1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер


Абай қара сөздеріндегі сөз тіркестерінің синтаксистік сипаты



бет6/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

Абай қара сөздеріндегі сөз тіркестерінің синтаксистік сипаты



Тіл – қарым-қатынас құралы. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің сөйлем құрауға қатысатын материал екені бірауыздан мойындалған. Дей тұрғанмен, сөз тіркесінің тек қана сөйлем құраушы қызметпен ғана шектелмейтіні, оның тіл бірліктерінің бір-бірімен тіркесіп келіп тілдік қатынас жасауда жанама қызмет атқаратыны ғалымдар тарапынан дәлеледеніп жүр. Мәселен, ғалым М.Балақаев: «Сөз де, сөз тіркестері де, сөйлем де – тілдің барлық коммуникативтік қызметін ортақтаса атқаратын единицалар. Оның негізгі арнасы сөйлем болса, сөз бен сөз тіркестері сөйлем ішінде, сөйлемге қатысы арқылы, бір қатары бола тұра коммуникативтік қызмет атқарады» [12, 95-б.] дейді. Ғалымның бұл пікірі бойынша, сөз тіркесінің коммуникативтік қызмет атқаруға қатыса алатынын түсінуге болады.
Сөз тіркестерінің коммуникативтік қызметі сөйлеммен байланысты екені К.Ахановтың «... сөз бен сөз тіркесінің комуникативті қызметке қатысы жоқ деген ой тумауы тиіс. Мұндай қызметті олар да атқара алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолдану арқылы атқара алады» [13, 270-б.] деген тұжырымында келтірілген.
Профессор Ж.А.Жақыпов «Қазақ тілі функционалдық синтаксисі (контекс проблемасы)» атты докторлық диссертациясында «Сөз тіркесі – орамды тілдің ой жалғастыру мақсатында дайындалған құрылымдық тетігі» деп анықтай отырып, өз ғылыми тұжырымын: «Сөз тіркестерінің таза коммуникативтік емес бірліктер екенін мойындай отырып, біз оның орамды тілге (связная речь), коммуникативтік қызметке жанама көмекші қатысы бар екенін мойындауға тиіспіз» [14, 20-б.] деп қорытады. Ғалым сөз тіркестері мен сөз формаларын коммуникативтік емес бірліктерге, ал сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік, контекст, мәтінді коммуникативтік бірліктерге жатқызады. Автор бұл жерде «сөз тіркесінің негізі болатын тіркесудің тәсілдері мен түрлерін» ескере отырып, сөз тіркесін коммуникативтік емес бірлік деп қарастырады.
Тіркескен сөздердің сөз тіркесі болып танылуының біраз шарттары бар. Соны санамалап өтсек.
М. Балақаев пен Т. Қордабаев «кез келген сөзді бірімен бірін тіркестіре салуға болмайды, өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында келеді» дейді [15,16-б.]. Ғалым К. Аханов: «Синтаксистік сөз тіркесін құрастырушы сыңарлар сөздердің лексикалық тіркесімділігіне бағынбай, өзінше тіркесе бермейді. Синтаксистік сөз тіркесі дегеніміз еркін сөз тіркесі, бірақ оның еркіндігі сөздердің лексикалық (мағыналық) жақтан тіркесе алу мүмкіндігіне негізделеді» дейді [16,190-б.]. Ғалымның бұл пікірі бойынша, синтаксистік тіркесімділікке қарағанда, лексикалық тіркесімділіктің мәні, қызметі ерекше екендігін түсінуге болады.
«Кез келген сөз тіркесі құрамындағы сөздер, әсіресе еркін тіркесте, ең алдымен мағыналық жағынан үйлесуі қажет. Сонда ғана олар бір-бірімен тіркесе алады. Бұл жағдай тек лексикалық қана емес, синтаксистік тіркесімділікке де тән» деп анықтаған «Қазақ тіліндегі семантикалық валенттілік» еңбегінің авторы Г.Сыздықова: «Семантикалық валенттілік «мазмұн-мәтін» моделінде де қолданылады. Мысалы: біреуді басынан сипау, біреудің басын сипау. Бірінші жағдайда сипау етістігі екі сөзбен (біреуді, басынан) табыс және шығыс септіктері арқылы, екінші жағдайда тек бір ғана сөзбен (басын) табыс септігі арқылы семантикалық валенттілік байланысқа түсіп, синтаксистік валенттілікпен табыс септігі арқылы сәйкестенген [17, 20-б.]», -деп семантикалық валенттілікті синтаксистік валенттілікпен байланысын анықтауда мәтін моделіндегі меңгеру тәсілін ерекше атап өтеді.
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формаларына баса назар аударған ғалым Т.Сайрамбаев болатын. Ол синтаксистік бірліктер арасындағы байланыс түрлері туралы: «қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстырып, сөз тіркесін жасауда жалғаулармен бірге форма тудырушы қосымшалардың қалай да қызметі бар деген қағида айқындалады. Жалпы қазақ тілі материалдарына қарағанда меңгеріле, матаса байланысқан сөз тіркестерінің жасалуында жалғаулардың орны ерекше. Ал қабыса байланысқан сөз тіркестерінде сөздердің орын тәртібімен бірге ондай кезде жұрнақтардың да қызметі ерекше» [18, 123-б.], - деп сөз тіркесінің құрылымдық ерекшеліктеріне, сөз таптарының тіркесімділігіне қатысты тың пікір келтірген болатын. Қазіргі нормативті грамматикалардың ешқайсысында жұрнақтардың сөз тіркесін байланыстырудағы қызметі туралы пікірлер келтірілмесе де, бұл пікір соңғы зерттеулерде дамытылып жүргені анық. Мысалы, жоғарыда келтірілген ғалым пікірімен келісе отырып зерттеуші Ә.Жетпісбай «Синтаксистік тіркесімділік және етістікті сөз тіркестерінің құрылымдық модельдері» атты зерттеуінде: «Етістік пен етістік құрылымды сөз тіркестерін байланыстыруда етістік тұлғаларының байланыстырушылық қызмет атқаратындығын мойындауымыз керек» [19, 14-б.], - дейді де: «Етістікті сөз тіркестерін көсемше+етістік құрылымды, есімше+етістік құрылымды, шартты рай+етістік құрылымды ҚБ ЕСТ (қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері)» деп бөліп сөз тіркесін жасауға қатысатын тұлғалар туралы пікірді ғылыми тұрғыда дамыта түседі.
Осындай сөз тіркестері табиғатындағы өзгерістерді «қара сөз» мәтіндерінде тіркескен сөздердің байланысу түрлерінен, тәсілдерінен, грамматикалық қатынас түрлерінен де көруге болады.
Абай қара сөздерін оқып отырғанда еріксіз назар аудартатын «кейбір грамматикалық тұлғалар» бар. «Кейбір грамматикалық тұлғалар» деп айтып отырғанымыздың өзі шартты ұғым. Өйткені аталған мәтінде синтаксистік конструкцияларды құрауға қатысатын қазіргі әдеби тілімізде қолданылып жүрген әдеттегі морфологиялық тұлғалар да кездеседі. Ғалым Р.Сыздық Абай тіліндегі сөз таптары мен сөйлем мүшелерін тізіп, олардың септелуі, тәуелденуі деп түгелдеп көрсетудің еш қажеті жоқ екенін тілге тиек етеді. Расында да мәтіндегі сөз тіркестерін есімді, етістікті деп жіктеп, байланыс түрлері мен тәсілдеріне ажыратудың маңызы жоқ. Сондықтан да қара сөз мәтіндерінің синтаксистік құрылысындағы құбылыстарды анықтауда сөз бен сөзді байланыстырып, сөз тіркестерін түзуде қызмет атқарып тұрған кейбір грамматикалық тұлғаларға ғана тоқталып өтеміз.
Ғалым Т.Қордабаев: «Абайдың кейбір сөздерінде кітаби тіл үлгілері, кітаби тілдің сөз саптау, сөйлем құрау тәсілдері де кездесіп отырады. Абай қара сөзінде қазіргі әдеби тілімізде қолданудан қалған немесе қалып бара жатқан грамматикалық формалар, жалғауыш дәнекерлер, сөз тіркестері мен сөйлемшелер де кездесіп отырады» [20, 30-б.], - дей келе, -ар тұлғалы есімшенің барыс септігінің орнында қолданылуы; -мақ, -мек формалы сөз тіркестерінің қолданысы; -тұғын есімше тұлғасының қолданысындағы ерекшеліктерді сөз етеді.
Абай қара сөздерінің тілі мен Абайға дейінгі әдеби тілде -ар тұлғалы есімшенің анықтауыштық қатынаста келіп атрибуттық қызметте мол жұмсалғанын көруге болады. Мысалы, Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер. Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер. Қайта кірер есікті қатты серіппе (Мақал).
Қазіргі әдеби тілімізде бұл тұлғаның атрибуттық қызмет атқарып, анықтауыш болып келуі өте өнімсіз, жоққа тән . «Қазақ грамматикасының» баяндауы бойынша, «-ар, -ер, -p формалы есімшелер әркез келер шақ мағынасын білдіреді» [21, 532-б.]. Атрибуттық қызметте қолданылған -ар тұлғасының бүгінде болжалды келер шақ мағынасында қолданысқа түсуі басымырақ.
Сонымен, -ар тұлғалы сөз тіркестерінің Абай тіліндегі қолданысын сипаттар болсақ, былай болып шығады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет