Қорытынды
«Ақ жол» кітабының ғылымның түрлі саласына зерттеу нысаны бола алатына көз жеткіздік. «Ақ жол» газетінің бетінде 1920-1924 жылдар аралығындағы тарихымыз үшін құнды деректер жарияланған. Қазақ халқының білімге назар қойғанын, оқулықтың сапасын назарда ұстағаны, шетелдік жаңалықтардан құр қалмағанын, болашақтың қайнар көзі балалар екені, жастады жігерлендіру арқылы білім мен ғылымға тартқандығын көреміз. Алаш зиялылардың бүркеншік атпен ел ішіндегі жағдайды жақсартып, мемлекетіміз бен мемлекеттік тілімізді сақтаудағы жазған мақалаларын талдап, оқи аламыз. Бұл біз үшін өте құнды дерек.
Газет - халықтың рухани, мәдени өмірінің айнымас бөлшегінің сипаты болғандықтан ондағы ономастикалық атаулар: адам аттары, нақты жер-су атауларын, сол кездегі партия мен үкімет атауларын, газет-журнал атауларын зерттеу ономастикалық кеңістікті қалыптастырады. Ал ономастикалық кеңістік арқылы тарихты білуге болады. Сол үшін де газеттің ономастикалық кеңістігін жасау керек. Бізде осыған сүйене отырып «Ақ жол» газетіндегі онамастиканы зерделедік. Жоғары аталған салалардың барлығы гезет бетінде кездеседі, сондай-ақ тарихи деректердің нақты қайнар көзі бола алады.
Онамостиканы зерттеу нысанына арай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика деп бөлуге болатынын көреміз. «Ақ жол» газетінің 1-2-кітабында ең көп кездесетін түрі антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады. Екінші географиялық атауларды зерттейтін топонимика кездеседі. Жоғарыда айтылған космонимдер мен астронимдер, зоонимдер, фитонимдер кездеспейді. Суперанскаяның жіктеуіне сүйеніп, «Ақ жол» газетіндегі кездесетін атауларды төмендегідей топтастырдық:
а) тірі және тірі деп қабылданатын тіршілік иелерінің атаулары:
- антропонимдер – адамның жеке есімі;
ә) жансыз заттардың атаулары:
- топонимдер – елді мекен атаулары;
в) күрделі заттардың жалқы аттары:
- кәсіпорындардың, мекемелердің атаулары;
- хрононимдер – тарихи маңызды уақыт кезеңінің атауы;
- мерекелердің, мерейтойлардың, мерекелердің атаулары; оқиғалардың, соғыстардың атаулары;
- әдебиет шығармаларының атаулары;
- құжатонимдер;
- табиғи апаттардың атаулары;
- фалеронимдер – кез келген орденнің, медальдың жалқы аттары.
«Ақ жол» газетінің 1-2-кітабында кездескен кісі есімдері сол тұста белсенді болған қазақтың зиялы азаматтарының нақты дәлелі бола алады. Газеттің ресми бөлімінде жарияланған деректерде Алаш зиялыларының есімдерімен қатар атқарған салиқалы істерінде көре аламыз. Сол тұста жарық көрген еңбектердің авторлары ретінде де жазылған. Газетте көркем шығарма өте аз жарияланғандықтан, кейіпкер атаулары да сәйкесінше аз. Нақты сол тұста өмір сүрген адамдардың тегі мен аты берілген. 1-2-кітап арқылы бүркеншік атпен жүрген Алаш зиялылары да белгілі болды. Ең жиі қолданылған кісі есімі – Сафаров, Қожанов.
«Ақ жол» газетіндегі географиялық атаулар қазақ елінің шекарасы мен аралас құралас болған елдермен әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасын білдіреді. Топонимдер де мәтін ішінде мәтін түзуші қызмет атқарып, көптеген ақпарат береді. Ең жиі қолданылған топоним – Түркістан. «Ақжол» кітабының 1-томында 628 рет кездеседі екен. Түркістан республикасы, Түркістан үйезі, Түркістан облысы. Одан кейін Ақмешіт атауы.
Күрделі заттардың жалқы аттарды саяси терминдерге байланысты атауларда көп көруге болады. Өйткені газетте ресмилік басым.
Бұл атаулар қатып қалған әлем бейнесi немесе қазақ даласы емес, өз бастауы бар, ұзақ ғасырлар бойы адам өмір сүріп жатқан елді мекеннің «Ақ жол» газетіндегі көрінісі ғана. Бұл тарихи дами беретін, жалғасын табатын, тоқтаусыз үдеріс. Жер-су атауларының қалыптасуы – адамзат тарихындағы маңызды қадам, себебі жер-су атаулары өмір бойы адамзаттың қоғаммен тығыз байланысты елді мекенге ие болу құқын бекітті. Жер-су атаулары – нағыз өркениеттің алғашқы нышаны, Жердің тарихы- елдің тарихы, елдің тарихы, мемлекеттің тарихы.
Шетелдік онимдер деп қарастыруымыздың басты себебі сол кезде «Ақ жол» газеті арқылы қазақ халқы төрткүл дүниенің жаңалықтарын біліп отырғанына дерек бола алады.Газет бетіндегі «Ішкі хабар» айдары еліміздегі онимдерден сыр шертсе, «Сыртқы хабар» айдары шетелдік онимдерден хабар береді.
«Ақ жол» газетіндегі кісі аттарының басым көпшілігі екі сөзден біріккен, яғни біріккен тұлғалы болып келеді. Көбінесе, сын есім мен зат есім, етістік пен зат есімдердің бірігуі арқылы кісі аттарына жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |