1. «Адамзат баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж» тұжырымына қатысты өз көзқарасызды дәлелдеп жазыңыз. Жм


С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз. (ҚГ)



бет4/15
Дата14.05.2022
өлшемі94,56 Kb.
#143166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЭССЕЛЕР 2021

8. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз. (ҚГ)
Дос – сені ешқашан жарты жолда тастап кетпейтін, қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісетін, ешнәрсемен бағаланбайтын, ұлы жан. Өмірде достықтың екі түрі кездеседі. Олар арам дос және адал дос. Сәкен Сейфуллин атамыздың «Сыр сандық» өлеңінде осы екі түрлі жан туралы керемет сипатталып, арам дос пен адал достың ара жігін айқын ашып көрсетеді. Менің ойымша «Сыр сандық» өлеңінде нағыз досқа тән қасиеттер ерекше баяндалған. Ендіше, өлеңде жазылған адал досқа тән қасиеттерге талдау жасап көрейін.
Нағыз дос – досымен бірге өмірдің ыстық-суығына төзіп, досы қуанса қуанып, қиындыққа тап болса қол ұшын беруге аянбайтын жан.Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Сәкен атамыз мұндай қасиетті:
Нағыз достар, бір-ақ қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен,- деп суреттейді
Өлеңдегі: «Күй шертуге анда-санда, сырласарлық жан керек»,-деген жолдар адамға ішкі сырын ашатын жан керектігін аңғартады. Себебі адам сырласқан кезде керемет бір әсер алып, жан дүниесі ерекше күйде қалады. Әрине, әр адамға сырласар жан табу оңайға соқпасы анық. «Сыр сандық» өлеңінде:
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін
Достың досы-ақ ақтарған,- деп Сәкен атамыз адам баласының ішкі сырын берік қоймаға теңейді. Оны ақтаруға кез келгеннің қолы жете бермейді. Тек нағыз дос ғана ақтара алады. Нағыз достың тағы бір ерекше қасиеті - қолында барының бәрін досы үшін бере алады деп ойлаймын. Сәкен атамыз адал достың қасиеттерін сипаттап келіп:
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама,-деп арам достың арам пиғылынан сақтандырады.
Қорытындылай келе, дұрыс дос таңдай білу - өмірлік мақсаттардың бірі. Егер қасыңда жақсы досың болса, сен өмірдегі бақытты жанның бірісің. Жақсы дос сені ешқашан жарты, жолда қиыншылықта тастап кетпейді. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Сәкен атамыздың да «Сыр сандық» өлеңі арқылы жеткізбек болған ойы осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет