1. Ақ жол газетінің зерттелуі


а) Топонимизация тәсілі дегеніміз жалпы географиялық терминдердің (детирминативтердің) ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуы



бет22/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс
3 тоқсан БЖБ алг 9 сынып
а) Топонимизация тәсілі дегеніміз жалпы географиялық терминдердің (детирминативтердің) ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуы.  Арал, Бетпақ, Сырдария, Әмудария, Аманкөл, Ақтөбе, Төрткүл, Ақсу, Көкшетау, Сасықкөл, Бескөл.
ә) Трансонимизация деп – антропонимдердің (кісі аттарының) ешбір қосымшасыз топонимдерге айналуын айтамыз. Бұл тәсіл арқылы қалыптасқан топонимдерді романнан көп болмаса да кездестіруге болады. Мысалы: Калмыков, Пугачев, Волостной, Күрлен, Ямбулатов, Әлібек, Жүніс, Қабанбай, Шұғыл, Жақсыбай, Құрманбай, Сүгірбай, Шортанбай, Айым қышлағы Қазанғап т.б.
Трансонимизация тәсілі арқылы жасалған топонимдерді топонимика ғылымында антропонимдер деп атайды. Бұл тәсілдер арқылы қазақ тілінде көбіне микротопонимдер пайда болады. Трансонимизация тәсілін қазақ топонимиясындағы өнімді тәсіл деп айтуымызға болады. Ал, Кісі аттарының топонимдерге, топонимдердің кісі аттарына ауысу процесі ежелден келе жатқан лингвистикалық және тарихиэтнографиялық құбылыс.
б) Транстопонимизация тәсілі – топонимдердің бір кластан екінші бір класқа ауысып, жаңа объектінің атауы ретінде жұмсалады. Бұл тәсіл арқылы жасалған жер-су атаулары да газет те кездеседі.
Мысалы: Сырдария 1) өзен атауы, гидроним, 2) аудан орталығы, ойконим; Өлеңті -

  1. өзен атауы, гидроним, 2) кеңшар орталығы, ойконим; Ақмешіт 1) үңгір атауы, 2) болыс атауы 3) үйез атауы 4) қала атауы ойконим; Аңқаты 1) өзен атауы, гидроним, 2) кеңшар орталығы, ойконим; Арал 1) теңіз атауы, гидроним, 2) аудан орталығы, ойконим; Шаған 1) өзен атауы, гидроним, 2) елді-мекен атауы, ойконим; Жоңғар –

  2. таудың аты, ороним, 2) елді-мекен атауы ойконим; Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Бұл тәсілдің өнімді қолданылуы олардың бүгінгі топонимиялық жүйемізде толық орныққандығын білдіреді.
1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет