1 – деңгей. Білу және түсіну «Халықаралық экономика»


Халықаралық саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер



бет16/58
Дата29.12.2021
өлшемі165,72 Kb.
#106250
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Байланысты:
Халықаралық экономика сессия (копия)

Халықаралық саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулер.Сауда саясаты тарифтік немесе тарифтік емес құралдар арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы сауданы шектеудің кең тараған әдісі – импорттық тарифтер: кеден (баж) салығы. Кеден салығы шетел тауарларына салынады, нәтижесінде тауарлар қымбаттайды, сұраныс азаяды. Кеден салықтары фискалдық қызмет атқарады, яғни ол мемлекет бюджетін толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Алайда импортқа салық отандық тұтынушыларға біршама зиян әкеледі, өйткені тарифтерді енгізу импорттық тауарларды қымбаттады, нәтижесінде отандық сатып алушылар қосымша салық төлейді.

Экспорттық тариф - мемлекеттің экспорттық тауарларды реттеу үшін қолданатын құралы. Экспорттық тариф ішкі бағаны әлемдік деңгейден төмендетеді, нәтижесінде ішкі тұтыну өседі де оның экспорты қысқарады. Бұл жағдайда ұлттық өндірушілер зиян шегеді, ал сатып алушылар ұтады, өйткені баға әлемдік деңгейден төмен.

Отандық өндірушілерді қорғау үшін проткционистік саясатта кеден тарифтерімен қатар баламалы әдіс, экспорттық субсидиялар қолданылады.

Экспорттық субсидиялар – үкіметтің экспорттық тауар өндірушілерге көрсететін қаржылық көмектері. Экспорттық субсидиялар бірнеше нысанда болады:

- экспортер-фирмаларға төмен пайызбен займдар беру

- шетелдерде экспорттық өнімдерді өткізу үшін үкіметтен шығындар бөлу

- экспортталатын өнім көлемін көбейту үшін салық жеңілдіктерін беру.

15. Тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік кұралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкелуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (соның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық, стандарттарға) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінін нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар .Тарифтік емес реттеу әдістері сандық әдістер мен жасырын протекционизм әдістеріне бөлінеді. Сауда саясатының жекелеген құралдары қажет болған жағдайда импортты шектеу немесе экспортты ұлғайту үшін жиі қолданылады.

Экспорттық субсидиялар экономиканық-ң экспорттық салалрының дамуына жағдайлар жасайды және ұлттық өндірушілергеәлемдік рынокта бәсекелік артықшылық тудырады.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары халықаралық саудада жаңа кедергілер пайда болды – тарифтік емес. Тарифтік емес шектеулерге мыналар жатады: а) сапа стандарты; ә) санитарлық шектеулер; б) құрал-жабдықтардың экологиялық талаптарға сәйкестігі; в) импортқа лицензия беруге шектеулер қою; г) нақты елдерде кейбір тауарлар түрін сатуға әкімшілік тиым салу.

Ең кең тараған тарифтік емес шектеулердің бірі – импорт пен экспортқа квота енгізу. Импорттық квота – импорттық тауарлардың көлемін сандық шектеу. Импорттық квотаның екі түрін ажыратады: а) абсолюттік квота – берілген елге әкелуге рұқсат етілген тауарлар көлемі; ә) тарифтік квота – төмен ставка бойынша белгілі уақыт аралығында нақты тауар әкелуге рұқсат беру.

Экспорттық квота – экспорттық тауарлар көлемін сан жағынан шектейтін әдіс. Экспорттық квота ел экономикасы үшін экспорттың алатын ролін көрсету үшін қолданылады. Мысалы, соңғы ХХ ғасырдың он жылдығында ЖІӨ -гі экспортүлесі АҚШ пен Жапонияда 10%-ды, Англия мен Францияда – 24 %-ды, Германияда – 34 %, Бельгияда – 70 %-ды құрады.

Тарифтік емес шектеулерге сондай-ақ демпинг жатады. Демпинг – экспортер-өндірушілердің сыртқы рынокта тауарларын ішкі бағадан төмен бағамен сатуы. Демпингтің тұрақты және уақытша түрлері болады. Тұрақты демпинг –фирмалардың сыртқы рынокта монополиялық пайда табу үшін ұзақ уақыт бойы тауарларын әлемдік рыноктан төмен бағамен сатуы. Уақытша демпинг – тауарларды сыртқы рынокта өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Демпингтің бұл түрі бәсекелесін рыноктан ығыстырып монополиялық билік орнату үшін уақытша қолданылады.

16. Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.

Сауда саясатының қаржылық әдістерінің кең тараған түрлері субсидия, несиелеу және демпинг.

Субсидия – бұл импорттың жанама дискриминациясы мен ұлттық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге бағытталған ақша төлемі.

Субсидия төлем сипаты бойынша мыналарға бөлінеді:

  • Тікелей.

  • Жанама.



Экспортты жасырын субсидиялау экспорттық несиелеу арқылы жүргізіледі. Экспорттық несиелеу – ұлттық фирмалармен экспортты дамытуда мемлекетпен қаржылық реттеуді қарастыратын сыртқы сауда саясатының қаржылық бейтарифтік әдісі.

Экспорттық несиелеудің мынадай формалары бар:


  • ұлттық экспортерлермен субсидияланған несиелер;


  • шетел импортерлеріне мемлекеттік несиелер;


  • ұлттық экспортерлерді экспорттық тәуекелден сақтандыру.




Экспорттық несие түрлері:


  • қысқа мерзімді;


  • орта мерзімді;


  • ұзақ мерзімді.




Демпинг – сол елдегі экспорттық бағаны нормалды баға деңгейінен төмендету есебінен сыртқы нарықта тауар қозғалысынан көрінетін сауда саясатының қаржылық бейтарифтік әдісі. Демпинг формалары:


  • кездейсоқ пайда болатын демпинг;


  • қасақана істелген әрекет демпингі;


  • тұрақты демпинг;


  • кері демпинг;


  • өзара демпинг.



17. Халықаралық капитал қозғалысы-нақты экономикалық құбылыс, капитал өз елінен басқа елге ауысқан кезде,басқа елден үлкен табыс алу мақсатын қояды. Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды.Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы – ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет