129
тынасын білдіреді: I – тітіркендіргіш-
тің
алғашқы негізгі шамасы, ÄІ –
оның өсімшесі, К
-
тұрақты (констан-
та). Бір өлшемдес сенсорлық тітіркен-
діргіштерді саралау жағдайы үшін
белгіленеді. Вебер қатынасы деп атал-
ған К коэффициенті әр алуан сенсор-
лық тітіркендіргіштер үшін әртүрлі:
дыбыс жоғарылығы үшін – 0,003;
көрінетін жарық үшін – 0,02; ды-
быстардың қаттылығы үшін – 0,09
және т.б. Ол түйсінудің болар-бол-
мас өзгерісін алатындай болу үшін
тітіркендіргіш ұлғаюы не кемуі тиіс
болатын шаманы тіркейді. Бұл тә-
уелділікті XVIII ғасырда француз
ғалымы П.Бугер анықтап, кейін оны
неміс физиологі Э.Г.Вебер егжей-
тегжейлі зерттеді. Бугер-Вебер заңы-
ның одан әрі дамытылуы және түсін-
дірілуі
Фехнер заңы болып табыла-
ды (
қараңыз: Вебер-Фехнер заңы
)
.
БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ
(1685-1777)
– XVIII ғасырдың орта
шенінде өмір сүрген Бұқар жырау
өмірінің біразы хан сарайы маңында
өткен. Ақын хан мен қараның іс-
әрекетін
таразыға салып, сан алуан
өмір құбылыстарын ой елегінен өт-
кізіп отырды.
Бұқар шығармашылығын зерттеуші-
лер (М.Көпеев, С.Сейфуллин, Қ.Жұ-
малиев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұ-
қанов, М.Мағауин, т.б.) оның ислам
дініне аса қанықтығын, осы діннің
насихатшысы
болғандығын, мұны
ел басқарудың, халықты бір-бірімен
жақындастырып, татуластырудың
басты құралы деп түсінгенін ескер-
теді.
Әрине, сөз болып отырған кезеңде
қазақ қоғамы экономикалық даму,
ғылым-білім жағынан төмен дәреже-
де еді. Тек хан, сұлтан, қожа, молда-
лар ғана хат танитын. Оқудың өзі де
ислам
идеясына белшесінен батқан
діни кертартпа схоластикалық ұғым
мен шариғат шырмауында болды.
Бұқар секілді үстем таптан шыққан
бірен-саран адамдар ғана сол кезде
Орта және Таяу Шығыс елдеріне
барып,
арабтың тілі мен поэзиясы-
нан, философиясы мен дін ілімінен
сусындайтын, орта ғасырлық шығыс
авторлары жазған ғылыми трактат-
тарды оқып, ой-санасын көтеретін.
Діни – философиялық толғаулардың
біршама биігінен көрінген Бұқар-
дың да сол кездегі білімділердің бірі
болғандығына күмән жоқ.
Бұқар өлеңдері арқылы қазақ дала-
сындағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси
мәселелердің бет пердесі ашыла түсе-
ді, ол қоғамдағы барша халыққа бір-
дей былайша ақыл айтады: дүние ке-
зек, мұнда мәңгілік байлық та, жар-
лылық та, көптік те, жалғыздық та жоқ,
сондықтан кезекті дүниенің сипаты-
на орай өмір сүр. Адам халықпен бір-
ге жасайды, оларша жұртпен қосыла
қоғамға қажетті игіліктерді өндіреді,
адам
табиғатында белсенді тұлға,
әлеуметтік қайраткер. Адамды адам
ететін оның ортасы, тәлім-тәрбие.
Бірақ «бір биеден ала да, құла да
туады». Адамзаттың баласы, Атадан
алтау тумас па, Атадан алтау туған-
мен,
Ішінде оның біреуі, Арыстаны
болмас па? Арыстанның барында,
Жорғасы болса мінісіп, Торқасы бол-
са киісіп, Торламалы қамшы алып,
Толғап дәурен сүрмес пе?!, деп ол
бес саусақтың бес түрлілігі
сияқты
адамдар бір-бірінен жеке сипат қа-
сиеттерімен ажыратылып отыратын-
Достарыңызбен бөлісу: