• 2008 ҚазаҚстан Республикасы бiлiм


Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының даму үрдістері



бет9/37
Дата25.11.2016
өлшемі4,56 Mb.
#2505
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37

Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының даму үрдістері


Қоғамның мәдени өмірі мен мемлекеттік мәдени саясаттың өзара әрекетіндегі аса маңызды ерекшеліктің бірі алға қойған мақсаттар мен нақты социомәдени процестер бағытының негізгі векторларының арасындағы түбірлі алшақтық болып отыр.

Қазақстандық саясаттанушы Р.К. Қадыржанов айтып өткендей "бұрынғы КСРО-ның титулдық этностарының мәдениеттері арасында қазақ мәдениеті ең орыстандырылған, орыс-кеңес мәдениетімен неғұрлым көп ассимиляцияланған мәдениеттің бірі болып шықты... Қазақтың кеңестік мәдениетінің екіншісі болмауы мүмкін емес еді, өйткені ол Мәскеуде өндірілген мәдениет үлгілерін қазақтың ұлттық топырағына көшіру түрінде дамыды. Бұл әдебиетті, киноны, балетті, музыканы, театрды, теледидарды, қоғамдық ғылымдарды, білім беруді және т.б. қамтыды. Бірақ мұндай идеологиялық тәсілмен айқындалатын мәдени дамудың қазақтың ұлттық-мәдени дәстүрімен, халықтың рухымен ешқандай органикалық байланысы болмады және сондықтан ол халықтың қызығушылығын тудырмады... Қанша дегенмен, қазақтар орыстық-кеңестік мәдениеттің жетекшілігіне бейімделе алғанымен, қазақ тілі мен мәдениетінің бейшара қалпы, олардың жадаулығы мен төмен дәрежесі түбірлі этностың, қалыптасып келе жатқан этникалық элитаның қалыптасқан жағдайға қарсы ішкі наразылығын тудырмай қоймады" [1].

Бұл айтылғандардан мынадай түйін шығаруға болады. Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңіндегі мемлекеттік мәдени саясатының міндеті этникалық тиесілікте тәуелді емес жалпы нормалар мен құндылықтар төңірегіне қоғамды рухани және мәдени топтасуды қамтамасыз ететіндей адамдар арасындағы қатынастардың тетіктері мен формаларын даярлау, өйткені этникалық бірегейлік мәдени мағынада әртекті элементтердің келісімі мен интенсивті өзара әсерін қамтамасыз ететіндей қажетті деңгейге жетпеген. Дифференциалдық сипаттағы қақтығыстар мен алшақтық дұшпандық пен зорлықтың өлшемі және себебі болғандықтан неғұрлым жоғары дейгейдегі берік бірлікті қалыптастыру қажет.

Біздің пікірімізше, Қазақстандық қоғамның сақталуы мен дамуы мақсатында Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының негізіне мәдени плюрализм принципінің қаланғаны дұрыс.

Болашақ Қазақстанның мәдени болмысы әртүрлі ұлттық мәдениеттердің механикалық жиынтығы емес,тұтастайжалпықазақстандық мәдениетті құрайтын өзара байланысты, өзара бағынышты мәдени этникалық комплекстердің органикалық қосындысы болуы тиіс.

Қазақстанның мемлекеттік билігінің тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап, оның қалыптасып келе жатқан жаңа мәдени саясатында рухани-мәдени төлтумалылықты қайта түлету мен дамыту, оның ішінде, ең алдымен, қазақ этносының ұлттық мәдениетін, дәстүрі мен тілін қайта өркендету курсы қабылданған болатын. Алайда қазақ мәдениетінің этникалық, құндылықтық, эстетикалық ерекшеліктерін қайта өркендету кезеңі өзінің потенциалды тамырын тереңге жіберіп үлгірген мәдени интеграция үрдісінің объективті уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Оның үстіне әңгіме Жердің жекелеген бөлігін ғана емес, бүгінгі уақытта бүкіл әлемді қамтып отырған этникалық топтар мен ұлттардың жаңа және жоғары деңгейдегі мәдени интеграциясы, яғни жаһандану жөнінде болып отыр.

Жаңа ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың дамуы және олардың құлаштап қарқын алуының нәтижесінде әлемнің планетарлық "тарылуы" іске асуда. Спутниктік теледидар, интернет, компьютерлік мәдениеттің кәдімгі картинаға айналып кеткені сондай, жер шарының кез-келген нүктесіндегі көптеген адамдар өздерінің күнделікті өмірін оларсыз көзге елестете алмайды. Халықаралық, трансұлттық және ғаламдық бастаулардың бір-бірімен өзара тығыз байланыстылығы және осыдан туындайтын мәдениеттің ғаламдастырылуы әлемдік қауымдастықтың мәндік сипаттамасына айналды.

Олжас Сүлейменовтің дәл тауып айтқанындай, "глобализм - бұл түрдің өзін-өзі сақтауының объективті заңы. Глобализммен күресу өзінді әлемдік контекстен өшіріп тастауды білдіреді. Егер ұлттық мәдениет этностың өзіндік қорғаны болса, ал глобализм "әлемдік мәдениетті" ұжымдық қауіпсіздік жүйесі ретінде түсінуге шақырады. Бұл жалпы ортақ қауіптің алдында халықтарды адамзаттыққа бірігуге шақыру".

Демек, біз оны қалаймыз ба, әлде қаламаймыз ба қазіргі әлемде, ақпараттық-коммуникативтік және өзге әлеуметтік негізде өте шапшаң қалыптасып келе жатқан жалпыадамзаттық мәдениеттің жаңа типі құрылуда.Мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуалдар, ресурстық негіздер, сонымен бірге логика мен конструктивті негізге көне бермейтін төл немесе ұлттық дүние түйсінулер мен дүниетанымдар дегеннің бәрі демесек те осы сияқты көптеген жағдайлар мен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен санасуды қажет етеді.

Қазіргі әлемнің нақты болмысы бұл қайшылықтағы жетекшілік ғаламдастыру үрдісі жағында екендігін көрсетеді, ал ұлттық мемлекеттер тарихи аренада жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына қарай санының өсуіне қарамастан, бірте-бірте кейінге ығыстырылуда. Бұл қайшылықпен барлық елдер бетпе-бет келіп отыр, ал посткоммунистік елдер үшін бұл қақтығыс өте маңызды жөне принципиалды мәнге ие болып отыр.

Сонымен, ғаламдастырудың өн бойында қайшылық бар. Ол тек экономикалық және техникалық мүмкіншіліктері жағынан ғана тең емес, сондай-ақ мәдениеттер мен идеологиялардың ішкі потенциалдары мен оларды әлемдік мәдени кеңістікте тарату мен дамыту мүмкіндіктерінің де теңсіздіктеріне қарамастан мәдениеттер мен идеологиялардың тең бөсекелестігін қалайды.Екінші жағынан, кез-келген ұлттық мәдениет, ең алдымен, ұлттың бірігуі мен топтасуына үміт артады. Топтасу өзгелерден ерекше өзінің төлтумалылығын бекіту жолымен іске асады. Ал ғаламдастыру үрдісі, керісінше, партикулярлық компоненттердің үлестік салмағын төмендету есебінен, әдетте жалпылыққа иек артуға бағдарланады.

Ғаламдастырудың мақсаты әр түрлі мәдениеттердің ғаламдық мәдениетке қосатын үлестеріне сәйкес олардың өздерін көрсету мүмкіндіктерін ашуға бағытталғандықтан, бұл интеграциялық процестің объективті логикасына орай мәдени әралуандылықтың редукциясына және ұлттық, мәдени, діни, өзге де тұлғалық типтердің оңтайландыруына әкеледі.

Оның үстіне, даму деңгейі төмен жөне дамушы елдерде бұқаралық мәдениеттің ықпалы дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда қайшылықты екенін ескеру қажет. Ол бөтен индивид үшін жеңіл өмір сүрудің елесін қалыптастырып, оның санасында батыстық өмір сүру тәртіптерінің артықшылықтарын идеалдандырып, өз мәдениетіне деген жадау көзқарас сезімін тудырады.

Біз қаласақ та, қаламасақ та ғаламдастырудың тұрақты серігі батыстық бұқаралық мәдениеттің жетекші ықпалы болып отыр. Бұл халықаралық байланыстар процесінде ағылшын тілінің стихиялық түрде қалыптасып келе жатқан үстемдігінен, материалдық игіліктерімен бекітілген латентті европоцентризмнен, Европа мен АҚШ-ң ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда табысты түрде дамуынан көрінеді. Және бүл кездейсоқ емес, өйткені жер бетіндегі көпшіліктің көзінше Батыс интеллектуалдық және көркем ағымдардың байлығының, шынайы ғылым мен жоғары мәдениеттің "жерұйығы" болды және солай қалады да.

Батыстың мәдени экспансиясы халықаралық құжаттарда мәдени империализм ретінде жиі анықталады. Әдетте "мәдени империализм" ұғымы шетелдік мәдениеттің құндылықтары мен ғұрыптарын өзге ұлттың мәдениеті есебінен тарату мен көтеру үшін саяси және экономикалық билікті қолдану деп түсіндіріледі. Ал мәдениет саласының өз ішінде мәдени империализмнің негізгі белгілеріне төмендегілер жатады:

1. Батыстық қоғамға тән өмір тәртібі мен тұтынушылық бағдарларды көшіру;

2. Өзге мәдениеттердің үлесін ескермей, универсалды деп сипатталатын батыстық мәдениетті енгізу;

3. Мәдени байланыстар арқылы саяси мақсаттарға жетуге ұмтылу;

4. Ақпараттың біржақты ағымы - "орталықтан" "шеткеріге", яғни коммуникация мен бұқаралық ақпарат құралдары және көңіл көтеру индустриясы саласындағы ірі батыстық компаниялардан өзге елдердің сан мыңдаған аудиториясына қарай ағуы;

5. Батыстық бағдарды бекітуге жағдай жасайтын және буржуазиялық Батыс ықпалының сүйеніші болатын жергілікті әлеуметтік-мәдени элитаны қалыптастыру [2].

Бұл айтылғандардан Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің бүкіл қуатын көрсетіп үлгірген қазақтың ұлттық мәдениетін қайта түлету мен дамыту процесі үшін ғаламдастыру үрдісінің қандай қатер әкелетінін толық пайымдауға болады.

Өзімен бірге бағдарларды жоғалту, ыдырау элементтерін алып жүретін мұндай сыртқы мәдени орта жаңа өмірлік талаптарға лайықты жауап беретіндей өзінің жеткілікті берік және дамыған мәдениеті жоқ және сыртқы жойқын ықпалды бастан кешіріп отырған, әлі қалыптаса қоймаған ұлттық мәдениеттер үшін ерекше қауіп-қатер туғызады.

Сондықтан, ғаламдастырудың унификациясына қарсы мәденит өзін изоляцияда сақтауға тырысса, бұл сол мәдениеттің өзін-өзі өлтіруіне алып келеді.

Белгілі қазақстандық философ және саясаттанушы Ә.Н. Нысанбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін оның онан ары тарихи дамуының бірнеше мүмкін баламалары бар. Оның ең алғашқысы, бүгінгі транзиттік жағдайдан шығудың біздің қоғам үшін табиғи жолы біздің қазақ халқының тоталитарлық мемлекет пен коммунистік экспертименттің құрбаны болғанға дейінгі кезеңге, яғни революцияға дейінгі кезеңге қайта оралу болып көрінер еді. Мыңдаған жылдар бойы қазақ халқын органикалық түрде оның мекен ету ортасымен, ұлы даламен және оның төбесіндегі жұлдызды аспанмен біріктірген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық мәдениет саласындағы өткенге деген бұл ностальгия әрине, түсінікті.

Отандық мәдениет трансформациясының келесі бір табиғи жолы бізді ұлттық түбірдің, тілдің, дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың көпғасырлық ортақтығымен байланыстыратын түркі-ислам әлеміне органикалық түрде ену болуы мүмкін. Бірақ, бізде өзіміздің оңтүстіктегі көршілерімізбен салыстырғанда, таза мұсылмандық мәдениеттің формалары жетекшілікке ие болуы қиын. Қазақстан далаларында ғасырлар бойы әр түрлі діндер қатар өмір сүріп, уағыздалды, оның ішінде ертедегі христиандық та, буддизм де бар. Тәңірілік дәстүрге келер болсақ, ол өзінің мәні жағынан қарапайым халық үшін исламнан бірде кем түспейді. Сонымен бір мезгілде жалпыславяндық тұтастық және соборшылдық идеялары сияқты пантүркизм және панисламизм идеяларының да өмір сүруге толық құқылары бар.

Және, ақырында, XXI ғасырдағы біздің мәдениет үшін ең қызықты және сонымен бірге, келешегі бар жолдың бірі - біз шартты түрде "евразиялық мәдени кеңістік" деп атап жүрген жол болуы мүмкін. Тағдырдың еркімен Қазақстан географиялық жағынан болмаса да, демографиялық және мәдени жағынан Европа мен Азияның аралығында орналасты. Біз бұл тарихи айғақты ескермей, біздің ұлттық мәдениеттің одан ары дамуына оның әсерін теріске шығара алмаймыз.

Басқа жағынан алғанда, мәдениеттің ғаламдану процесі кез-келген өмір сүруші және гүлденуші ұлттық мәдениет үшін, шын мәнінде, тарихтың талабы. Және ол әрбір халықтан және мемлекеттен лайықты жауап күтеді. Ең алдымен, біздің пікірімізше, ол қазіргі қазақстандық қоғамнан өз дамуының барлық потенциалды мүмкіндіктерін іске асыруды және өзінің бүкіл әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселелерін табысты түрде шешуді талап ететін сияқты.

Біз бірнеше рет қайталағандай, мәдениеттің мәні құндылықтық-мағыналық және әлеуметтік-нормативтік мазмұнмен сипатталады. Модернизация процестерінде қоғамда қалыптасқан рухани құндылықтар, еңбек бағдарлары, рәміздік құрылымдар, менталитеттің ерекше рөл ойнауы кездейсоқ емес. Мұны, әсіресе, Қазақстан халықтарының құндылықтық бағдарлары мен мәдени қажеттіліктерінің, рухани басымдылықтарының құрылымын трансформацияға алып келетін елді әлеуметтік-экономикалық реформалау процесінде ескеру өте маңызды. Дәл осы мәдениет саласы қоғамдық өмірдің жаңа мақсаттарын, құндылықтары мен нормаларын анағұрлым терең айқындайды және болып жатқан өзгерістерді жаңа құндылықтық тұрғыдан қабылдаудың қалыптасуына жағдай жасайды. Жаңа мәдени саясат, өзінің тура мағынасында қоғамның жаңа социомәдени санасының қалыптасуына, оның ментальдығын аксиологиясын, бірегейлік образдарын, әлеуметтік ұмтылыстарының " сипаты мен әлеуметтік образдарын, әлеуметтік ұмтылыстарының сипаты мен әлеуметтік танымалдылық формаларын өзгертуге бағытталған деп айтуға болады.

Сонымен қатар, нақты әлеуметтік процесс пен бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамның қызметі арқылы жас буын не ерікті, не еріксіз түрде болсын материалдық игіліктің мүлдем жаңа құндылықтарымен, әлемді қабылдаудың жаңа құндылықтық-мағыналық мазмұнымен сипатталатын күнделікті жүрістің белгілі бір жаңа біліми жиынтығын игереді.

Сонымен, Қазақстандағы мәдени саясатты зерттеу бұл саладағы қоғамның мәдени өмірі мен мемлекеттік саясаттың өзара әсерінің басты ерекшеліктерінің бірі мәдени саясаттың жарияланған принциптері мен мақсаттары мен социомәдени процестер бағытының негізгі векторлары арасындағы түбірлі алшақтық болып қалып отыр. Басқаша айтқанда, социомәдени процестердің нақты дамуының негізгі векторлары мемлекеттің жүргізіп отырған ресми мәдени саясаттың бағдарларымен сәйкес келмейді.

Мәдени саясаттың либералдануы, мәдениеттің идеологиялық диктаттан босануы, плюрализмнің легалдануы және өсуі соңғы жылдардағы рухани өмірдің қалыпты құбылысы ретінде әділ бағалануда. Алайда, идеологиялық шектеуді алып тастай отырып, ондаған жылдар бойы құрылған мәдениеттің орасан зор жасампаз потенциалын сақтап қалу маңызды еді.

Сонымен, біз мәдени саясаттың тұтастай алғандағы мемлекеттік саясаттың барлық салаларының ажырамас бөлігі болғанын және осы жүзеге асыруда барлық мемлекеттік басқару құрылымдарының атсалысқанын қалаймыз.

Жалпы жаңа мемлекеттік саясаттың рухани-құндылықтық және адамгершілікті-нормативтік қырын бейнелей отырып, мәдени саясат қоғамды жан-жақты социомәдени модернизациялауға бағытталған идеологиялық көзқарастар мен соған сәйкес шаралардың жиынтығы ретінде корінеді.

Мәдениеттанушы ғалымдардың орынды пікірінде айтылғандай, "мәдени саясаттың мақсаты - мәдениетті жан-жақты дамыту емес (ол даму мемлекеттің араласуынсыз өздігінен стихиялық тұрғыда жүреді), адамзат тұлғасын әлеуметтендіру мен мәдениеттендірудің жүйеленуі мен реттелуі. Мәдени саясаттың объекті - адамдар, ал мәдениет олардың санасы мен қоғамдағы әрекетінің әлеуметтік шынайылығын қамтамасыз етудің құралы"

Бұл пікір бойынша, мәдени саясаттың объекті тек мәдениет өндіруші және мәдениет сақтаушы ұйымдар ғана емес, тұтастай алғандағы бүкіл қоғам болып табылады. Мұндай саясаттың ықпалы социомәдени өзіндік ұйымды мемлекеттің мәдени - құндылықтық формада көпшіліктің қолдауына ие болған шынайы стратегиялық мақсаттарының аясында адамның өзін көрсетуі мен өзіндік дамуына бағыттайтын және серпін беретін жалпыұлттық (жалпымемлекеттік) процестер ретінде жобалануы тиіс.

Мәдениет - тек сала емес, бүкіл қоғамдық организмді, оның экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси және рухани қозғалыстарының энергиясын жетілдіру мен дамытудың келешегін анықтайтын әлеуметтік болмыстың фундаменталды негізі де болып табылады.

Мұндай жағдайларда мәдени саясаттың стратегиялық мақсаттарына, біздің пікірімізше мыналар жатады:

- елдің мәдени потенциалын сақтау, қазақ мәдениетінің дамуының мәдени жаңашылдықтар мен мәдени өмірдің полиэтникалық алуан түрлілігін мемлекеттік қолдаумен қатар сабақтастығын қамтамасыз ету;

- біртұтас мәдени кеңістікті қалыптастыру, көпұлтты мемлекетте субмәдениеттердің сұхбаты үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

- біртұтас мемлекеттің азаматтары ретіндегі әртүрлі әлеуметтік және

этникалық топтардың мәдени интеграциясын қамтамасыз ететін құндылықтарды құру.

Мемлекеттік мәдени саясаттың бүгінгі және таяу келешектегі негізгі мақсаты ретінде елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңаруы үшін қажетті алғышарттар дайындай алатындай қоғамның мәдени жағдайын ұстап түру мойындалады.

Осы мақсаттардан шешімін табуды талап ететін мынадай міндеттер туындады:

-адам мен қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтық бағдарларының жаңа жүйесін жан-жақты дамыту және бекіту, ұлттық және тарихи дәстүрлерді Қазақстанды социомәдени модернизациялау міндеттерімен шығармашылық тұрғыдан сәйкестендіретін болмыстың жаңа аксиологиясын құру;

- адам әрекетін өмірдің жаңа мазмұнын, формалары мен сапасын жасауға бағыттайтын адами қажеттіліктер мен әлеуметтік мүдделердің барлық көріністерінде рухани-құндылықтық компонентті жан-жақты дамыту;

- жалпыадамзаттық құндылықтарды кез-келген ұлттық мәдениеттің терең мазмұнымен озара байланыстырып ұғынуды білдіретін плюралистік дүниетанымды тәрбиелеу;

- ұлттық, конфессионалдық және әлеуметтік саяси бөлектенуді игеруде, толерантты қарым-қатынаста мәдени өзара байланысқа құрметпен қарау қажеттілігін тәрбиелеу;

- "жоғары мәдениетке" қамқорлық жасайтын мемлекеттік сектор мен бұқаралық мәдениетті тарататын жеке сектор арасындағы түбірлі алшақтықтың орнына өзара толықтыру принципіне негізделген бірлестіктің жаңа типін бекіту.

Біз жоғарыда белгілеген жаңа мәдени саясаттың негізгі міндеттердің аясында жеке құқықтар мен мүдделерді құрметтеуге негізделген демократиялық мәдени саясаттың басты міндеті белгілі бір таңдауды әкеліп таңуда емес, қазақстандық өркениеттің дамуы мен қалыптасуының стратегиялық жолдарын перспективалық түсіну тұрғысынан алғанда мәдени процестердің жалпы мазмұнын реттеу мен пайымдалған түзету енгізуге бағытталған идеялардың зорлықсыз салыстырылуын талқылау мен жеңілдетуді ұйымдастыру болып табылады. Мемлекеттік мәдени саясат пен нақты практика арасындағы өткір қайшылықтар әрқашан да және әсіресе бүгін әлеуметтік-экономикалық нақтылықта елдің мәдени өмірін қаржыландыру құралдарын шоғырландыру саласын айналып өтпейді. Бұл тұрғыдан алғанда, мәдениетті сақтау мен дамытудың мемлекеттік кепілінің негізі мемлекеттік қаржыландыру болып қала береді. Оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінің бюджеттерінде мәдениетке жыл сайын жұмсалатын шығынның үнемі өсімін бекіту қажет және оны бюджетті қалыптастыру барысында әрқашан бұлжытпай сақтап отыру керек. Бюджетті орындау барысында алынған қосымша табыстарды да осы пропорцияда мәдениетке бағыттап отыру керек.

Сонымен, Қазақстандағы мәдени саясаттың маңызды басым мақсаттары және осы саладағы мүмкін болатын ұсыныстары елдегі және әлемдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық процестерді, ғылым мен техниканың дамуын, тұтастай алғанда бүкіл қазақстандық қоғамның білім беру және жалпысаяси бағдарларын міндетті түрде ескеруді талап етеді. Сонымен қатар, олар тамыры терең мәдени дәстүрлермен және нақты жағдайлардың күрделі жиынтығына сай трансформациясымен анықталады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Кадыржанов Р.К. Консолидация политической системы Казахстана: проблемы и перспективы. -Алматы: Институт философии и политологии МОН РК, 1999.

1. Ерасов Б.С. Социальная культурология. - М.: Аспект Пресс, 1997.

2. Шалабаева Г.К. Постижение культуры: мировоззренческие парадигмы и исторические реалии Казахстана. - Алматы: Акыл китабы, 2001.

3. Манди Саймон Культурная политика: краткое руководство//

4. Культурная политика в Европе: выбор стратегии и ориентиры. Сборник материалов. -М.: Издательство Либерия, 2002.

Редакцияға 3.03.2008 қабылданды.

Е.Б. Исакулов

К вопросу реформирования современной государственной службы в Республике Казахстан

К актуальным направлениям реформирования современной государственной службы, государственного управления и менеджмента относится научно-теоретическое обеспечение ее развития. При этом современная наука о кадрах и профессиональной деятельности государственных служащих только развивается, а управленческая наука находится сегодня на сложном этапе поиска и утверждения своих методологических принципов.

Главная цель научного обеспечения государственного управления состоит в том, чтобы "успешно решать задачи и находить пути повышения эффективности управления отраслями экономики, социальной сферы и административно-политического строительства. Имеется в виду поиск способов достижения наилучших результатов в управленческой практике при наименьших затратах сил, средств и времени" [1].

Анализ источниковедческой базы по проблеме модернизации государственного менеджмента показывает, что в настоящее время актуальными аспектами научных исследований в данной сфере являются следующие [2, 3, 4]:

разработка современной концепции государственной кадровой политики, совершенствование штатно-должностных структур, разработка стандартных показателей кадрового потенциала государственной службы;

создание и совершенствование должностной модели и профиля компетенции государственного служащего;

разработка вопросов, связанных с подготовкой, переподготовкой и повышением квалификации и рациональным использованием кадров государственного аппарата;

дальнейшее формирование и развитие понятийного аппарата кадровой работы (кадроведения) как особой отрасли научного знания;

научно-практические вопросы регулирования норм прохождения государственной службы.

Указанные выше направления отчетливо показывают, что реализация государственного управления предусматривает, наряду с научным обеспечением, и общеметодологическое обеспечение. В этой связи разработка концепции модернизации государственного управления Республики Казахстан напрямую связана с изучением широкого спектра проблем теоретического и практического характера. К таковым можно отнести взаимосвязь политических, экономических, правовых, социологических, организационных и других аспектов государственного управления; изучение закономерностей становления в развития как отдельных отраслей управления, так и государственного управления в целом с учетом происходящих в республике социально-экономических и политических преобразований; формирование системы принципов государственного управления и эффективность ее функционирования; совершенствование методов, форм и стиля руководства; выработка обоснованных прогнозов модернизации государственного управления в республике.

Причем практически все исследователи данной проблемы подчеркивают важность таких методологических подходов при изучении проблем кадровой политики, как функциональный, системный, социологический, проблемно-целевой, исторический и др. В частности, функциональный подход позволяет обеспечить всестороннее исследование содержания работы управленческого аппарата. Более того, значение функционального подхода особенно возрастает в настоящее время в связи с разработкой и поэтапной реализацией принципов децентрализации государственного управления, разграничения функций между уровнями управления. Ибо проблема государственных функций и полномочий тех или иных органов власти имеет первостепенное значение для рационализации и достижения оптимизации государственного управления в стране. Главной целью этих преобразований является то, что функции государства и управления государственных органов в их неразрывном единстве и взаимодействии являются основой для построения сбалансированной системы государственного управления.

Эффективность государственной кадровой политики во многом определяется ее социальной базой, на которую опирается государство при выработке и реализации своей кадровой политики, интересы которой она выражает и которая, в свою очередь, оказывает государству необходимую поддержку в работе с кадрами. При этом социальная база кадровой политики во многом зависит от устойчивой социальной направленности этой политики, т.е. от открытости и гласности кадровых технологий, иначе говоря, - как, кем и по каким критериям формируются руководящие кадры.

Концептуально важным в данном аспекте является инициатива Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева о разработке принципиально новой модели государственной службы, видением основных элементов которой он поделился 17 июня в г. Астане на международной конференции "Роль государственной службы в повышений конкурентоспособности страны". Основная идея инициатив в данном направлений заключается в том, что укрепляется формат государственной службы, образуя особо важный национальный проект - как реализация государственной кадровой политики Республики Казахстан.

При этом сами принципы государственной службы, по мнению Главы государства, должны быть пересмотрены, с точки зрения механизмов, обеспечивающих реализацию таких постулатов, как Меритократия, Честность, Эффективность" [5]. Несомненно, реализация указанных постулатов позволит более эффективно формировать кадровой потенциал государство и создает следующие реальные возможности:

равного доступа граждан к государственной службе, возможности самореализации личности;

проявления каждым государственным служащим своих способностей, гарантии объективности служебного продвижения;

правовой и социально-экономической защищенности государственных служащих.

Именно поэтому, с учетом вышесказанного, работу с кадрами целесообразно осуществлять на основе приоритета принципов профессионализма, стабильности и гражданственности. Именно эти принципы являются основой того, что государственная кадровая политика должна способствовать полнейшему раскрытию возможностей и способностей каждого человека в социально-профессиональной среде в соответствии с его квалификацией, независимо от пола, национальности, возраста, социального положения и т.д.

В предложенной Н.А.Назарбаевым модели содержаться ряд ключевых элементов, которые позволят наиболее эффективно и оптимально повысить эффективность государственного управления. Так в контексте рассматриваемого вопроса, инициатива Главы государства о создании Национальной комиссии и усиление роли Агентства по делам государственной службы позволит укрепить статус государственной кадровой политики и повысит качества отбора на государственную службу. Наряду с этим в рамках вышеобозначенного, а также внедрение эффективной системы подготовки, рекрутинга и профессионального роста перспективных и талантливых специалистов планируется создать Национальный центр по управлению персоналом государственной службы.

Конечно же, инструментом реализации государственной кадровой политики в условиях социально-политической модернизации является государственная служба. Пристальное внимание ученых к проблемам государственной службы во многом вызвано тем, что данное явление рассматривается и как общественный феномен, и как многофункциональный институт. В соответствии с этим положением и социально значимый научный интерес обусловлен необходимостью кардинального обновления управленческой науки, форм и методов функционирования института государственной службы, поскольку любое демократическое государство должно не только создавать и поддерживать на должном уровне государственную службу, но и постоянно совершенствовать ее. Ибо, как мы уже упоминали выше, и кадровая политика, и государственная служба - инструменты стратегии и тактики административной реформы государственного управления.

При этом важно подчеркнуть, что государственная служба - это специфический, особый вид профессиональной деятельности граждан, содержание которой точно определил В.К. Божко "Государственная служба -это особый социальный институт, устанавливающий и регулирующий отношения государства со своими чиновниками, людьми, профессией которых является выполнение управленческих или других функций по поручению и от вмени государства" [6]. Деятельность чиновников в этом плане регламентируется действующими законодательными и иными нормативно-правовыми актами о государственной службе. Следовательно, под государственной службой подразумевается преимущественно выполнение должностных обязанностей именно в органах государственного управления.

При этом, в целях системной и последовательной реализации государственной политики, по инициативе Главы государства в новой модели административная государственная служба будет разделена на для основных корпуса ("корпус А и Б"). Если в "корпус А" войдут представители высшей административной службы - ответсекретари, руководители государственных холдингов, национальных компаний, то в "корпус Б" составят директора ключевых департаментов исполнительных органов, председатели комитетов, акимы районов и городов.

При этом представители "корпуса Б" выступают т.н. кадровым резервом в "корпус А", а при наличии системы четких и конкретных стимулов честной службы и продвижения по карьерной лестнице, будут составлять для них т.н. конкурентную среду.

Говоря о специфике института государственной службы в силу ее особых функций, следует подчеркнуть, что несение гражданами государственной службы является выражением особого доверия со стороны общества и государства, что, в свою очередь, предъявляет повышенные требования к духовно-нравственному и морально-этическому облику государственных служащих. В этой связи важное политическое значение имеет подписанный 3 мая 2005 года Президентом страны Указ "О кодексе чести государственных служащих Республики Казахстан". Актуальность данного нормативного правового акта как раз и обусловлена необходимостью более эффективной реализации государственной службы и таких ее задач, как функционирование профессионального и компетентного аппарата чиновников, демократизация отношений в государственном аппарате, создание условий для гласности и открытости его деятельности, искоренение бюрократизма, патронажа, протекционизму и других негативных явлений в его работе.

Таким образом, принципы отечественной государственной службы следует рассматривать как основополагающие идеи, исходящие из самой сущности института государственной службы. К важнейшим среди них относятся:

общие (казахстанский патриотизм, демократизм, гласность, приоритет прав и свобод граждан и др.);

специальные (принцип меритократии, означающий создание правовой системы, способствующей привлечению на государственную службу и продвижению по ней на основе личных профессиональных заслуг и достоинств наиболее компетентных, честных, и талантливых граждан);

конституционно-правовые, (законность, равнодоступность, обеспечивающий поиск достойных кандидатов на замещение вакантных административных должностей государственной службы; внепартийность, демократизм; единство системы государственной службы независимо от разделения ветвей государственной власти);

нравственно-этические (гуманизм, справедливость, объективность, ответственность, уважение достоинства личности);

социальные (профессионализм, эффективность, научность, реалистичность, социально-демографическое представительство, государственный и общественный контроль, социально-правовая защищенность).

Правовой статус государственного служащего, совокупность его прав, обязанностей и ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе, регламентирован Законом Республики Казахстан "О государственной службе". Правовой же статус государственных служащих иных видов государственной службы: военной (Министерство обороны, Республиканская гвардия, Служба охраны Президента, КНБ) и специальной (МВД, внутренние войска. Генеральная прокуратура, финансовая полиция, таможенные органы) регулируется специальными законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан. В соответствии с этим для данных специальных органов государственного управления устанавливаются особые условия и порядок поступления на службу, ее прохождения и прекращения, особые условия труда, а также дополнительные льготы, преимущества и ограничения.

При этом, нельзя рассматривать теоретические, методологические, нормативно-правовые основы государственной службы, базовые ее понятия и теории вне процесса реформирования государственной службы, ибо иначе невозможно выявить тенденции их дальнейшего развития и совершенствования.

В этой связи, учитывая специфику административной реформы, следует отметить, что на ближайшую перспективу приоритетными направлениями развития государственной службы в Республике Казахстан являются:

1. Разработка Концепции государственной кадровой политики и поэтапной реализации ее основных направлений и принципов в государственной службе. При этом следует четко обозначить субъектов реализации кадровой политики, меру ответственности и механизмы реализации.

2. Повышение имиджа и престижа государственной службы путем дальнейшего совершенствования системы оплаты труда и социальной защиты государственных служащих и проведения с этой целью ряда целенаправленных мер.

3. Совершенствование системы обучения и развития государственных служащих на основе передового международного опыта и подготовки управленческих кадров с учетом потребностей государства.

4. Модернизация системы государственной службы на всех уровнях государственного управления, внедрение современных управленческих и информационно-коммуникационных технологий в государственных органах и переход на международные стандарты предоставления государственных услуг.

Список литературы

1. Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник.-Петропавловск: Сев.-Каз. юрид. академия, 2004. - 416 с.

2. Лунев Б.М. Теоретические проблемы государственного управления. - М.: Наука, 1974. - 247 с.

3. Оболонский А.В. Государственная служба (комплексный подход). - М.: Ось-89, 2000. - 440 с.

4. Атаманчук Г.В. Сущность государственной службы: история, теория, закон, практика. - М.: Издательство РАГС, 2004. - 487 с.

5. Казахстанская правда. № 133-134 (25580-25581) 19 июля 2008 года.

6. Божко В.К. Понятие и принципы обеспечения национальной безопасности Республики Казахстан. Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2004.- 186 с.

Поступила в редакцию 19.03.2008.

Тарих – История



А. Абдакимов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет