+++ Ошақты туберкулез
51. 25 жасар науқас, ер адам. Жағдайы ауыр. Рентгенологиялық қарау кезінде: екі өкпенің барлық алаңдарында көлемі 2 мм дейін симметриялы орналасқан аз интенсивті, бір-біріне қосылмайтын ұсақ ошақты қараюлар анықталған. Қандай болжам диагноз неғұрлым мүмкін:
+++ Жедел шашыранды милиарлы туберкулез
52. 14 жасар науқас, дәрігерге жоғарғы дене қызуына, жөтелге, тершеңдікке, тәбетінің және дене салмағының төмендеуіне шағымданып келді. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғарғыалаңында орташа интенсивті, шекарасы анық емес қараю, көкірекаралықпен қосарланған, кеуде ішілік лимфа түйіндерінің үлғаюына байланысты өкпе түбірі кеңейген. Жоғары аталған мәліметтер туберкулездің келесі клиникалық түріне сәйкес келеді:
+++Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі
53. Науқас стационардан шығарылу қағазымен емханаға жалпы тәжірибелік дәрігерге әрі қарай бақылану үшін келген. Анамнезінде: туберкулезге қарсы диспансердің хирургия бөлімшесінде өкпе туберкуломасы бойынша оң жақтық сегментэктомиядан кейін шығарылған. Аймақтық дәрігер қандай
диагнозбен диспансерлік есепке алуы қажет:
+++Бұрын емделген
54. 18 жасар науқас, тұрғылықты мекен жайы бойынша емханаға келген. Жағдайы ауыр. Аздаған бас ауруына, тез шаршағыштыққа, мазасыздыққа, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Соңғы күндері бас ауруы күшейіп, бірнеше рет құсқан, дене қызуы 38,9 °С дейін көтерілген. Анамнезінен: 3 жасында туберкулезді бронхоаденит бойынша стационарда ем алған. Объективті: сұраққа жауап бермейді, сол қабағында птоз, екі жақты айқасқан қитарлық, сол жақта мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, тұрақты қызыл дермографизм, шүйде бұлшық еттерінің айқын ригидтілігі. Кернинг және Брудзинский симптомдары оң. Қандай диагноз неғұрлым мүмкін:
+++ Туберкулезді менингит
55. 48 жасар науқас, емханаға аздаған кілегей-іріңді қақырық аралас жөтелге, кеуде торында аздаған айқын ауырсыну сезіміне, тәбетінің жоғалуына, салмағының төмендеуіне, түнгі уақыттағы тершеңдікке шағымданып келді. ТМБ жағынды – теріс. Кеуде торының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде дөңгелек гомогенді емес түзіліс – диаметрі 2,5 см, айқын емес шеттерімен орташа интенсивті, өкпе түбірімен қосылған «жолағымен», бірнеше кальцинатталған ошақтар. Қандай диагноз
неғұрлым мүмкін:
+++ Дөңгелек инфильтративті туберкулез
56. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша ауылдық дәрігерлік амбулаторияға 36 жастағы науқас сирек болатын оң жақ мықын буынының ауырсынуына, бұлшықеттерінің тырысуына, жүктеме кезінде аяқатарының ауырсынуына шағымданып келді. Оң жақ мықын буынының рентгенограммасында: сан сүйегі ұшының
және ұршық қуысының буын беттерінің ұсақ секвестрлермен деструкциясы, үлкен ұршық аймағының остеопорозымен оң жақ сан сүйегінің сүйек ми каналдарының ұлғаюы. Гистологиялық – тіндік реакцияның араласқан түрі, козеозды некроз кең зоналарының гранулемалары. Сіздің неғұрлым мүмкін болатын диагнозыңыз:
+++Туберкулезды коксит ( Жамбас буыны туберкулезі)
57. 55 жасар науқас, қант диабеті бойынша емханалық есепте «қауіп тобында» тұрады. Аймақтық дәрігерге шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, субфебрильді дене қызуына, тершеңдікке шағымданып келді. Қақырықтың ТМБ бектериоскопиясы – теріс. Кеуде торы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында: оң жақ жоғарғы өке алаңында кіші және орташа интенсивті өкпе түбірімен жол арқылы байланысқан көлемі 4×5 см жиектері анық емес гомогенді емес қараю. Сіздің болжам диагнозыңыз:
+++Біріншілік туберкулезді комплекс
58. 16 жасар науқас, дәріге сезімтал туберкулездің схемасы бойынша инфильтративті туберкулезден екі ай бойы емделгеннен кейін клиникалық рентгенологиялық динамика байқалмайды. Себу әдісі бойынша рифампицинге, изониазидке және этамбутолға және левофлоксацинге көнбеушілік анықталды. Науқасты қайта тіркеу үшін емдеу режимін көрсетіңіз:
+++ 4 категория
59. Туберкулезбен ауыратын әкесімен контакттағы 14 жасар жасөспірім, шеткері лимфа түйіндерінің көлемі бұрақ тәріздіге дейін ұлғаюы 5 топта байқалады: мойын, жақасты, бұғана асты, қолтықасты, шап. Кератоконьюктивит.Физикалық дамуы аздаған қалыс. Манту сынамасына әсері: папула – 11 мм («вираж»). Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте өткізу қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |