12.3.1.
Бекіре түдымдасы
Бекіре балыктар-
(Осетровые рыбы)- бұларға бекіре, қортпа, пілмай,
калуга, шоқыр, сүйрік балықтары жатады. Бекіре балықтары мүлде сүйексіз
болады. Олардың етінен әр түрлі балық тағамдарын және ысталған тағамдар
әзірлейді. Бекіре еттері көптеген кулинарлық тағамдар әзірлеуге жарайды.
Бекіре
- бекіре тұқымдасына жататын балық. Тек Каспий теңізінде, Еділ
мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-дей, массасы 200 кг-ға
дейін, 50 жылдай тіршілік етеді. 10-20 жасында ағыны күшті өзенде уылдырық
(80-840 мың) шашады. Шабағы 3 жасқа дейін өзенде өсіп жетіледі де, кейін
теңізге шығады. Ересегі үрық шапіып болысымен теңізге қайтады. Бекіре
қортпа, шоқыр, пілмай, сүйрік балықтарымен оңай будандасады. Бекіре
тұқымдас балықтардын. ішіндегі семізі және еті жүмсағы да - осы.
Бекіре балықтары саудаға суытылған, мұздатылған және ысталған түрде
түседі, сонымен қатар оны балык өнімдерін және әртүрлі балық консервілерін
өндіруде колданады.
Достарыңызбен бөлісу: |