Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет5/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
АБСТ
АБУЛ


8
де, шешімді қабылдай алмауы және 
әрекетті дұрыс жасай алмауында кө-
рініс табады. А. тәрбиенің дұрыс 
болмауынан қалыптасатын ерік-жі-
герсіздік сияқты мінез бітісінен ажы-
рату қажет, себебі ондай тұлғалық 
қасиет өзін-өзі реттеуді жүзеге асыру 
арқылы қайта шынықтыруға келеді. 
Психопатологияда терең дәрежедегі 
олигофрения жағдайында кездесетін 
туа біткен А. және мидың маңдай 
бөліктерінің қатты зақымдануының 
немесе психикалық аурудың ауыр 
түрлерінің (депрессия, шизофрения, 
психоздар, наркоманияның асқынған 
түрлері және т.б.) нәтижесі болып та-
былатын А. болады.
АБЫРЖУ
адамның қарапайым 
сезімдерінің жағымсыз бір түрі. Бұл 
түрлі үрейге бірден сене кететін, ерік-
жігері осал, өзінің жан дүниесін дұ-
рыс басқара алмайтын, білімі де, өмір
тәжірибесі де кемшін адам. Мұндай-
лардың жүйке қызметі де баяу, көбін-
де тежелуінен қозуы басым келетін 
индивид.
АВИАЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫ
(лат. 
avis
– қаз. 
құс
)
 – 
авиация мамандары-
ның іс-әрекеттерінің психологиялық 
заңдылықтарын зерттейтін психоло-
гия ғылымының саласы. А.п. ұшқыш-
тарды оқыту мен ұшу кезінде орын-
далатын істердің жай-жапсарын жал-
пы адам психикасының әуе кеңістігі-
не бейімделудегі ерекшеліктерін зерт-
теп, жоғары дәрежеде ысылған маман-
дарды даярлап шығару мақсаттарын 
қарастырады. А.п. ұшудың қауіпсіз-
дігіне, апаттардың алдын алуға, ұш-
қыштардың, сондай-ақ, басқа да авиа-
ция мамандарының еңбегі мен демалы-
сын тиімді етуге, олардың кәсіби жә-
не психологиялық даярлығына назар 
аударады.
А.п. мақсаты – ұшқыштардың, штур-
мандардың, жер үстіндегі қызмет ма-
мандарының іс-әрекеті мен дайын-
дығының психологиялық ерекшелік-
терін зерттеу, ұшу экипажының тиім-
ді және қолайлы қызметін қамтама-
сыз ету, авиацияда жұмыс істеуге кан-
дидаттарды іріктеу, ұшқыштардың 
психикасына жағымсыз әсерлерді, апат-
тарды болдырмауға бағытталған. А.п. 
ғылыми-практикалық бағыт ретінде 
XIX және XX ғасырлар тоғысында 
адамзаттың ұшқыш аппараттарды 
ойлап табуына және оларды ұтымды
да қауіпсіз басқарудағы адам факторы
рөлінің арта түсуіне байланысты пай-
да болды. А.п. негіздері физиология-
ның, жалпы психологияның, эргоно-
миканың, инженерлік психология-
ның, еңбек психологиясының, меди-
цинаның әдіснамалық және әдістеме-
лік ережелерінің ықпалымен қалып-
тасты.
Қазіргі заманғы А.п.-ның өзекті мә-
селелері: авиация мамандары іс-әре-
кетінің психологиялық құрылымда-
рын; адамның авиациялық, техни-
калық өзара әрекеттестігінің психо-
логиялық заңдылықтарын зерттеу; 
ұшу факторының психикалық жағда-
йын, ұжымдағы тұлғааралық қарым-
қатынастардың дамуына әсерін зерт-
теу; кәсіби жарамдылықты, экипаж
мүшелерінің өздерінің іс-әрекет жағ-
дайларына бейімделуін қалыптасты-
ру; апаттылық жағдайларын талдау жә-
не т.б. А.п. теориялық және практика-
лық міндеттерін шешу үшін психоло-
гия мен физиологияда (сұхбат, бақы-
лау, құжаттарды зерттеу, зертханалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет