Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет210/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАН ЖЫЛУЫ
– психологиялық 
тұрғыдан қарағанда адамдардың өз-
ара қарым-қатынасында біріне-бірі-
нің қамқорлық көрсетіп, мейірімді-
лігі мен ықылас-ынтасынан айқын 
байқалатын жайттар. Ой ішінде, от-
басындағы адамдардың біріне-бі-
рінің жанашырлықпен қарап, өзара 
сыйласымдық пен құрметтеу сезімі-
не байланысты болып отырады. Үй 
ішіндегі ересектердің кішілеріне 
қамқорлық жасап, оларға тағылым 
берерлік ықпал етуі, үйдегі балалар 
мен жасы кішілердің ата-аналарына, 
үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, 
оларға шама-шарқы жеткенше кө-
мектесіп отыру жалпы отбасы мен 
ағайын-туыс адамдар арасындағы 
сүйіспеншілікті Ж.ж. жандандыра 
түседі. Ата-аналарының перзенттерін 
болашақ ұрпағым мен өмірімнің жал-
ғасы деп санап, олар жайында қам-
қорлық көрсету де Ж.ж. маздата түсе-
ді. «Балым, балым, Баланың
 
бала-
сы – жаным» дейтін мақал Ж.ж. көр-
сетудің шарықтау шегін білдіретін 
туған әке-шеше мен ата-әжелер, ба-
лалар мен немерелер арасындағы 
сүйіспеншілікті нығайтып, адамдар-
дың жан дүниесін шаттық пен ма-
хаббатқа бөлейді. Ж.ж-ның көрінісі 
ұжым ішіндегі адамдар арасында да, 
қызметтес жора-жолдастар арасында 
да ерекше адамдардың рухани өмі-
рін байытатын психологиялық қуат-
ты фактор.
ЖАН ҚУАТЫ 
– адамның психо-
логиялық сипаттары мен психика-
лық процестерінің алуан түрлі бо-
лып, неше алуан қызмет атқаруы 
мен олардың көрінісін ұлы бабамыз, 
әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу 
Насыр әл-Фараби жан қуаттары деп 
атаған және оларға сол замандағы 
ғылым жетістіктеріне сүйене оты-
рып, адамның бойындағы жеке мү-
шелердің атқаратын қызметін де дә-
йектеп түсіндірген. Психикалық про-
цестер болып саналатын сезім мен 
түйсік, сөйлеу мен ойлау, жігер мен 
ерікті әрекеттердің бәрі 
жан қуатта- 
ры 
деп есептеледі. Ж.қ. материалис-
тік және идеалистік – діни бағыты 
бар екені философия ғылымындағы 
ертеден келе жатқан біріне-бірі қа-
рама-қарсы дүниетанымдық көз-
қарас. Жан жайындағы түсінік пси-
хологияда – ішкі ойсана сарайы. Ал 
ауыспалы мағынадағы жан түсінігі 
діни тұрғыдан қарағанда адамға, 
жан-жануарларға тіршілік беретін 
рух. Мұндай көзқарас бойынша, 
адамның тәні бар және жаны болады 
деген сенім болған. Адамның жан 
дүниесінің сыры объективті дүние-
нің субъективті бейнесі деп түсіну 
бірыңғай материалистік тұрғыдағы 
дұрыс түсінік болып табылады. Жан-
тәнмен бірге тіршілік етеді. Бұл ор-
ганизмнің табиғи өмір сүруі – шын-
дық фактор.
ЖАН ҚҰМАРЛЫҚ
– жанға әуестік, 
жан аярлық дейтін тіркестерден 
құралған түсініктің күнделікгі сөз 
қолдануымызда екіжақты мағынада 
айтыла береді: 1. 
Жанға әуестік 

адамның бас пайдасын ойлап, өмір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет