1. Ақ жол газетінің зерттелуі


Қосымшалар арқылы жасалған атаулар



бет20/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс

Қосымшалар арқылы жасалған атаулар

Топонимдер жасауда қосымшалардың алатын орны әр тіл тобында әр түрлі.Түркі тілдерінде бірігу арқылы жасалған атаулардан кейін қосымшалы атаулар келеді. Ал словян тілдерінде В.А.Нихоновтың айтуынша «африкация бірінші орын алады».
Әр тілдің өзіне тән қосымшалары болуының және ол қосымшалардың жиі қолданылатыны, сирек қолданылатыны болатыны атауларды дихрониялық тұрғыдан зерттеуде көп көмектеседі. Атаулардың құрамында кездесетін көне жұрнақтар арқылы сол атаудың қай елдікі екенін, жуық шамамен қай кезге жататынын да анықтауға болады. Жұрнақтардың мұндай қасиетін В.А.Никонов «таңбаланған атомға» теңеп, халықтардың тарихи қозғалысын анықтауға пайдасы тиетінін айтады.
Талдау барысында аймақ оронимдерін жасауда өнімді қосымшаларға тәуелдік жалғауы, қатыстық сын есім жұрнағы-лы,-лі, етістік негізді қосымшалар жатқызылды. Қазақ тілінде етістіктерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақ-шы-ші т.б. қосымшалардың топоним жасауда ғана өніміміз қосымшалар деп табылғанын айта кету керек. Өйткені бұл жұрнақтар арқылы жасалған оронимдер аз кездеседі.
Тәуелдік жалғауы арқылы (изафет) жасалған оронимдер.
«Ақ жол» газетінде орнимдерінің қосымша арқылы жасалғандары 400 дей десек, оның басым үлгі тәуелдік жалғаудың еншісіне тиеді. Олар 156 атауда кеэдеседі және барлығы дерлік изафеттің бірінші (толық), екінші (ілік септігі жалғауы жасырын және үшінші (жалғаусыз) түрлері арқылы байланысқан [18,116] Мысалы;
1.Ақсудың қарсы. Мыңбиенің қазынасы, Обаның үсті.
Изафеттің бірінші (толық) түрі сан жағынан аз болып, объктінің нақты біреудің не бір нәрсенің меншігі екенін білдіреді.
2.Алқым аузы, Байбөрді асуы, Баны дарасы.
Мұндай тіркестер меншіктік мағынамен қоса белгінің , сананың затқа қатысын білдіреді.
1. Алматоғай, Асылбай баспа, Балабейіт, Қамбар қора.
Қатыстық сын есім жұрнағы –лы,-лі арқылы жасалған орнимдер.
Түркі тілді топонимдер жасауда белсенді бұл жрнақтәуелдіжалғауы оронимдерден кейін екінші орын алады.
Түркі тілді топонимдер туралы әдебиеттерде бұл жұрнақ туралы аз айтылған жоқ. Атап айтқанда В.Н Попова, С.А.Сультаньяев, М.Т.Муминов, Г.Ф.Саттаров,Т. Жанұзақов т.б. ғалымдар қатыстық сын есім жұрнағы бар топоним бір нәрсенің бар және молекенін атап көрсететінін мақұлдайды. Бұл жұрнақ көне түрік жазба ескерткіштерінде де осы мәнде кездеседі: бұқаралы, екілі, белгілі [20, 79].
Бұлжұрнақ (-лы,-лі,-ды,-ді) әуел бастан атрибуттық мағынадағы
сын есім жұрнағы. Манғол тілінде –тай, -туй,-нт, -т, түрінде келеді. Мысалы; Алтай-Алтынды, Бақыт-Бақалы т.б.
Етістік қосымшалары арқылы жасалған оронимдер.
Түркі тілді топонимдердің бір ерекшелігі етістіктердің мол кездесуі десек, оның ішінде өнімдісі есімше жұрнақтар.
Өткен шақ есімше көбінесе көпкиізді оронимдер құрамында келіп, бағыныңқы сыңарда да, басынқы сыңарда да тұра келеді: Ақтүйеөлген, Аюжайкалған Құлағанжар т.б. Бұлар мағынасы жағынан бұрын болған бір оқиғаны баяндап тұрғандықтан, фразаға жуық келеді. Етістікті фраза топонимге айналғанда субстантивтеніп, сол оқиғаның болған орнын, адресін көрсету бірінші орынға шығады. Онда біздің санамызда Ақтүйеөлген (жайлау)т.б. сияқты толық ұғым пайда болады.
Болжалды келер шақ есімшелер Жалар, Жолар, Қаңсар, Майемер т.б. түрінде кездеседі. Бұл жұрнақ аз болса да, көкеден келе жатыр. (олар)
Топонимге айналғанда сол жердің өзгермейтін бір белгісін, қасиетін атап, көрсетумен құнды. Мәселен, Майемер сол жердің шөбі құнарлы, отты екенін, бұл жерді жайлаған ел үнемі май еметінін көрсетіп тұр. Майемердің бұл қасиеті ел аузында былай айтылады: «Жоңғардан азап етілген атамекеніне көшіп келе жатқан Мая би бастаған Қаратай елі осы жерге жетіп қонады. Таңертең тұрса, жолдан арып, шаршап келе жатқан аттары, басқа малдарды күндегідей гөрі қунақы, тың екені байқалады. Сонда, Мая би былай деп толғапты: «Аш-арығың тойынатын жер екен, өңшең семіз сойылатын жер екен, бір-ақ күнде шыр қонатын жер екен, жұмбағы мол сыр тұтатын жер екен, мен осы жерге Майемер деген атты лайық көріп тұрмын, бұдан былай жер аты Майемер болсын»
Өлке оронимдерін жасаудағы өнімсіз қосымшалар
1.-ма, -ме.
Бұл қосымшалар тәуелдік жалғауы мен қатыстық сын есім жұрнағымен анағұрлым аз кездеседі. Сөйте тұра топоним жасауда өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Мәселен-ма,-ме омоним жұрнағы жеті ороним жасаған: Айналма, Жалама, Күркіреме.
Етістіктің бөлімсіз түріне омоним болып келетін-ма,-ме жұрнағы етістіктен туынды зат есім мен туынды сын есімді бірдей жасай береді. А.Ысқақов оларды ажырату үшін заттың немесе сындық мағына беруіне қарау керек дейді. Жоғарыдағы 3 атау барлық топонимдер секілді субстансивтеніп тұрғанымен, шын мәнінде етістіктен туған сын есімдер: Айналма (жол), Жалама (қия), Күркіреме (бұлақ)
2. –шы, -ші
Келесі бір өнімсіз жұрнақ –шы,-ші көптеген ғалымдардың айтуынша (С.С Губаева, Х.Шайхард т.б.), топоним жасауға қатыспайды. Өйткені топонимге олар даяр күйінде келген Г.И.Донидзе бұл жұрнақ туралы былай дейді: «-шы, -ші жұрнағы қайраткерлік мағына білдіріп, зат есімнің белгілі бір дәрежесін құрағаны болмаса, ешқандай топонимикалық мәнге ие емес» кездесетін мұндай оронимдер де бар. Арашы, Қойшы, Тойшы, Тараншы. Осы атау да адамның кәсібі, қайраткерлігі мағынасында келіп, сол адамдардың мекенін білдіру мақсатында топонимге айналған. Атауға негіз болу үшін, ол адамдардың есімі емес, кәсіби маңыздырақ болған. Өйткені бұл кәсіп иелері елден жырақ, оңаша отыруға тиісті.
3. –ша, -ше
Оронимдер тізімінде –ша, -ше омонимді жұрнағы арқылы жасалған төрт атау: Астауша, Қызылшақайың, Маңдайша, Томпақша. Мұндағы Қызылқайың атауы –ша, -ше жұрнағының сын есімге жалғанып, белгінің шама-шарқын білдірсе, қалған үш атау да зат есімге жалғанып, кішірейту ұғымын білдіріп тұр.
Жер-су атының құрамында келгенде бұл жұрнақ ұқсатудан гөрі сынның әлсіреген, зат көлемінің кішірейгенін білдіретініне күмән келтіруге болмайды.
Қалихан Ысқақов шығармаларындағы оронимдердің қосымшасы түрлерінде бұлардан басқа да әр түрлі мән, реңк үстейтін өнімсіз жұрнақтар кездеседі. Атап айтқанда:

  1. –ық, -ік (Киік)

  2. –лық, -лік (Арқалық)

  3. –шық, -шік (Бөршік)

  4. –қы, -кі (Алаңқы)

  5. –ақ, -ек (Мойнақ)

  6. –дақ, -дек (Құмдақ)

  7. –ғақ, -гек (Тигек)

  8. –ақ, -ек (Сардоғалақ)






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет