікті бюджетте аудан бойынша 15000 мың теңге қаражат қаралған.

2006 жылдың 1 тоқсанында 347 отбасының 1145 мүшесіне 4465,9 мың тенге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оның 28000 мың теңгесі қаңтар-ақпан айларына толық төленді.

2005 жылы 28 маусымда Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы шықты. Осы Заңды іске асыру мақсатында 2005 жылы 2 қарашада ҚР Үкіметінің Қаулысы шықты. Аталған Заң бойынша халық арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.

Аудан бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны жөнінде мәліметтер жиналып, 2006 жылға жергілікті бюджеттен 36300 мың теңге қаражат қаралған.

1 сәуір 2006 жылға 1061 отбасының 2638 баласына 7338,5 мың теңге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып, 6581 мың теңгесі төленді.

2005 жылы 13 сәуір айында «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы шықты, Заң қолданысқа 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Осы Заңға сәйкес мүгедектерді әлеуметтік жағынан оңалту туралы аудандық бағдарлама дайындалуда.

Мүмкіндіктері шектеулі кемтар балаларға үйде оқып тәрбиеленгендері үшін биыл жергілікті бюджеттен 28 балаға 540 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді. Сол сияқты жергілікті бюджеттен аз қамтылған мүгедек 2 отбасына 50 мың теңге материалдық көмек төленді.

Денсаулық сақтау саласы. 2006 жылға аудандық аурухананың қазандығының күрделі жөндеуіне 8000 мың теңге жоспарланып отыр, жұмысын 2 тоқсанда бастамақ. Аудан бойынша 2006 жылдың 1 тоқсанына 11398,8 мың.теңгенің тегін дәрі-дәрмегі берілді. Сонымен қатар 1756,5 мың.теңгенің тамағы берілді.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту. 2006 жылдың қаңтар айында аудан әкімі жанынан құрылған ақпарат хабар топтары «Қазақстан Республикасының жаңа ән ұраны» - атты тақырыппен шығып, аудан бойынша 13415 адамды қамтыды. Ақпан айында «Бейбітшілікке және тұрақтылыққа жетейік» - атты тақырыппен шығып барлығы аудан бойынша 12180 адам қамтыды.

Зайсан ауданында Елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» жолдауын 22 наурыз мерекесін өткізу барысында аудан әкімі, мекеме басшылары өз құттықтау сөздерінде Жолдауды халық арасында насихаттап өтті.

Наурыз айының 30-шы жұлдызында аудан әкімі жанынан құрылған ақппарат хабар топтары елді мекендерге шығып Елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауын халыққа толығырақ таныстырды.

Есептік мерзім аралығында ұйымдастырылған барлық даталы күндерді, атап айтқанда көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» тапсыру рәсімі, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, және тағы басқа да шаралар аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Фото 1, 2.

Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырылуын ақпараттық-насихаттау шараларының медиа жоспары жасалынып, соның негізінде бүгінгі күні аудандық «Достық газетінің арнайы «Елбасы Жолдауы – болашақ негізі» тағыда сол сияқты айдармен 4 мақала жарық көрді, сондай ақ «Мақсатқа жете аламыз», «Жаңа серпіліс – дамудың түп қазығы», «Мақсат-әскери-патриоттық тәрбиені нығайту» мақалалар жарық көрді.

2006 жылға Аубакиров атына ескерткіш салуға 1300 мың теңге жоспарланып отыр, Кенсай, Қарабұлақ мәдениет клубтарының ағымдағы жөдеуден өткізуге 1400 мың теңге аудан бюджетінен бөлініп отыр.

Бiлiм және спорт.
Аудан бойынша оқу жылының 1 жарты жылдығын аяқтаған 7972 оқушының 1107-үздік, 2258 оқушы екпінділер қатарында болды. Білім сапасы 42,2 пайыз, үлгірім 99,7 пайызды құрайды.

Биылғы жылы мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында 1286 бала дем алды. Бұл балалардың 343-і аз қамтылған отбасынан, 224-і диспансерлік есепте тұрған балалар. 2006 жылы аумақтық бағдарлама бойынша 45377 мың теңге қаржы бөлінді , бұл былтырғымен салыстырғанда 6951 мың теңге немесе 18,1 пайызға артық, бүгінгі күнге игерілгені 407 мың теңге; оның ішінде 8514 мың теңгесі Ламоносов, Қаратал, Гагарин мектептрінің төбесін күрделі жөндеуден өткізуге, 19092 мың теңге Ломоносов, Қаратал, Гагарина, Мустафина метептеріне мультимедиалық кабинет,3904 мың теңгеге Әуэзов, Мукарама мектептерінің физика, биология, дәрігерлік кабинет және 880 мың теңгеге Интернет жүйесіне шығуға, 12790 мың теңге оқулықтармен жабдықтауға жұмсалып отыр.

Аудандағы 3 мектептен тыс мекемеге 2006 1 тоқсанында 849 бала тартылып отыр, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40 балаға көбейіп отыр. 2005-2006 оқу жылында Республика бойынша 4,9 сынып оқушыларының біліміне Мемлекеттік аралық бақылау өткізіліп 364 оқушы қатысты.

Жыл басынан бастап мектеп оқушыларының YI аудандық спартакиада бағдарламасы бойынша қазақша күрестен, шахмат, тоғызқұмалақ, шаңғы, амреслингтен аудандық жарыстар ұйымдастырылса, хоккейден жерлесіміз Х.Зайсанов атындағы турнир өткізілді.Зайсан қаласында 18 ақпан күні волейболдан қыздар арасында аудан құрама командасының капитаны, кәсіпкер марқұм Жұлдыз Әбішева атындағы турнир өткізілсе, ерлер арасында ауданымыздың ардақты азаматы С.Спамбетов, Қарабұлақ ауылында Қ.Жақсылықов, Ж.Молдашев атындағы турнирлер өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Осы аталған турнирлерге көрші аудандардан командалар шақырылып, жарысқа қатысты. Сондай-ақ Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымдастырылуымен волейболдан аудандық жарыс өтсе, баскедболдан дәстүрлі «Достық» газетінің жүлдесі үшін аудандық жарыс өз мәресіне жетті. Оқушылар арасында облыстық жарысқа волейболдан 9-11 орындарды, тоғызқұмалақтан 3 орынды, мини футболдан Республикалық турнирде 2 орындарға ие болды.

Заңдылықтар. 2006 жылдың 3 ай көлемінде Зайсан аудандық ішкі істер бөлімі, қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау,азаматтардық қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында, аудан көлемінде «Құқық тәртібі, Топ, Қару, Іздеу, Допинг, Мигрант, Кадаглау» жалпы Республикалық операциялары және оперативтік іздестіру шаралары жүзеге асырылды. Арыз-шағымдарды тіркеу тәртібі үстіміздегі жылдың 3 ай көлемінде жасалынған қылмыстардың дер кезінде ізін суытпай ашылуына, алдын алуға өз нәтижесін берді.

Тіркелінген қылмыстар саны 58 былтырғы жылмен салыстырғанда 48,8 пайызға артып отыр. Қымыстардың ашылуы 83,9 пайыз болып отыр.

Аудан көлемiнде ең алдымен қылмыс жасауға бейiм азаматтарды арнаулы тiзiмге алып, олармен күнделiктi профилактикалық жұмыстар жүргiзу мәселесiне көп көңiл бөлiп отыр. Жасөспiрiмдер арасында жалпы қылмыстың алдын алу мақсатында мектептермен, жасөспiрiмдер комиссиясымен тығыз жұмыстар жүргiзiлдi. Бұқаралық ақпарат құралдарына заңдарды түсiндiру, қылмыстың алдын алу мақсатында ай сайын тұрақты түрде құқықтық насихат жүргiзiлiп келедi.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет