131
шылығында көптеп кездеседі. Солар-
дың бірі –
Бұқардың адамның жас
ерекшеліктеріне берген сипаттама-
сы. Жырау әр жастағы адамдардың
көңіл күйі, сезім эмоциялары, мінез-
ерекшеліктері, түсінік-талғамдары,
сенім, қызығулары, әдет-дағдылары
бірдей болып келмейтіндігі жөнінде
де қызықты пікірлер айтқан. Мәсе-
лен, жас кезеңдерінің ішінде жігіттік
пен кәрілік
шаққа ол ерекше көңіл
бөлген. Соңғы жайт жұрттың назарын
күні бүгінге дейін аударып келе жат-
қан мәселе. Монографиялық еңбек-
терде егде – кәрі адамдардың психо-
логиялық ерекшеліктерін ғылыми
талдау беріліп, буржуазия ғалымда-
ры уағыздайтын кәрілік адам өмірін
солу, сөну шағы дейтін пікірлердің
шындыққа жанаспайтындығы, адам-
ға
қолайлы психогигиеналық жағ-
дайлар жасалатын болса, оның 100-
120 жыл жасауға да мүмкіндігі бола-
тындығы сөз болады. Мәселен, қазір-
гі геронтология (кәрілік туралы ғы-
лым) қарт адамдар сәл нәрсеге реак-
ция жасағыш, көңілшек келеді дейді.
Оларда жұрттың сын-ескертпелеріне
төзе бермейтін, өткендегіні көп аң-
сайтын,
өзі сөйлеп, мұны жұрттың
тыңдай бергенін жақсы көретін сипат
қасиеттердің жиі кездесетіндігін ай-
тады.
Қазақ ақын-жырауларының ішінен
кәрілік құпиясын ерекше үңіле қа-
раған, адамның бірі – осы Бұқар.
Оның бұл арадағы тұжырымдары
мен топшылаулары жоғарыда біз
айтқан
геронтология ғылымы белгі-
ленген қағидалардан онша алшақ
жатпайтынын аңғаруға болады. Мә-
селен: ...Сексен бес жасқа келгенде,
Екі қара көзді алар, Ауыздағы сөзді
алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіңдегі
нұрды алар, Бойыңдағы шырды алар,
Аузыңдағы тісті алар, Өлмегенде нең
қалар?! Тоқсан бес деген тор екен,
Дәйім жанның қоры екен, Қарғиын
десең екі жағы ор екен, Найза бойы
жар екен, Түсіп кетсең түбіне, Түбі
жоқ терең көл екен, Ел қонбайтын шөл
екен, – деп жырау адам қартайғанда
іс-әрекеттен қалып, қуаты кемитінін,
дене
қуатының әлсіреуімен қатар
жүйке жүйесі қызметінің, сана-сезімін
төмендететінің, әсіресе, жарлы-жа-
қыбай адамдардың қартайып қалжы-
раған кездерде жайлы жатып тұру-
ға, өзін-өзі күтуге шамасы келе бер-
мейтіндігін ескертеді.
Жырау дана қариялардың қылықта-
рын жастарға үлгі етеді. Ол қарт
адамдар өмірдің үлкен өткелінен өт-
кен,
көпті көрген, тәжірибелі келе-
тіндіктен олардың ақыл-кеңестері,
жастардың сана-сезімінің, ой-өрісі-
нің қалыптасуына зор ықпал ететінін
де айтады. «Елу бес жасқа келгенде,
Жақсы болсаң толарсың, Жаман бол-
саң маужырап барып соларсың», –
дегенде
Бұқар жырау жас мөлшері
шамалас адамдардың психологиясы
да түрліше болып келетіндігін, мәсе-
лен, кейбір ерік-жігері күшті адам-
дардың 50-60 жасқа келсе де қартая
қоймайтындығын, ал жастайынан
бос белбеу, өз тізгінін жіберіп алған
кейбір жандардың күнінен бұрын
қаудырап, қаусаған шал болып қала-
тындығын ескертеді.
Жырау адам психологиясындағы жа-
ғымсыз жақтарды, мінездегі міндер-
ді көрсетуге шебер («Қайырымсыз
итке мал бітсе,
саумал бермес ішу-
Достарыңызбен бөлісу: